|
Сөйлесейік |
|
 
|
| Санақ |
Қазір онлайн: 0 Қонақтар: 0 Қолданушылар: 0 |
|

Дайджесттер Жаңалықтар Пікірлер
Ыстамбұл.15 қаңтар. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Бүгін
Ыстамбұлдағы "Қaзaқ кент" ayылында Түркиядағы қандастарымыздың
көшбасшысы болған, Қытай Республикасы Парламентінің және Тайвань Парламентінің
депутаты, Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін Дүниежүзі қазақтары қaуымдaстығы
Төрaлқaсының мүшесi болған Дәлелхан Жаңалтай дүниеден озды.2001 жылы Д.Жаңалтайды Қазақстан Республикасы Президенті
Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің 10 жылдығы медалімен, 2008 жылы «Парасат»
орденімен марапаттады.Дәлелxaн Жaнымxaнұлы Жaңaлтaй, 1922 жылы 15
мaусымда Aлтaй aудaны (қaзіргі Қытaй Xaлық Республикaсы, Шынжaң-Ұйғыр
aвтономиялық өлкесі) Өрмегейтi жaйлaуындa дүниеге келген. Қaзaқ жоғaрғы
мектебiн және дiни медресенi бiтiрген. 1940 жылы Өлкелiк
"Қaзaқ-Қырғыз" құрылтaйының Aлтaй aймaғы бөлiмiнде құрылтaй өкiлi
болып қызмет iстедi.1945 жылдың бaсындa Шынжaң өлкелiк үкiмет бaстығы У Жу
Шидың нұсқaуы бойыншa тыныштық орнaту үшiн комиссия мүшесi болып Aлтaйғa бaрды.
Сондaй-aқ, сол жылы солтүстiк-бaтыс әскери-сaяси және әкiмшiлiк мекемесiнiң
Шынжaң бөлiмiнде генерaл Жaң Же Жуң ... Әрі қарай оқу»
|
 Бүгінгі таңда әлемнің тоғыз мемлекетінен қандастарымыз атамекенге оралып, ата-бабамыздың қанымен келген қазақ даласында қам-қайғысыз өмір сүріп жатыр. Ал қазақ елінің солтүстік өңіріндегі Кереку (Павлодар) жерінде шет мемлекеттен келген қазақ бауырларымыз көптеп шоғырланған. Атап айтсақ, 6900-дей отбасында 31500 мыңдай адам тұрып жатыр. Олардың арасында ұстаздық жолды ұстанып, көп жылдар бойы білім беру саласында қызмет атқарып, жас ұрпақтың білім нәрімен сусындауына өз үлестерін қосып жүргендері де жетерлік. Осы орайда өңіріміздің білім саласында нендей өзгерістер орын алып, өрлеу жолында қандай игі істердің атқарылып жатқанын білу мақсатында Павлодар облыстық білім беру басқармасының бастығы Бексейітова Бақыт Мақанқызымен әңгімелескен едік. Осы сұхбатымызды оқырман назарына ұсынамыз.
- Басшылық қызметте қанша жыл жұмыс істеп келесіз?
- Мамандығым – математика пәнінің мұғалімі, 30 жылдан астам уақыттан бері білім беру жүйесінде қызмет атқарып келемін. Еңбек жолымды математика пәнінің ... Әрі қарай оқу»
|
 Құрметті достар! Сайтымыздың тұрақты қолданушылары мен қонақтары! Баршаңызды келіп жеткен Жаңа 2012 жылмен құттықтаймыз! Еліміздің барлық жаманшылығы өткен жылмен бірге кетсін, өткен жыл қайғылы оқиғаларға толы болды. Еліміздің тарихында болмаған жағдайлар болды.. Енді халқымызға тек сабыр, ал билікке әділ болуын тілейміз.Алдымыздағы жаңа жылда әрқайсымыздың жанымызды шуаққа бөлеген қуанышты сәттер мен жақсы жаңалықтар көп болсын.Қазағымызды қайғы жемесін, Қазағымыз бөлінбесін! Үш жыл бойы сайтымызбен бірге келе жатсыңдар, сондықтан сендер сайтымыздың ең жақын достарысыңдар! Сендердің орындарың ерекше! Жаңа жыл мерекесін әрбір адамзат баласы асыға тосып, сағына күтеді. Бұл күні әрбір шаңыраққа бақ пен береке, қуаныш пен шаттық, татулық пен сыйластық тілейміз! Жаңа жылда алға қойған арман-тілектеріңіз орындалып, тек қана табыс пен жақсылықтың жылы болғай! 2012 жылы халқымызға жайлы болсын! Қазақ ұлты бірлік арқасында барлық қиындықтарды жеңіп, жаңа жетістіктерге жетсін! Тәуелсіз Еліміздің Көк байрағы мәңгі желбіресін!
... Әрі қарай оқу»
|
 Ел Тәуелсіздігінің 20 және Павлодар қаласындағы Мәшһүр Жүсіп мешітінің 10 жылдығына орай өңір қаламгерлерінің арасында қазан айында «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» атты шығармашылық бәйге жарияланған болатын. Шариғатқа сай қолөнер туындылары, дін, патриоттық тақырыптағы өлеңдер, танымдық, имандылық тақырыбындағы мақалалар номинациясы бойынша өткен шараға алпысқа тарта үміткер қатысты. Соның ішінде Сүлеймен Баязит, Еркін Мұндуинов бастаған белгілі қаламгерлер мен жас өрендер бақ сынаған болатын. Жуықта жазушылар мен ғалымдардан, мұражай қызметкерлері мен мешіт имамдарынан құралған қазылар алқасы аталмыш шығармашылық бәйгенің қортындысын шығарды. Жүлдегерлер мен жеңімпаздарды анықтауда, шығарманың немесе туындының мәні мен маңызы, шариғат заңдылықтарына сәйкестігі ерекше ескерілді. Сонымен «Шеберді шебер дегенше» деп аталған қолөнер шеберлері аталымы бойынша Павлодар қалалық №25 орта мектеп ұстазы Наркез Қайса жетекшілік еткен оқушылардың ұжымдық шығармасы үздік деп танылды. Ал, жазба ақындар арасындағы «Жүректің көзі ашылса...» атты аталымы бойынша өңі ... Әрі қарай оқу»
Санаты: Дін |
Қараулар саны: 67 |
Уақыты: 28.12.2011
| Рейтингі: 5.0/1
| Түсініктер (0)
|
 Сайтымызға жеткен жақсы бір хабармен арнайы бөліскіміз келіп отыр. Соңғы жылдары кейбір лауазымды адамдар елімізге келіп жатқан оралмандар білімдері жеткіліксіз деп айтқандары көпшілікке белгілі. Олай емес екендігін талай мақалалар растады - 1991 жылдан бастап елімізге оралған азаматтардың ішінде талай ғылымдардың докторлары мен кандидаттары бар... Бүгінгі күні олар Қазақ Елі үшін еңбектерін аямай істеп жатыр. Сонымен қатар, елімізге келіп, еңбек етіп жүріп, ғылыми дәрежелерін көтеріп жүрген отандастарымыз да аз емес. Солардың бірі - Еркін Жанайхан, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, 1968 жылы Моңғолияның Баян-Өлгей аймағының Өлгей қаласында дүниеге келген. 1984 жылы Болгар мемлекетінің София астанасындағы Музыка академиясына қабылданып, 1993 жылы «Опера әнші» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген. 1990 жылы Германияның Мюнхен қаласында өткен «Опера әншілер» байқауының гран-при иегері. Ж.Еркін оқу бітірген соң Францияға жолдама берілгеніне қарамастан бабаларының кіндік қаны тамған қасиетті атамекенге қоныс аударып, қаймағы бұзыл ... Әрі қарай оқу»
|
Әлемде мыңдаған ұлттар бар, ал мемлекеттігі тек жүздегендерінде ғана бар. Тәуелсіздік деген біз үшін ол не? Бұл тек қана белгілі бір құжатты қабылдаған күн емес... Тәуелсіздікті аңсамайтын адам, егемендікке ұмытылмаған ел болмайды.. Иә, 20 жыл бұрын 1991 жылдың 16 желтоқсанында «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» заң қабылданды. Бірақ біз үшін Тәуелсіздік – ол Жәнібек пен Керейдің іске асырған арманы, Тәуекел баһадүрдің соңғы деміндегі тілегі, Абылайхан мен батыр қаһармандарымыздың Ел үшін шайқастары, Кенесарының жандауысы мен соңғы жорығы,20-40 жылдары күнәсіз өлтірілген миллиондаған қазақтардың көз жасы, 1986 жылдың аязды желтоқсанында тобыр емес, ұлт екендігін көрсеткен қазақ жастарының ерлігі, Қазақстан Республикасы тәуелсіздік ала салысымен Еліміз бар, жеріміз бар деп үйренген жерлерін тастап, сол жақтағы бабалары жатқан зираттарға Құран оқып, бала-шағасымен алыс жолға шыққан қандастарымыздың сағынышы... «Қайран Елім» - деп, қиындықтарға қарамастан, ата-бабаларының өсиетін орындау мақсатында 90-жылда... Әрі қарай оқу»
|
Ұлық мереке құтты болсын!Құрметті мұсылман бауырлар, отандастар! Міне, барша мұсылман сағына күтетін Құрбан айт мерекесіне де жеттік. Алла қаласа, 6 қарашадан бастап, шамасы келген әр мұсылман Алла разылығы үшін құрбан шалып, дініне, иманына адалдығы мен шынайы ықыласын білдіреді. Сол арқылы Жаратушы иеміздің құзырында өзіне лайық дәрежеге қол жеткізеді. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис шәріптерінің бірінде: «Адам баласы құрбан айт күнінде (құрбан шалып) қан ағызудан да сүйікті ешбір іспен Алла Тағалаға жақындаған емес» деп бұл құлшылықтың мәнін түсіндірген. Сондай-ақ тағы бір хадисінде: «Кімде-кім мүмкіншілігі бола тұра құрбан шалмаса, біздің намаз оқитын жерімізге жақындамасын!» – деп ескерту жасағаны да бар. Құрбан шалудың уақыты құрбан айттың бірінші күні Айт намазынан кейін баста& ... Әрі қарай оқу»
Санаты: Дін |
Қараулар саны: 196 |
Уақыты: 02.11.2011
| Рейтингі: 5.0/2
| Түсініктер (3)
|
2011 жылғы 19 қазанда Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік тіл саясатын ғаламтор жүйесінде кеңінен насихаттау, қоғам өмірінің барлық саласында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында «Мемлекеттік тілдегі үздік сайт» облыстық конкурсының қорытындысын шығарды. Конкурстың шарттары бойынша облысымыздың қоғамдық өмірінде мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту мен мәртебесін нығайту, қазіргі мемлекеттік тілдің ахуалын ғаламторда жариялау үшін мемлекеттік тілде ашылған сайттар қатысты. Қазылар алқасының шешімімен І орынды Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Павлодар облыстық филиалының «Ертіс дидары» газетінің «ertisdidary.kz» сайты иеленді. ІІ орынға «Дүниежүзі Қазақтарының Қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалының «kayranelim.kz» сайты, ІІІ орынға «www.mektebim.info» сайты ие болды. Осы үздік деп танылған сайттар арнайы жүлделермен мар... Әрі қарай оқу»
|
 Биыл шеттегі қандастарымыздың тарихи Отанына қарай ұлы көшті бастағанына 20 жыл толды. Жиырма жылдан бері Қазақстанға 300 мыңнан астам оралман отбасы көшіп келіп, халық санын 1 млн-ға арттырды. Қандастардың атамекендегі жағдайға бейімделіп кетуі үшін Президент Жарлығымен 2007 - 2015 жылдарға арналған Көші-қон саясаты тұжырымдамасы жасалды. Үстіміздегі жылы «Халықтың көші-қоны» туралы заң қабылданды. «Нұрлы көш» бағдарламасы тағы бар. Десек те, оралман ағайынның алдынан шығып отырған мәселелер әлі де терең талқылауды талап етеді. Кеше Парламент Мәжілісінде «Нұр Отан» ХДП фракциясы жанындағы Әлеуметтік кеңестің отырысында соған көз жетті. Бүгін оралман ағайынды ойлантатын мәселе көп. Бірақ сол мәселені шешуге болатынын БҰҰ Даму Бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Екатерина Паниклованың сөзінен ұқтық. Оның айтуынша, БҰҰ ДБ Қазақстан Үкіметінің өтінішімен 2000 жылы Семейде оралмандарды бейімдеу орталығын ашып, 3000 адамға дипломды мойындату, жұмысқа орналасу, азаматтықты алу бойынша кеңестер беріпті. 500 оралман тренингтерден өтіп, компьютер ... Әрі қарай оқу»
|
 Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті Павлодар облысының әкімдігімен бірлесіп 2011 жылғы 4 қазан күні Қазақстан халқы тілдерінің ХІІІ республикалық фестивалі аясында Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері арасында дәстүрлі «Абай оқулары» республикалық байқауын өткізді. Шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген өзге ұлт өкілдерінің ықыласын арттыру, қазақстандық рухани бірлікті қуаттау, отансүйгіштік сезімді арттыру болып табылады. Байқауға еліміздің барлық облыстары және Астана мен Алматы қалаларынан облыстық, қалалық деңгейде өткізілген байқаулардың жеңімпаздары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Талапкерлердің өнерін Тұрсын Құдагелдіұлы Жұртбай – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Отырар кітапханасы ғылыми орталығының» директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, қазылар алқасының төрағасы, Жақсыбай Тұрсынұлы Сарбалаев – С. ... Әрі қарай оқу»
Санаты: Тіл |
Қараулар саны: 168 |
Уақыты: 05.10.2011
| Рейтингі: 5.0/1
| Түсініктер (1)
|
|
|
| Күнтізбе |
| « Ақпан 2012 » | | Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс | | | | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | | 27 | 28 | 29 |
|
|