Қайран Елім - Баянауыл
Бейсенбі, 23.02.2012
Қайран Елім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Павлодар облыстық филиалының  сайты
Бір ұлт
Бір тіл
Бір мүдде
Сайт мәзірі
Бөлім санаттары
Тіл [29]
Дін [7]
Әлем [19]
Аймақ [7]
Қоғам [30]
Отандас [47]
Руханият [16]
Түркі Әлемі [4]

Сөйлесейік

Пікіртерім
Қандастарымыздың Елге оралуын қалайсыз ба?
Барлық жауаптар саны: 190
Санақ

Қазір онлайн: 3
Қонақтар: 3
Қолданушылар: 0
free counters
Баянауылдың қонағы болыңыздар!
Bayanawıldıñ  qonağı bolıñızdar!
 
 
Баянауылдың қайталанбас жомарттығы мен сұлулығы

Баянауыл ауданының атауын жиі қазақтың тамаша Джульеттасымен байланыстырады. Тағдыры адамзаттың өмірі мен әлемдегі шығармашылыққа берілген бар уақыт бойына өмір сүретін әйгілі лирикалық поэмасының пайда болуының бастауы болған Джульеттаның атымен. 21 мың шаршы километрлі аймақ қыздың атымен аталғаны ма? Қазақстан шын мәнінде жаңаның қайнар көзі! Аталудың ендігі нұсқасы өзгеше. Озық гуманист, белгілі ағартушы Ш. Уәлиханов Баянауыл /Баян-Ола/ сөзін Аманшылық, Асқақтықтың бақытты таулары деп талдаған. Бұл жердің микроклиматы ең сұрапыл деген қыстарда малды қыстан аман-есен алып шығуға мүмкіндік қалдырады.
Баянауыл Мемлекеттік Ұлттық паркінің алғашқы әсер қалдыратын көрінісі — аласа бойлы жасыл қарағайлармен көмкерілген ашық түсті жайдары таулар. Тау мен қырат араларында діңгектері орыс орта қайыңдарынан кішірек, қалың өскен қайыңдар кемел Мадоннаның жанындағы жасөспірім қыздың пішіні тәріздес. Қанша дегенмен, күйдірерлік аңызақ пен қысқы сұрапыл да суық бұрқасын борандар да болады. Олар өз дегендерін алады.
Мұнда ерекше қайың да өмір сүреді. Ондай ешқайда жоқ, тек осында ғана бар. Адамнан өзінің жұлдыздық сағатын әлі күтуде. Селекционерлерді күтуде. Майқайың - Майлы қайыңы. Оның ерекше балауыз себіндісімен көмкерілген жапырақтары оған ызалы жел мен аптап ыстықты жеңуге көмектеседі. Ал ғалым-селекционерлер назар аударар күнге жетер ме екен? Бүкіл әлемде он шақтысы ғана қалды. Бүкіл әлемде! Майкайың кенті бар емес пе? Сол қайыңның атымен аталған. Біздің арғы алыс аталарымыз аңғарымпаз болған.
Сәнді де қарапайым қайыңның сұлулығымен қатар күздігүні қызыл келбеті нұр шашып тұратын көктерек ағаштары да өсіп тұр. Сұлулығы жағынан теректер артығырақ та сияқты. Олардың қызғылт сәулесі айналаның бәрін ғажайып жылылықпен құлпыртады. Сонымен қатар қара мойыл, әр түрлі итмұрын, қарақат, таңқурай бұталықтары өсіп тұр - әрине нитрат пен тағы басқа пестицидсіз. Тағы да балапан қарағайлар. Ал шөбі қандай, шіркін!..
Ал мәрмәр тау-құздар ше, олардың сұлулығы өзіндік ерекшелігімен тіпті қайталанбастай. Олардың басым көпшілігі табиғаттың ғажайып туындысы болып табылады. Олар адамға керемет әсер етеді — біреуі тамсандырады, басқасы ойға шомдырады, мүсіндік кейпінде қатал жалғандық көрінетін үшіншісі –— қанағатсыздық сезімін ұялатады, көп нәрсені өзгерткің, түзеткің келеді. Ал кейбір мүсін-жартастар езу тартқызады: олардың тыныштық пен жарастық кейіптері, әзілшең де сияқты. Мұқатып, біздің адамдық осалдығымызды дәл жеткізеді, сондай ғажайыпты да күлкілі... Бұлардың бәрінде де жел мен судың, аптап пен аяздың, боран мен дауылдың және де күннің іздері бар. Әрине, уақыттың да. Бір ғажабы мен өте маңыздысы: бұның бәрі адам арқылы, оның ақыл-ойы арқылы көрінеді. Бірақ оған бізден өзінің бізге деген жомарттық деңгейінде қайта ма? Табиғаттан алынған шабыт па? Шығармашылық киноленталарда, көркем туындыларда, шеберлердің мүсіндерінде ме? Шығармашылықтың таусылмас қайнар көзі! Керісінше, бізді қоршаған ортаға Хомо туындылары жеткіліксіз әсерін ұмытып, табиғаттың адамзат үшін маңызын айта отыра, біз осы, табиғаттың ең маңызды бөлшегін жіберіп алмаймыз ба?
Павлодар облысының Алексеевка ауылынан Баянауыл аудан орталығына бар болғаны 50 шақырым. Жол топырақты болғанымен, жақсы. Бір сағат, не одан да аз уақыт ішінде баратын жеріңізге жетесіз. Егер жолыңыз аудан орталығынан басталған болса, аймақ жайлы нақты түсінік алу үшін бағдарды былай құру жеткілікті: Баянауыл — Малайқа — Торайғыр көлі — Серке-Көтерген-Тас тауы — Жасыбай көлі. Баянауыл ауданының осы бөлігінде бәрі де жеткілікті: түйе деп аталатын тастардың баттасуы да, Көгершін жартасы да, Мыстан-Кемпір мен Найзатас та. Оларды бір сөзбен аударғың келмейді. Орынсыз. Сөзбенен жеткізгісіз жердің аталу тереңдігі мен романтикасын түсініп қана сол өңірді жаныңмен сезіне аласың. Мысалы, Көгершін тасын алайық. Көгершін. Бар аударма осы. Ал шын мәнінде... Ауданның бар шынайы кереметін, оның мүмкіндігінің болашағын сезіну үшін тек сол жердің өзінде, атаулар мен айналаны қоршағанның бәрінің маңызына терең де, жете ұғынғанда ғана мүмкін сияқты.
Бетінде мыңжылдықтар бұрын болған жайттар бейнеленген жартастарды көргенде толғанбайтын адам жоқ шығар. Тас дәуірі адамының қолымен майлы жылтылға дейін жылтыратылған қырғыш толқытады. Ыңғайлы қырғыш. Ұшталған тімсе ғана емес, тікшіл шошағы ұстауға сондай ыңғайлы қалақша! Оны қолыңызға алып палеоантроп жолы мен өзіңіздің жолыңыз мыңжылдықтар арқылы қиылып жатқанын сезінесіз. Ал міне, милиметрлік белгілері бар өте мұқият жасалған ұштық. Бұл белгілерді тасқа тас аспаппен жасаған!— таңырқайсың. Палеолитикалық шебердің жұмысына: құздың бөктерінде табылған бұлақтың қоңырқай қалақшасына, әлде басқа бір бұйымға ма, көз салып неғұрлым көп түсінсең, соғұрлым көп ойға шомасың: олар бізден уақыт бойынша онша көп ұзап кетпеген сияқты. Олар жанымызда сияқты. Бізден бірдеңені сұрайтындай./ Мына дақ бала саусағыныкі сияқты? Бірақ жылтыратылған, яғни ұзақ уақыт бойы пайдаланылған, яғни ойын мен ермек үшін емес, ал ол бала тұтқын құл болғаны ғой? Ақиқатында солай болған болу керек... Өмірдің сол іздерін оқыса ғой, шіркін... /
Мұнда белгілі ірі зерттеуші П.Драверт жартастағы жазуларды ашып қана қоймай, сонымен қатар меңгірлердің бірқатарын сипаттаған. Тігінен қойылған тас бағаналар кейпіндегі ежелгі ескерткіштерді. Өздерінің тылсым қазынасымен тек Скандинавия, Англия, Африка ғана мақтан тұтпайды екен. Біздің данқты Қазақстан бойынша олардың қаншамасы бар! Алайда бұл қасиетті құндылықтарды, жеке белсенді адамдарды әйгілеу әлі жеткілікті қолдаудан алыс, хабардар болмаушылық себебінің басым көпшілігі осыда. Палеолитикалық адамдар Баянауыл ұлттық паркінде меңгірлер мен тастағы суреттер ғана емес, сонымен қатар тақта тәріздес өте үлкен шойтастан салынған көне жерлеулер қалдырған.
1926 жылы Драверт өресі биік Атбасынан қашық емес Жасыбай көлінің жағасында үңгір ашып, суреттеген. Үңгір қазір зерттеушінің атымен аталады. Енді табылмас биіктігі он метр мүсіндер мен «Таскемпірлер» де суреттелген. Әр алуан тұрпатты және әр түрлі уақытта тұрғызылған қорғандардың көптегенін көруге болады. Ол үшін назарыңыз бен он шақты шақырым жол жеткілікті. Жолыңыз болса, бірінші болып салтанатты салт-жораны көзіңіз шалады. Үнемі қайғылы ма? Мұнда әрқашан бағалы археологиялық олжаларға тап боласың. Кейде тіпті уақыттардың өзара байланысын, біздің неандерталдықтарға тәуелділігіміз, олармен туыстығымызды сезесің. Қанша дегенмен, өткен уақыт болашақты анықтайды. Өткенсіз болашақты түсіну мүмкін емес. Қазақтың көрнекті ақыны О.Сүлейменов айтқандай, болашақты өткен шақ пен бүгінгі шақтан ажырату жиі қиынға соғады. Тегін білмейтін Ивандар мен Ахмедтердің лайықты тағдыр жасауға жарамдығы аз. Әсіресе қазір, адамзат жол айырығында тұрған кезде. Ірі философ – ойшыл Н.Рерих кеше, бүгін мен болашақтың өзара байланысы идеясын тапжылмай насихаттаған. БҰҰ қабылдаған оның ұсынған бейнелеме-байрағындағы мәңгілікті білдіретін шеңбердің ішінде тағы үш штрихтелген дөңгелек бар, олар өзара мәңгілік шеңберімен сабақтасқан өткеннің, бүгінгінің және болашақтың белгісі.
Өткен уақыт... Заманауи ғалымдардың бірқатары, соның ішінде белгілі профессор биолог П.Мариковский «қарлы адам» - иети осы күнге дейін адам меңгеріп мекендемеген, аз жүретін аймақтарда жасырын өмір сүреді деп есептейді. Өмір сүреді және көптеген ақбөкендермен бірге маусым сайын көшіп қонады. Оның түнгі өмірі оның тірі қалуына белгілі бір мүмкіндік береді. Оның ашылуын бірінші болып Баянауыл көрсетпес пе екен. Бұл әбден мүмкін.
Ұлттық парктің тарихи уақыты адамдардың есінде сақталған. Халқының бостандығы үшін күрескен батырлар жайлы көптеген аңыздар мен батырлар жырын тудырған жоңғарлардың жиі де аяусыз шабуылдары.
Аңыз-әңгімелердің ерекше, мүмкін басты бұлағын аңызға айналған Баянсұлуға қатыстырып жатады. Бұл өзінің еркіндігімен, сол уақыт жұпарымен тамаша халық біртума баға жетпес поэмасында қамтылған. Аңыз сол уақыттың қысқа энциклопедиясы болып табылады. Ән шығармашылығында философиялық-этикалық, тұрмыс мәселелері және имандық, тіпті кейбір тылсым телімдер дарынды үйлесіп жатыр. Поэмада табиғат сұлулығы да, адамның шын бақыты да, байлық пен кедейлік те, айырылудың ауыр тауқыметі де, сезімдердің құдіреті мен жараланған жүректер де, залымдық-адамгершілік те, сараңдық-дүниеқорлық та, жомарттық та, жалғандық-опасыздық пен адалдық та, өшпенділік пен махаббат та бар... Сертке деген адалдық... Қалайша мұның бәрі осылай сәтті де жарқын болып құрылған?.. Бүгін де, киіз үй құрылып, ұзақ күн демалыста қыр кеңістігінде атағы шыққан ақындар қонаққа келеді. Жарыстарға қатысу үшін жиналады, әңгімелеседі, ән айтады. Күй-әңгіме неғұрлым әсем болып, тыңдаушылардың жүрегіне жетсе, соғұрлым ақынның беделі мен құрметі жоғары. Желдірме мен тарихты көркем әңгімелеуде бәсекелеседі. Сауық кейде таңсәріге дейін жалғасады: бұл 11 отызда аяқталатын ресми концерт емес. Біреулер бір өлең-ән орындаса, екінші біреу дәл соны басқаша орындауда ұсынады, ал үшінші біреу мүлде басқа нұсқамен шығады. Ел есінде көпшілікті толғандырып, көңілінен шыққан ең мықты орындаушылар қалады. Бұл бір-ақ рет болып қойған жоқ. Он жылдықтар бойы болып қойған жоқ! Осылайша, дана түйіршіктерден поэманың жақұт кристалы пайда болған. Ал алынған біртума біз әлі мағынасын түсіне қоймаған Жердің Хомо сапиенсі үшін жалпыадамдық мәдениеттің керемет бөлігі. Сол алтын шығармалардың кез-келген біреуін жоғалту адам санасын мәңгілікке жүдетеді.
Баянауыл тау бөктерінде серуендеу үлкен ғанибет. Асфальттан он метрдей жер жүргеннен кейін олардың аймағына енесің. Алғашқы жартас ойықтарына өрмелеп шығасың. Күнқағардай төніп тұрған мәрмәр тымақтарға шығасың. Дәлме-дәл грузин-азербайжан қалпағы дерсің. Ал жанында, егер мәрмәр құймақтарымен баспалдақпен көтерілгендей солға жүрсеңіз, жайдары иілген қас пен күле қараған еріннің кескінін көресіз. Тағы бұрылып, көтерілсеңіз, аласа жартастан төгіліп тұрған сөйлемпаз жылғаға тап боласыз. Ол алаңшаның дәл ортасында кішігірім көлшік жасап қойған. Үлкендігі үш-төрт адымдық қана, бес сантиметрлік тереңдігі бар. Көлшік аспан көгі мен ерекше қалыңдығымен таңдандыраратын шөппеп шағылысады. Шүйгін, жарқын шөппен!.. Арша! Қызыл арша.
Өзінің мәңгі жасыл сұлулық шатырымен жасалған Қызыл арша сауырағаш, мәңгі жасыл ағаштардың туын мақтанышпен алып жүріп, табиғатты көркейтіп, өз мекендеу қуысын қорғап қалып күшін көбейте түседі, өзі іспеттес тіршілік иелерінің жаңа буынын береді. Сонымен бірге адам баласына көп пайда әкеледі. Жергілікті тұрғындар оны ревматизмді емдеуде жетістікпен қолданады, ал егерде тіс тазалау үшін қолданса, тележарнамадағы «қантсыз орбиттен» асып түсіп, тіс жылтырын сақтауға ғана көмектесіп қоймай, тістің қызыл етін де қорғайды. Аршаны басқа да бірқатар аурулардың алдын алу және емдеуде қолданады. Тағы бір айтатын жайт: қызыл арша бар жерде мумие болуы мүмкін.
Ландшафт пен Баянауыл өсімдік пен жануарлар дүниесінің осындай бақытты үйлесімділігі жұмбақты-тылсым мумие деп аталатын шайыр тәріздес заттың жиналуына мүмкіндік туғызады. Ал оңтүстікке, Ташкентке қарай архат-тас, Байкалдың ар жағында брагшин бар, ол барлық ауру-сырқаулардан, зақымдардың бәрінен дерлік емдейтін аңызға айналған дәрі, ауруды қысқа мерзім ішінде дерт мен бейнеттен арылтып, күш-қуатпен толтырады.

 

www.pavlodar.gov.kz сайтынан алынды

Bayanawıldıñ qaytalanbas jomarttığı men suluwlığı
 
Bayanawıl awdanınıñ atawın jiyi qazaqtıñ tamaşa Djuwlyettasımen baylanıstıradı. Tağdırı adamzattıñ ömiri men älemdegi şığarmaşılıqqa berilgen bar waqıt boyına ömir süretin äygili liyriykalıq poemasınıñ payda boluwınıñ bastawı bolğan Djuwlyettanıñ atımen. 21 mıñ şarşı kiylometrli aymaq qızdıñ atımen atalğanı ma? Qazaqstan şın mäninde jañanıñ qaynar közi! Ataluwdıñ endigi nusqası özgeşe. Ozıq guwmaniyst, belgili ağartuwşı Ş. Wäliyhanov Bayanawıl /Bayan-Ola/ sözin Amanşılıq, Asqaqtıqtıñ baqıttı tawları dep taldağan. Bul jerdiñ miykrokliymatı eñ surapıl degen qıstarda maldı qıstan aman-esen alıp şığuwğa mümkindik qaldıradı.
Bayanawıl Memlekettik Ulttıq parkiniñ alğaşqı äser qaldıratın körinisi — alasa boylı jasıl qarağaylarmen kömkerilgen aşıq tüsti jaydarı tawlar. Taw men qırat aralarında diñgekteri orıs orta qayıñdarınan kişirek, qalıñ ösken qayıñdar kemel Madonnanıñ janındağı jasöspirim qızdıñ pişini tärizdes. Qanşa degenmen, küydirerlik añızaq pen qısqı surapıl da suwıq burqasın borandar da boladı. Olar öz degenderin aladı.
Munda erekşe qayıñ da ömir süredi. Onday eşqayda joq, tek osında ğana bar. Adamnan öziniñ juldızdıq sağatın äli kütüwde. Selekciyonerlerdi kütüwde. Mayqayıñ - Maylı qayıñı. Onıñ erekşe balawız sebindisimen kömkerilgen japıraqtarı oğan ızalı jel men aptap ıstıqtı jeñüwge kömektesedi. Al ğalım-selekciyonerler nazar awdarar künge jeter me eken? Bükil älemde on şaqtısı ğana qaldı. Bükil älemde! Maykayıñ kenti bar emes pe? Sol qayıñnıñ atımen atalğan. Bizdiñ arğı alıs atalarımız añğarımpaz bolğan.
Sändi de qarapayım qayıñnıñ suluwlığımen qatar küzdigüni qızıl kelbeti nur şaşıp turatın kökterek ağaştarı da ösip tur. Suluwlığı jağınan terekter artığıraq ta siyaqtı. Olardıñ qızğılt säwlesi aynalanıñ bärin ğajayıp jılılıqpen qulpırtadı. Sonımen qatar qara moyıl, är türli iytmurın, qaraqat, tañquwray butalıqtarı ösip tur - ärїne niytrat pen tağı basqa pestiyciydsiz. Tağı da balapan qarağaylar. Al şöbi qanday, şirkin!..
Al märmär taw-quzdar şe, olardıñ suluwlığı özindik erekşeligimen tipti qaytalanbastay. Olardıñ basım köpşiligi tabiyğattıñ ğajayıp tuwındısı bolıp tabıladı. Olar adamğa keremet äser etedi — birewi tamsandıradı, basqası oyğa şomdıradı, müsindik keypinde qatal jalğandıq körinetin üşinşisi –— qanağatsızdıq sezimin uyalatadı, köp närseni özgertkiñ, tüzetkiñ keledi. Al keybir müsin-jartastar ezüw tartqızadı: olardıñ tınıştıq pen jarastıq keyipteri, äzilşeñ de siyaqtı. Muqatıp, bizdiñ adamdıq osaldığımızdı däl jetkizedi, sonday ğajayıptı da külkili... Bulardıñ bärinde de jel men suwdıñ, aptap pen ayazdıñ, boran men dawıldıñ jäne de künniñ izderi bar. Äriyne, waqıttıñ da. Bir ğajabı men öte mañızdısı: bunıñ bäri adam arqılı, onıñ aqıl-oyı arqılı körinedi. Biraq oğan bizden öziniñ bizge degen jomarttıq deñgeyinde qayta ma? Tabiyğattan alınğan şabıt pa? Şığarmaşılıq kiynolentalarda, körkem tuwındılarda, şeberlerdiñ müsinderinde me? Şığarmaşılıqtıñ tawsılmas qaynar közi! Kerisinşe, bizdi qorşağan ortağa Homo tuwındıları jetkiliksiz äserin umıtıp, tabiyğattıñ adamzat üşin mañızın ayta otıra, biz osı, tabiyğattıñ eñ mañızdı bölşegin jiberip almaymız ba?
Pavlodar oblısınıñ Alekseevka awılınan Bayanawıl awdan ortalığına bar bolğanı 50 şaqırım. Jol topıraqtı bolğanımen, jaqsı. Bir sağat, ne odan da az waqıt işinde baratın jeriñizge jetesiz. Eger jolıñız awdan ortalığınan bastalğan bolsa, aymaq jaylı naqtı tüsinik aluw üşin bağdardı bılay quruw jetkilikti: Bayanawıl — Malayqa — Torayğır köli — Serke-Kötergen-Tas tawı — Jasıbay köli. Bayanawıl awdanınıñ osı böliginde bäri de jetkilikti: tüye dep atalatın tastardıñ battaswı da, Kögerşin jartası da, Mıstan-Kempir men Nayzatas ta. Olardı bir sözben awdarğıñ kelmeydi. Orınsız. Sözbenen jetkizgisiz jerdiñ ataluw tereñdigi men romantiykasın tüsinip qana sol öñirdi janıñmen sezine alasıñ. Mısalı, Kögerşin tasın alayıq. Kögerşin. Bar awdarma osı. Al şın mäninde... Awdannıñ bar şınayı keremetin, onıñ mümkindiginiñ bolaşağın sezinüw üşin tek sol jerdiñ özinde, atawlar men aynalanı qorşağannıñ bäriniñ mañızına tereñ de, jete uğınğanda ğana mümkin siyaqtı.
Betinde mıñjıldıqtar burın bolğan jayttar beynelengen jartastardı körgende tolğanbaytın adam joq şığar. Tas däwiri adamınıñ qolımen maylı jıltılğa deyin jıltıratılğan qırğış tolqıtadı. Iñğaylı qırğış. Uştalğan timse ğana emes, tikşil şoşağı ustawğa sonday ıñğaylı qalaqşa! Onı qolıñızğa alıp paleoantrop jolı men öziñizdiñ jolıñız mıñjıldıqtar arqılı qiyılıp jatqanın sezinesiz. Al mine, miyliymetrlik belgileri bar öte muqiyat jasalğan uştıq. Bul belgilerdi tasqa tas aspappen jasağan!— tañırqaysıñ. Paleoliytiykalıq şeberdiñ jumısına: quzdıñ bökterinde tabılğan bulaqtıñ qoñırqay qalaqşasına, älde basqa bir buyımğa ma, köz salıp neğurlım köp tüsinseñ, soğurlım köp oyğa şomasıñ: olar bizden waqıt boyınşa onşa köp uzap ketpegen siyaqtı. Olar janımızda siyaqtı. Bizden birdeñeni suraytınday.Mına daq bala sawsağınıki siyaqtı? Biraq jıltıratılğan, yağniy uzaq waqıt boyı paydalanılğan, yağniy oyın men ermek üşin emes, al ol bala tutqın qul bolğanı ğoy? Aqiyqatında solay bolğan boluw kerek... Ömirdiñ sol izderin oqısa ğoy, şirkin... /
Munda belgili iri zerttewşi P.Dravert jartastağı jazuwlardı aşıp qana qoymay, sonımen qatar meñgirlerdiñ birqatarın siypattağan. Tiginen qoyılğan tas bağanalar keypindegi ejelgi eskertkişterdi. Özderiniñ tılsım qazınasımen tek Skandiynaviya, Angliya, Afriyka ğana maqtan tutpaydı eken. Bizdiñ danqtı Qazaqstan boyınşa olardıñ qanşaması bar! Alayda bul qasiyetti qundılıqtardı, jeke belsendi adamdardı äygilew äli jetkilikti qoldawdan alıs, habardar bolmawşılıq sebebiniñ basım köpşiligi osıda. Paleoliytiykalıq adamdar Bayanawıl ulttıq parkinde meñgirler men tastağı suwretter ğana emes, sonımen qatar taqta tärizdes öte ülken şoytastan salınğan köne jerlewler qaldırğan.
1926 jılı Dravert öresi biyik Atbasınan qaşıq emes Jasıbay köliniñ jağasında üñgir aşıp, suwrettegen. Üñgir qazir zerttewşiniñ atımen ataladı. Endi tabılmas biyiktigi on metr müsinder men «Taskempirler» de suwrettelgen. Är alwan turpattı jäne är türli waqıtta turğızılğan qorğandardıñ köptegenin körüwge boladı. Ol üşin nazarıñız ben on şaqtı şaqırım jol jetkilikti. Jolıñız bolsa, birinşi bolıp saltanattı salt-joranı köziñiz şaladı. Ünemi qayğılı ma? Munda ärqaşan bağalı arheologiyalıq oljalarğa tap bolasıñ. Keyde tipti waqıttardıñ özara baylanısın, bizdiñ neandertaldıqtarğa täweldiligimiz, olarmen tuwıstığımızdı sezesiñ. Qanşa degenmen, ötken waqıt bolaşaqtı anıqtaydı. Ötkensiz bolaşaqtı tüsinüw mümkin emes. Qazaqtıñ körnekti aqını O.Süleymenov aytqanday, bolaşaqtı ötken şaq pen bügingi şaqtan ajıratuw jiyi qiyınğa soğadı. Tegin bilmeytin İyvandar men Ahmedterdiñ layıqtı tağdır jasawğa jaramdığı az. Äsirese qazir, adamzat jol ayırığında turğan kezde. İri fiylosof – oyşıl N.Reriyh keşe, bügin men bolaşaqtıñ özara baylanısı iydeyasın tapjılmay nasiyhattağan. BUU qabıldağan onıñ usınğan beyneleme-bayrağındağı mäñgilikti bildiretin şeñberdiñ işinde tağı üş ştriyhtelgen döñgelek bar, olar özara mäñgilik şeñberimen sabaqtasqan ötkenniñ, büginginiñ jäne bolaşaqtıñ belgisi.
Ötken waqıt... Zamanawiy ğalımdardıñ birqatarı, sonıñ işinde belgili professor biyolog P.Mariykovskiy «qarlı adam» - iyetiy osı künge deyin adam meñgerip mekendemegen, az jüretin aymaqtarda jasırın ömir süredi dep esepteydi. Ömir süredi jäne köptegen aqbökendermen birge mawsım sayın köşip qonadı. Onıñ tüngi ömiri onıñ tiri qaluwına belgili bir mümkindik beredi. Onıñ aşıluwın birinşi bolıp Bayanawıl körsetpes pe eken. Bul äbden mümkin.
Ulttıq parktiñ tariyhiy waqıtı adamdardıñ esinde saqtalğan. Halqınıñ bostandığı üşin küresken batırlar jaylı köptegen añızdar men batırlar jırın tuwdırğan joñğarlardıñ jiyi de ayawsız şabuwıldarı.
Añız-äñgimelerdiñ erekşe, mümkin bastı bulağın añızğa aynalğan Bayansuluwğa qatıstırıp jatadı. Bul öziniñ erkindigimen, sol waqıt juparımen tamaşa halıq birtuwma bağa jetpes poemasında qamtılğan. Añız sol waqıttıñ qısqa enciyklopediyası bolıp tabıladı. Än şığarmaşılığında fiylosofїyalıq-etiykalıq, turmıs mäseleleri jäne iymandıq, tipti keybir tılsım telimder darındı üylesip jatır. Poemada tabiyğat suluwlığı da, adamnıñ şın baqıtı da, baylıq pen kedeylik te, ayırıluwdıñ awır tawqımeti de, sezimderdiñ qudireti men jaralanğan jürekter de, zalımdıq-adamgerşilik te, sarañdıq-düniyeqorlıq ta, jomarttıq ta, jalğandıq-opasızdıq pen adaldıq ta, öşpendilik pen mahabbat ta bar... Sertke degen adaldıq... Qalayşa munıñ bäri osılay sätti de jarqın bolıp qurılğan?.. Bügin de, kiyiz üy qurılıp, uzaq kün demalısta qır keñistiginde atağı şıqqan aqındar qonaqqa keledi. Jarıstarğa qatısuw üşin jiynaladı, äñgimelesedi, än aytadı. Küy-äñgime neğurlım äsem bolıp, tıñdawşılardıñ jüregine jetse, soğurlım aqınnıñ bedeli men qurmeti joğarı. Jeldirme men tariyhtı körkem äñgimelewde bäsekelesedi. Sawıq keyde tañsärige deyin jalğasadı: bul 11 otızda ayaqtalatın resmiy koncert emes. Birewler bir öleñ-än orındasa, ekinşi birew däl sonı basqaşa orındawda usınadı, al üşinşi birew mülde basqa nusqamen şığadı. El esinde köpşilikti tolğandırıp, köñilinen şıqqan eñ mıqtı orındawşılar qaladı. Bul bir-aq ret bolıp qoyğan joq. On jıldıqtar boyı bolıp qoyğan joq! Osılayşa, dana tüyirşikterden poemanıñ jaqut kriystalı payda bolğan. Al alınğan birtuwma biz äli mağınasın tüsine qoymağan Jerdiñ Homo sapiensi üşin jalpıadamdıq mädeniyettiñ keremet böligi. Sol altın şığarmalardıñ kez-kelgen birewin joğaltuw adam sanasın mäñgilikke jüdetedi.
Bayanawıl taw bökterinde serwendew ülken ğaniybet. Asfalttan on metrdey jer jürgennen keyin olardıñ aymağına enesiñ. Alğaşqı jartas oyıqtarına örmelep şığasıñ. Künqağarday tönip turğan märmär tımaqtarğa şığasıñ. Dälme-däl gruwziyn-azerbayjan qalpağı dersiñ. Al janında, eger märmär quymaqtarımen baspaldaqpen köterilgendey solğa jürseñiz, jaydarı iyilgen qas pen küle qarağan erinniñ keskinin köresiz. Tağı burılıp, köterilseñiz, alasa jartastan tögilip turğan söylempaz jılğağa tap bolasız. Ol alañşanıñ däl ortasında kişigirim kölşik jasap qoyğan. Ülkendigi üş-tört adımdıq qana, bes santiymetrlik tereñdigi bar. Kölşik aspan kögi men erekşe qalıñdığımen tañdandıraratın şöppep şağılısadı. Şüygin, jarqın şöppen!.. Arşa! Qızıl arşa.
Öziniñ mäñgi jasıl suluwlıq şatırımen jasalğan Qızıl arşa sawırağaş, mäñgi jasıl ağaştardıñ tuwın maqtanışpen alıp jürip, tabiyğattı körkeytip, öz mekendew quwısın qorğap qalıp küşin köbeyte tüsedi, özi ispettes tirşilik iyeleriniñ jaña buwının beredi. Sonımen birge adam balasına köp payda äkeledi. Jergilikti turğındar onı revmatiyzmdi emdewde jetistikpen qoldanadı, al egerde tis tazalaw üşin qoldansa, telejarnamadağı «qantsız orbiytten» asıp tüsip, tis jıltırın saqtawğa ğana kömektesip qoymay, tistiñ qızıl etin de qorğaydı. Arşanı basqa da birqatar awruwlardıñ aldın aluw jäne emdewde qoldanadı. Tağı bir aytatın jayt: qızıl arşa bar jerde muwmiye boluwı mümkin.
Landşaft pen Bayanawıl ösimdik pen janwarlar düniyesiniñ osınday baqıttı üylesimdiligi jumbaqtı-tılsım muwmiye dep atalatın şayır tärizdes zattıñ jiynaluwına mümkindik tuwğızadı. Al oñtüstikke, Taşkentke qaray arhat-tas, Baykaldıñ ar jağında bragşiyn bar, ol barlıq awruw-sırqawlardan, zaqımdardıñ bärinen derlik emdeytin añızğa aynalğan däri, awruwdı qısqa merzim işinde dert men beynetten arıltıp, küş-quwatpen toltıradı.
 
www.pavlodar.gov.kz  saytınan алынды.
 
Баянауыл - Bayanawıl
 
 
 
 
 
Кіру түрі
Е-майл:
Кілтсөз:
Фотосуреттер

Іздеу
Күнтізбе
«  Ақпан 2012  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829
Мұрағат
Сілтемелер
  • Қазақша Уикипедия
  • Мәдени мұра
  • Тіл порталы  
  • Ертіс дидары
  • Мен қазақпын сайты
  • Қазақтар сайты
  • Мәскеу қазақтары
  • Мәссаған порталы
  • Абай порталы
  • Электронды кітапхана

     
  • Кездесейік  * Сөйлесейік * Бірігейік  ***   Copyright Kayranelim © 2009-2011
    Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
    Форумдағы, чаттағы жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып есептелмейді
     
     Whois.1in.kz - рейтинг лучших сайтов Казнета Рейтинг ресурсов KAZ.KZ Resurs.kz: сайты Казахстана и раскрутка сайта Создать сайт бесплатно Каталог Казахстанских ресурсов TABU Сайты Казахстана, казахстанские сайты, казахские сайты, сайты в Казахстане HotLog