Аймағымыз туралы
Павлодар облысы 1938 жылғы қаңтар айында құрылған. Облыс орталығы –Қазақстанның ең әдемі қалаларының бірі - Павлодар қаласы, ол Қазақстанның аса ірі өзені болып табылатын Ертіс жағасында орналасқан.
Облыс Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан және солтүстікте – Ресей Федерациясының Омбы, солтүстік-шығыста – Новосібір облыстарымен, шығыста – Алтай өлкесімен, оңтүстікте – Қазақстан Республикасының Шығыс-Қазақстан және Қарағанды облыстарымен, батыста – Ақмола және Солтүстік-Қазақстан облыстарымен шектесіп жатыр.
Облыстың тиімді орналасуы оған басқа мемлекеттермен және Қазақстан облыстарымен Онтүстік-Сібір және Ортасібір теміржол магистральдері бойынша автомобильдік, авиациялық, электрондық, құбырлық және өзендік көлік түрлерімен қатынас жасауға мүмкіндік береді.
Ертістің Павлодар өңірінде бәрі де бар: ұшы-қиырсыз дарқан даласы, қайың тоғайлары, қарағайлы ормандары, таулары, көптеген көлдері. Облысты ежелгі Ертіс қақ бөледі деп айтуға болады.
Оның жайылмасы да бірегей және өте бай. Облыстың аса ірі бөлігін қазақтар ежелден Сарыарқам – Алтын далам деп атап кеткен тегіс дала алып жатыр.
Онда, расында да, орасан зор байлықтар бар. Облыс аумағында Ертістің Павлодар өңірінің інжу-маржаны, Қазақстан Республикасының әсем жерлерінің бірі – Баянауыл бар.
Шексіз даланың ортасындағы табиғаттың осы бір бірегей туындысының сұлулығы тамсанатындай. Таулары, қарағайлы ормандары, жануарлар әлемі, Жасыбай, Торайғыр, Сабындыкөл көлдері ұмытылмас әсер береді.
Мұнда Қазақстан мен Ресейдің жан-жағынан келетін мыңдаған туристердің аса ірі демалыс аймағы бар. Павлодар облысының климаты шұғыл континенттік, оған ұзаққа созылатын қыс (5,5 ай) мен ыстық және қысқа жаз (3 ай) тән болып келеді.
Павлодар облысы – Қазақстанның басты индустриалдық өңірлерінің бірі. Мұнда дәстүрлі күрделі өндірістер мен минералдық және көмірсутекті шикізатты игерумен айналысатын кәсіпорындардың оңтайлы үйлесімділігі бар ТМД-нің экономикалық кеңістігіндегі аса ірі аумақтық-өндірістік кешен тарихи қалыптасқан.
Облыстың орасан зор табиғи-ресурстық әлеуеті, дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымының бар болуы, жоғары ғылыми-техникалық әлеуеті, оның Орталық Азия мен Сібір арасындағы байланыстырушы рөлі түрлі елдер мен континенттердің өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің мұқият назарын аударуда.
Сонымен қатар, экономикалық деңгейдің осы көрсеткіштеріне өңірдің өзге де тартымды сипаттарын: дамыған банк саласын, шағын және орта бизнестің серпінді дамуын, біліктілігі жоғары мамандардың болуын, қазіргі заманғы көліктік-коммуникациялық инфрақұрылымды, шетелдік инвесторлардың, мемлекеттік даму бағдарламаларының бар болуын да қосуға болады Павлодар облысының аумағында көп салалы индустриалдық кешен қалыптасты.
Өңірдің өнеркәсіптік әлеуеті ірі экспортқа бағдарланған өнеркәсіптік компаниялармен айқындалады. Олар көмірді, электр және жылу энергиясын, алюминий тотығын, ферроқорытпаларды өндіреді. Облыс үлесіне республиканың өнеркәсіптік өндірісінің 7%-ы, республикалық көмір өндірісінің 70%-ы, ферроқорытпалар өндірісінің 3/4, электр энергиясы мен мұнай өнімдері өндірісінің 40%-ы тиесілі. Облыстың әлеуеті химия, машинажасау және металл өңдеу салалары кәсіпорындарының дамуына жеткілікті. Облыста түрлі меншік нысанындағы 5 мыңға жуық кәсіпорын белсенді қызмет етеді.
Бұдан басқа, өңірде ауылшаруашылық өнімдерінің шикізат базасы мен оларды өңдеуге арналған өндірістік қуаттылықтар бар. Қазақстанның энергетикалық жүрегі – аса ірі Екібастұз электр станциялары, Ақсу ГРЭС, сондай-ақ Павлодар өнеркәсіп кешенінің энергияны қажетсінетін кәсіпорындарына қызмет ететін бірқатар ірі жылу станциялары болып табылады.
Осы электр станцияларының даусыз артықшылығы көмір көздеріне және электр мен жылу энергиясын тұтынушыларға жақын орналасқандығы болып табылады.
Облыста ауыл шаруашылығына да көп мән беріледі. Өңірдің ауылшаруашылық алқаптарының ауданы 11,2 млн. га құрайды. Облыста негізгі өндірілетін дақыл – бидай болып табылады, ол егіс алқаптарының жартысынан көбінде егіледі.
Егіс алқаптарының 15-17%-ға жуығы басқа дәнді дақылдарға тиесілі. Бұдан басқа, облыста картоп, көкөніс және бақша дақылдары өсіріледі.
Облыста қалыптасқан өнеркәсіп әлеуеті көлік коммуникациялары мен көліктік-экономикалық байланыстарды кеңейту қажеттілігін туғызды. Облыста күрделі көліктік-коммуникациялық торап бар: мұнда Қазақстан ішіндегі оңтүстікке қарай өтетін ең ірі мұнай құбыры басталады (Шымкент қаласына), Қазақстан мен Ресейдің түрлі өңірлеріне тартылған электр қуатын алысқа тарату желілері, Ертіс-Қарағанды-Жезқазған арнасы, Ресейге, елдің орталығы мен оңтүстігіне өтетін темір жолдар өтеді.
Облыс бойынша шетелден оралған қандастарымыздың саны 30 мыңға жуық адамды құрайды. Солардың 15 мыңға жуығы Моңғолиядан келсе, 10 мыңға жуық Өзбекстаннан, 5 мыңға жуығы Ресейден келіпті.
Олар ел қатарлы өмір сүріп, жергілікті халық көрген қиындықтарды бастан кешуде. Соңғы 19 жыл ешенді оралған қандастарымыздың қатарында бүгінгі күні 2 ғылым докторы, 3 ғылым кандидаты, 452 мұғалім, 247 дәрігер маман еңбек етуде.
Халықаралық, республикалық және облыстық деңгейдегі жоғарғы оқу орындарында 500-ге жуық студенттер оқып білім алуда. Павлодар облысына кезінде оралған қандастарымыздың ішінен шығып, республикалық (Есенбек Санатұлы, Ардабек Салдатбай... сияқты) және облыстық (Махаббат Кәмесхан, Бекболат Сауырбай, Қызырхан Шәкірт... сияқты) бұқаралық ақпарат құралдарында жемісті еңбек етіп жүрген оралман жастар көп.
Павлодар облысында арнайы және жоғарғы оқу орындарында 70-ке жуық оралман мұғалім еңбек етіп жүрсе, оның 70 пайызынан астамы жастар.
Aymağımız tuwralı
Pavlodar oblısı 1938 jılğı qañtar ayında qurılğan. Oblıs ortalığı –Qazaqstannıñ eñ ädemi qalalarınıñ biri - Pavlodar qalası, ol Qazaqstannıñ asa iri özeni bolıp tabılatın Ertis jağasında ornalasqan.
Oblıs Qazaqstan Respuwbliykasınıñ soltüstik-şığısında ornalasqan jäne soltüstikte – Resey Federaciyasınıñ Ombı, soltüstik-şığısta – Novosibir oblıstarımen, şığısta – Altay ölkesimen, oñtüstikte – Qazaqstan Respuwbliykasınıñ Şığıs-Qazaqstan jäne Qarağandı oblıstarımen, batısta – Aqmola jäne Soltüstik-Qazaqstan oblıstarımen şektesip jatır.
Oblıstıñ tiyimdi ornalasuwı oğan basqa memlekettermen jäne Qazaqstan oblıstarımen Ontüstik-Sibir jäne Ortasibir temirjol magiystralderi boyınşa avtomobiyldik, aviyaciyalıq, elektrondıq, qubırlıq jäne özendik kölik türlerimen qatınas jasawğa mümkindik beredi.
Ertistiñ Pavlodar öñirinde bäri de bar: uşı-qiyırsız darqan dalası, qayıñ toğayları, qarağaylı ormandarı, tawları, köptegen kölderi. Oblıstı ejelgi Ertis qaq böledi dep aytuwğa boladı.
Onıñ jayılması da biregey jäne öte bay. Oblıstıñ asa iri böligin qazaqtar ejelden Sarıarqam - Altın dalam dep atap ketken tegis dala alıp jatır. Onda, rasında da, orasan zor baylıqtar bar.
Oblıs awmağında Ertistiñ Pavlodar öñiriniñ injüw-marjanı, Qazaqstan Respuwbliykasınıñ äsem jerleriniñ biri – Bayanawıl bar. Şeksiz dalanıñ ortasındağı tabiyğattıñ osı bir biregey tuwındısınıñ suluwlığı tamsanatınday.
Tawları, qarağaylı ormandarı, janwarlar älemi, Jasıbay, Torayğır, Sabındıköl kölderi umıtılmas äser beredi. Munda Qazaqstan men Reseydiñ jan-jağınan keletin mıñdağan tuwriysterdiñ asa iri demalıs aymağı bar.
Pavlodar oblısınıñ kliymatı şuğıl kontiynenttik, oğan uzaqqa sozılatın qıs (5,5 ay) men ıstıq jäne qısqa jaz (3 ay) tän bolıp keledi.
Pavlodar oblısı – Qazaqstannıñ bastı iynduwstriyaldıq öñirleriniñ biri. Munda dästürli kürdeli öndirister men miyneraldıq jäne kömirsuwtekti şiykizattı iygerüwmen aynalısatın käsiporındardıñ oñtaylı üylesimdiligi bar TMD-niñ ekonomiykalıq keñistigindegi asa iri awmaqtıq-öndiristik keşen tariyhiy qalıptasqan.
Oblıstıñ orasan zor tabiyğiy-resuwrstıq äleweti, damığan öndiristik jäne älewmettik iynfraqurılımınıñ bar boluwı, joğarı ğılımiy-tehniykalıq äleweti, onıñ Ortalıq Aziya men Sibir arasındağı baylanıstıruwşı röli türli elder men kontiynentterdiñ önerkäsipşileri men käsipkerleriniñ muqiyat nazarın awdaruwda.
Sonımen qatar, ekonomiykalıq deñgeydiñ osı körsetkişterine öñirdiñ özge de tartımdı siypattarın: damığan bank salasın, şağın jäne orta biyznestiñ serpindi damuwın, biliktiligi joğarı mamandardıñ boluwın, qazirgi zamanğı köliktik-kommuwniykaciyalıq iynfraqurılımdı, şeteldik iynvestorlardıñ, memlekettik damuw bağdarlamalarınıñ bar boluwın da qosuwğa boladı Pavlodar oblısınıñ awmağında köp salalı iynduwstriyaldıq keşen qalıptastı.
Öñirdiñ önerkäsiptik äleweti iri eksportqa bağdarlanğan önerkäsiptik kompaniyalarmen ayqındaladı. Olar kömirdi, elektr jäne jıluw energiyasın, alyümiyniy totığın, ferroqorıtpalardı öndiredi.
Oblıs ülesine respuwbliykanıñ önerkäsiptik öndirisiniñ 7%-ı, respuwbliykalıq kömir öndirisiniñ 70%-ı, ferroqorıtpalar öndirisiniñ 3/4, elektr energiyası men munay önimderi öndirisiniñ 40%-ı tiyesili.
Oblıstıñ äleweti hiymiya, maşiynajasaw jäne metall öñdew salaları käsiporındarınıñ damuwına jetkilikti. Oblısta türli menşik nısanındağı 5 mıñğa juwıq käsiporın belsendi qızmet etedi.
Budan basqa, öñirde awılşarwaşılıq önimderiniñ şiykizat bazası men olardı öñdewge arnalğan öndiristik quwattılıqtar bar. Qazaqstannıñ energetiykalıq jüregi – asa iri Ekibastuz elektr stanciyaları, Aqsuw GRES, sonday-aq Pavlodar önerkäsip keşeniniñ energiyanı qajetsinetin käsiporındarına qızmet etetin birqatar iri jıluw stanciyaları bolıp tabıladı.
Osı elektr stanciyalarınıñ dawsız artıqşılığı kömir közderine jäne élektr men jıluw energiyasın tutınuwşılarğa jaqın ornalasqandığı bolıp tabıladı.
Oblısta awıl şarwaşılığına da köp män beriledi. Öñirdiñ awılşarwaşılıq alqaptarınıñ awdanı 11,2 mln. ga quraydı. Oblısta negizgi öndiriletin daqıl – biyday bolıp tabıladı, ol egis alqaptarınıñ jartısınan köbinde egiledi.
Egis alqaptarınıñ 15-17%-ğa juwığı basqa dändi daqıldarğa tiyesili. Budan basqa, oblısta kartop, kökönis jäne baqşa daqıldarı ösiriledi. Oblısta qalıptasqan önerkäsip äleweti kölik kommuwniykaciyaları men köliktik-ekonomiykalıq baylanıstardı keñeytüw qajettiligin tuwğızdı.
Oblısta kürdeli köliktik-kommuwniykaciyalıq torap bar: munda Qazaqstan işindegi oñtüstikke qaray ötetin eñ iri munay qubırı bastaladı (Şımkent qalasına), Qazaqstan men Reseydiñ türli öñirlerine tartılğan elektr quwatın alısqa taratuw jelileri, Ertis-Qarağandı-Jezqazğan arnası, Reseyge, eldiñ ortalığı men oñtüstigine ötetin temir joldar ötedi.
Oblıs boyınşa şetelden oralğan qandastarımızdıñ sanı 30 mıñğa juwıq adamdı quraydı. Solardıñ 15 mıñğa juwığı Moñğoliyadan kelse, 10 mıñğa juwıq Özbekstannan, 5 mıñğa juwığı Reseyden kelipti.
Olar el qatarlı ömir sürip, jergilikti halıq körgen qiyındıqtardı bastan keşüwde. Soñğı 19 jıl işinde oralğan qandastarımızdıñ qatarında bügingi küni 2 ğılım doktorı, 3 ğılım kandiydatı, 452 muğalim, 247 däriger maman eñbek etüwde.
Halıqaralıq, respuwbliykalıq jäne oblıstıq deñgeydegi joğarğı oquw orındarında 500-ge juwıq stuwdentter oqıp bilim aluwda. Pavlodar oblısına kezinde oralğan qandastarımızdıñ işinen şığıp, respuwbliykalıq (Esenbek Sanatulı, Ardabek Saldatbay...siyaqtı) jäne oblıstıq (Mahabbat Kämeshan, Bekbolat Sawırbay, Qızırbek Şäkirt... siyaqtı) buqaralıq aqparat quraldarında jemisti eñbek etip jürgen oralman jastar köp.
Pavlodar oblısında arnayı jäne joğarğı oquw orındarında 70-ke juwıq oralman muğalim eñbek etip jürse, onıñ 70 payızınan astamı jastar.
|