Қайран Елім - Арыстарымыз
Бейсенбі, 23.02.2012
Қайран Елім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Павлодар облыстық филиалының  сайты
Бір ұлт
Бір тіл
Бір мүдде
Сайт мәзірі
Бөлім санаттары
Тіл [29]
Дін [7]
Әлем [19]
Аймақ [7]
Қоғам [30]
Отандас [47]
Руханият [16]
Түркі Әлемі [4]

Сөйлесейік

Пікіртерім
Қандастарымыздың Елге оралуын қалайсыз ба?
Барлық жауаптар саны: 190
Санақ

Қазір онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
free counters

ҚАДІРЛІСІ ЕЛІМНІҢ

Әбу Наср әл-Фараби

Қыпшақ даласынан шыққан ұлы энциклопедист ғалым, бүкіләлемдік данышпан ойшыл, философ, математик, астролог, музыка теоретигі.              Әл-Фараби 870 жылы қазіргі Арыс өзенінің Сырдарияға құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келген. Әбу Наср әл-Фараби – түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, «Әлемнің екінші ұстазы» атанған ғұлама. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл филоофия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, метаматика, медицина, музыка салаларынан 164 трактат жазып қалдырған.

 

Қожа Ахмет Иассауи

Ақын, ойшыл, ұстаз, бүкіл түркі жұртына имандылық нұрын шашқан діни қайраткер, ағартушы, жаңа сопылық ағымның ғұламасы, пірі. Иассауи шамамен 1093 жылы (кейбір деректерде 1103, 1041) Оңтүстік Қазақстандағы Сайрам қаласында туып, Иасы қаласында тұрған, сондықтан әлемге Иассауи деген атпен танымал. Қожа Ахмет атамыз ғылым мен білімді өте жоғары бағалаған, өте әділ адам болған. Көптеген шәкірттер тәрбиелеген. Иассауи танымал еңбегі «Диуани хикмет» кітабында ұрпақты адамгершілік-имандылыққа, жан тазалыққа, ізгілікке, бір Аллаға ғана сыйынуға үндеді. Өлеңдерін түркі тілінде жазып, сол арқылы ұлтымызға ұйытқы болған. 

 

Керей хан

Қазақ хандығының негізін қалаушы ұлы екі тарихи тұлғаның бірі, алғашқы қазақ ханы. 1457 жылдың күзінде Әбілхайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанған. 1458 жылдың көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілхайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей хан мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде Қазақ хандығындағы халықтың саны 200 мыңнан асып түседі. Аңыз бойынша Керей хан Қазақ хандығын 10 жылдай билеген және Хан тауы етегінде жерленген.

 

Жәнібек хан

Қазақ хандығының негізін қалаған хандардың бірі, Орыс ханның ұрпағы, Барақ ханның кіші ұлы. Керей ханнан соң 1465/66 жылдан 1470 жылдардың басына дейін Қазақ хандығының екінші ханы болды. Осы кезден бастап Қазақ хандығының билігі Жәнібек ханның ұрпақтарына толық көшеді.

 

Мұхаммед Хайдар Дулати

Белгілі тарихшы, әдебиетші, «Тарих-и Рашиди», «Жаһаннаме» дастандарының авторы. 1499 жылы Ташкент қаласында туған. Мұхаммед Хайдар Дулати жан-жақты білімді адам болған. Ол сол кездегі саяси оқиғалар мен қайраткерлерді, сондай-ақ Қазақстан мен Орта Азия, Моғолстанның өткен тарихын, әсіресе дулат тайпасының тарихын жақсы білген. «Тарих-и Рашиди» еңбегінде орта ғасырлардағы Қазақстан жайлы құнды деректер бар. Бұл еңбек кейінгі көптеген зерттеулерге арқау болған.

 

Қадырғали Жалайыри

Қазақ елінен шыққан ғұлама тарихшы, мемлекет қайраткері, ғалым, белгілі би. Жалайыр тайпасынан шыққан. Ата-бабалары Қарахан заманынан бері хан уәзірлері, батырлары болған. Қадырғали Жалайыри араб, парсы тілдерін, Шығыстың классикалық әдебиеті мен мәдениетін терең меңгерген. Жалайыридың ғұламалығы мен даналығын жоғары бағалаған 1602 жылы өзінің «Жылнамалар жинағы» атты шежіре кітабын аяқтады. Бұл кітабын орыс патшасы БорисГодуновқа арнады. Қадырғали Жалайыридың даналығын жоғары бағалаған Көшім хан оны өзінің ақылгөй кеңесшісі еткен. Сібір князі Сейтектің де кеңесші биі болған.

 

Райымбек батыр

Жоңғар басқыншыларына қарсы күресте ерлік көрсеткен атақты батыр, қолбасшы. Ол 1705 жылы қазіргі Алматы облысында туған. Райымбек 17 жасында жоңғарлармен болған күресте батыр атанған. Қалмақтың Бадам, Қорын, Ағанас, Секер т.б. хан, ноян, батырларын жекпе-жекте жеңіп, Қаратау өңірі мен Жетісуды жаудан азат етуге басшылық жасағандардың бірі. Көзі тірісінде «көріпкел», «әулие» атанған. Алматы облысында Райымбек есімімен аталатын жер-су аттары көп кездеседі.

  

Құрманғазы Сағырбайұлы

Қазақтың ұлы күйші-композиторы, дүлдүл домбырашы. Ол 1823 жылы Бөкей хандығының, қазіргі Орал облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген мекенінде дүниеге келген. Құрманғазы мұрасының қазақ музыкасында алатын орны ерекше. Оның шығармалары арқылы қазақтың күй өнері жаңа деңгейде дамып, шыңдала түсті. Оны «Күй атасы» деп атайды. Өз күйлерінде Құрманғазы сол замандағы халықтың арманын, асыл арманын, мұң-мұқтажын, көңіл-күйін бейнеледі. «Сарыарқа», «Адай», «Серпер», «Кішкентай» т.с.с. атақты күйлері ұлттық рухани құндылықтар болып табылады.

 

Бұқар жырау

Қазақтың шоқтығы биік әйгілі жырауларының бірі. 1693 жылы бұрынғы Баянауыл, Далба тауы бойында дүниеге келген. Абылай ханның ақылшы биі, абыз. Жұрт оны «Көмекей әулие» деп атаған. Сөйлегенде үнемі қара сөзбен емес, көмекейі бүлкілдеп, түйдек-түйдек жырмен сөйлейтін болған. Бұқар жырау қазақ халқының жоңғар шапқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білді. Осындай ауыр сәттерде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салды. Өзінің саяси-әлеуметтік жыр толғауларымен сол жалынды күрестің жыршысына айналды.

 

Абылай хан

Әбілмәнсүр – ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат, Қазақ ордасының ұлы ханы. 1711 (Ресей деректерінде 1713) туған. Жастайынан жетім қалған Абылай Төле бидің тәрбиесінде болған. Оның бүкіл өмірі ен далада еркін өскен қазақ халқын аман сақтап қалуға жұмсалды. Абылай хан жиырма жасында қан майданда ерлігімен танылған. 1730-1733 жылдары аралығында болған бір ұрыста Әбілмәнсүр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы Шарышты өлтіреді. Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қайған Әбілмәнсүр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. 1771-1781 жылдары Қазақ ордасында хандық құрған. Абылай дәуірі – қазақтардың ерлігі мен серілігінің ғасыры.

 

Төле би

Қазақ халқының бірлігін нығайтуға зор үлес қосқан атақты үш бидің бірі, көрнекті мемлекет қайраткері. Көш бастаған көсем, сөз бастаған шешен. 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Шу ауданының Жайсаң жайлауында дүниеге келген. Он бес жасынан ел билігіне араласып, ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі. Тәуке хан Төле биді ұлы жүздің бас биі еткен. Абылай ханды азамат қатарына қосуда Төле бидің қызметі орасан. Хандық пен мемлекет тұтастығын, тәуелсіздігін сақтауға үлкен үлес қосты. Дұшпан қолында қалған қалалар мен жерлерді қайтаруға күш салды. Төле бидің артында кейінгі ұрпаққа көптеген өсиет, шешен, асыл сөздер, жырлар мен нақылдар қалған.

 

Қаз дауысты Қазыбек би

Қазақ халқының XVII-XVIII ғасырлардағы үш ұлы биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Қазақ халқының ішкі-сыртқы саясаттарына елеулі әсер еткен ірі мемлекеттік тұлға. Ол өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәсімдерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болған. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би әз-Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, кейін Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, хандарға ақыл-кеңестер беріп отырған. Қазыбек би айтты деген аталы сөздер халық арасында мол сақталған.

 

Әйтеке би

Қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. 1644 жылы Өзбекстан жерінде дүниеге келген. Әйтеке жиырма бес жасында Төртқара еліне би болады. Ал отыз жасында 29 рудан құралған бүкіл Кіші жүздің Төбе биі болып сайланады. Елдің басын біріктіруге, жұртымыздың әл-ауқатының артуына, ата-дәстүріміздің сақталуына, ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі зор болды. Әйтеке би шешендігімен «қара қылды қақ жарған» әділдігімен бірге жоңғарлармен болған ұрыстарда қол бастаған батыр болған. Ол тарихта турашылдығымен, даналығымен, ақыл-ойының биіктігімен қалған мемлекеттік қайраткер.

 

Қанжығалы Бөгембай

Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі тарихында ерекше рөл атқарған батыр, қолбасшы. 1680 жылы Қаратау бөктеріндегі Бөген өзені бойында дүниеге келген. ХVIII ғасырдағы қазақ батырларының жасы үлкен ақсақалы, сондықтан оны халық аңыздарында ардақтап «Қанжығалы қарт Бөгембай» деп атап кеткен. 1710 жылы Қарақұмда өткен үш жүз қазақтарының құрылтайында Бөгембай үш жүздің бас сардары болып сайланды. 1726 жылы Бөгембай бастаған қазақ қолы Бұланты өзенінің бойында қалмақтарға қарсы күйрете соққы берді.1727 жылы көктемде Аюлы тауларының етегінде жоңғарлармен болған шайқаста жеңіске жетті. Қазақ елінің тұтастығын сақтап қалуда Бөгембай батырдың ерлігі ерекше. 

 

Қаракерей Қабанбай

Атақты батыр. Азан шақырып қойылған есімі – Ерасыл. 1692 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Барлық тауында дүниеге келген. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресін ұйымдастырушылардың бірі,  осы көтерілісте ерекше ерлік көрсетіп, талантты қолбасшы ретінде аты шыққан. 1717 жылы Аягөз шайқасында ерекше көзге түсіп, Қабанбай батыр атанады. 1723 жылы Түркістан қорғанысына, 1726 жылы Бұланты шайқасына, 1730 жылы Аңырақай-Алакөл шайқасына, кейін Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға қатысып, Абылай ханның бас батырларының біріне айналды. Халық арасында Қаракерей Қабанбай батыр жөнінде аңыз-әңгімелер, жыр-дастандар көп сақталған.

 

 

Махамбет Өтемісұлы

Қазақтың бостандығы үшін қолына қылышын алып, жалынды жырымен халқын бастап, ақ патшаға қарсы шыққан тұңғыш ақын. Ол 1803 жылы Ішкі Бөкей ордасының Бекетай құмында туған. Махамбет өзі өмір сүрген уақыттың шын жүйрігі еді. Ол білімді, көзі ашық, көкірегі ояу адам болатын. Сондықтан да ол заманның қыр-сырын түсіне білді. Махамбет шығармаларында ұлт-азаттық идеяларын көтерді, елдікті сақтап қалуға шақырды. Ақын алдағы күндеріне үмітпен, зор сеніммен қарады. Махамбет өлеңдерінің басты қаһарманы – Исатай батыр. Махамбет қазақтың қолына қару ұстап, азаттық үшін күрескен тұңғыш ақыны болатын.

 

Есет батыр

Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы, батыр. 1807 жылы Жем өзенінің бойында дүниеге келген. 1847-1858 жылдары Есет батыр Арал теңізінің батыс жағалауын, Үлкен және Кіші Борсық құмдары мен Мұғалжар тауларын, Жем, Сағыз, Ырғыз, Елек, Ойыл, Қиыл өзендерінің бойын жайлаған қазақтардың Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы көтерілісіне басшылық жасады.

 

Кенесары Қасымұлы

Қазақ халқының 1837-1847 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, мемлекет қайраткері, дарынды әскери қолбасшы, Қазақ хандығының соңғы ханы. Кенесары Абылай хан тұсындағы Қазақ хандығының аумақтық тұтастығын қалпына келтіруді, халқын бодандықтан құтқарып, басын біріктіру, азаттық пен бостандыққа қол жеткізіп, тәуелсіз ел ету, Ресей құрамына кірмеген аймақтардың тәуелсіздігін сақтауды көздеді. Әскери қимылдар 1838 жылы Ақмола, Ақтау қамалдарына шабуыл жасаудан басталды. 1841 жылы қыркүйекте Кенесары үш жүздің өкілдері жиналған жиында қазақ халқының ханы болып сайланды. Осы жылы Кенесары қолы Қоқан хандығының иелігіндегі Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт қамалдарын алды. 1843 жлы Ресей үкіметі Кенесарыға қарсы кең көлемді әскери жорық ұйымдастырды. Өз жақтастары ішіндегі опасыздық салдарынан Кенесары қолға түсіп, айуандықпен өлтіріледі.

 

Шоқан Уәлиханов

Қазақ халқының ХІХ ғасырдағы ағартушы ұлы ғалымы, шығыстанушы, фольклортанушы, суретші, жиһанкез, еуропаша терең тәрбие-білім алған дүниежүзіне мәлім зерттеуші. 1835 жылы қазіргі Қостанай облысында дүниеге келген. Ол география, этнография, тарих, әдебиет, археология, бейнелеу өнері т.б. саласында құнды еңбектер қалдырған ғұлама ғалым.

 

Ыбырай Алтынсарин

Қазақтың көрнекті ағартушы ғалымы, педагогы, ақыны, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері. 1841 жылы қазіргі Қостанай облысы Қостанай ауданында туған. ХІХ ғасырда Қазақ тілінде мектеп ашып, халықты сауаттандыру, ағарту саласын қалыптастырды. Ырғызда қазақ қыздары үшін жанында интернаты бар мектеп аштырды. Ол қазақ жастарын, ең алдымен, оқу, өнер-білім, техниканы игеруге шақырды. Оқымаған надандарды сынады. Төл жазба әдебиетіміздің негізін қалаушылардың бірі. Тұңғыш «Қазақ хрестоматиясының» авторы.

 

Абай Құнанбаев

Ұлы ақын, ойшыл-философ, ағартушы ғалым, қоғам қайраткері, сазгер. Қазақ халқының жазба әдебиетінің негізін салушы. Ол 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қасқабұлақ жайлауында дүниеге келген. Абай – қазақ әдебиеті тарихында тұңғыш суреткер ақын. Абай адам өмірін мағыналы етуді, ақылға, еңбекке сүйеніп өмір сүруді, жамандық жасамауды, адамгершілікті сақтауды ұрпағына өсиет етті. Ол халықты қараңғылықтан жарыққа сүйреді, оқу-өнер жолына ұмтылуға шақырды.

Кіру түрі
Е-майл:
Кілтсөз:
Фотосуреттер

Іздеу
Күнтізбе
«  Ақпан 2012  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829
Мұрағат
Сілтемелер
  • Қазақша Уикипедия
  • Мәдени мұра
  • Тіл порталы  
  • Ертіс дидары
  • Мен қазақпын сайты
  • Қазақтар сайты
  • Мәскеу қазақтары
  • Мәссаған порталы
  • Абай порталы
  • Электронды кітапхана

     
  • Кездесейік  * Сөйлесейік * Бірігейік  ***   Copyright Kayranelim © 2009-2011
    Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
    Форумдағы, чаттағы жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып есептелмейді
     
     Whois.1in.kz - рейтинг лучших сайтов Казнета Рейтинг ресурсов KAZ.KZ Resurs.kz: сайты Казахстана и раскрутка сайта Создать сайт бесплатно Каталог Казахстанских ресурсов TABU Сайты Казахстана, казахстанские сайты, казахские сайты, сайты в Казахстане HotLog