Сайтты қарау параметрлері 1024 768 нүктеге
Разрешение экрана для правильного просмотра сайта 1024 на 768 точек
Сайтымыздың басты мақсаттары туралы:
- сайт бетінде біріншіден МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ - ҚАЗАҚ ТІЛІ - АНА ТІЛІМІЗГЕ деген сүйспеншілікт арттыру, сайт келген қандастар, қазақ тілін білетін және үйреніге тырмысып жүрген өзге ұлт өкілдері арасында, олардың тұрған жеріне Еліне қарамастан, басқа ұлт-этностардың намысына тимей, ТІЛІМІЗДІ насихаттау. Тілінен айырылған ұлттың болашағы жоқ. Болашағы болмаған ұлтқа елдікте қажет емес. Сондықтан, құрметті қандастарымыз, ең біріншіден ТІЛІМІЗ үшін осы сайтта топтасайық!
– екіншіден, елімізде тұратын және Қазақстаннан сырт жерлерде өмір сүріп жатқан қазақтардың қазақ тілінде емін еркін сөйлесуіне, сайттағы ЧАТта тәжірибе алмасуға жәрдемдесу; – үшіншіден, қазақтардың өзінің тарихи отанындағы экономикалық және әлеуметтік-мәдени салалардағы жетістіктерін, олардың ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, елді-мекендері мен географиялық ерекшеліктері мен байлығын бүкіл дүние жүзіне тарыдай шашылған қандастарымызға және қазақ тілін білетін өзге ұлт өкілдеріне ФОРУМдағы тақырыптар, сайттың мақалалар бөлімі арқылы насихаттау; – төртіншіден, шетелде тұратын қандастарға олардың сұратулары бойынша қажетті ақпаратты беріп отыруға тырысу. (Қажет болған жағдайда аударып беру)
- бесіншіден, сайтқа келіп мүше ретінде тіркелген және жай қонақ ретінде келіп жүрген Елімізде тұратын және Қазақстаннан сырт жерлерде өмір сүріп жатқан қандастарымыз арасында мемлекеттік ТІЛ саясатын іске асыруға атсалысу.
Заут Болат,
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Павлодар облыстық филиалының бастығы
1962 жылы Моңғолия Республикасының Қобда аймағында дүниеге келген. Қобда қаласында орта мектепті бітіріп, 1980 жылы Ұланбатыр қаласындағы әскери институтына оқуға түсіп, оны 1984 жылы бітірген. 1984-1995 жылдар аралығында – әскер полкында рота командирі, штаб бастығы, Қобда аймағының әскери комиссарының орынбасары, азаматтық қорғаныс штабының бастығы. Әскери шені – майор. 1996 жылы 15 ақпанда тарихи отанына қоныс аударған, Павлодар облысы Ақсу қаласына қоныстанып, жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. 2000 жылы Павлодар қаласына көшіп, «Атыгай» ЖШС фирмасында менеджер, 2001-2006 жылдары оралмандардың «Асар» республикалық қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалы төрағасының орынбасары, заңгер-кеңесшісі қызметтерін атқарды. 2006 жылы 6 наурыздан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Павлодар облыстық филиалының жетекшісі қызметін атқарып келеді. 2007 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітіріп, заңгер мамандығына ие болды. Мекен-жайы: инд.140000. Павлодар қ. Қайырбаев көшесі 32 үй, офис 126
Сайт әкімгерлерімен келесі электрондық пошталар
арқылы байланысқа шыға аласыздар:

|