Қайран Елім - Лебяжі ауданы
Бейсенбі, 23.02.2012
Қайран Елім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Павлодар облыстық филиалының  сайты
Бір ұлт
Бір тіл
Бір мүдде
Сайт мәзірі
Бөлім санаттары
Тіл [29]
Дін [7]
Әлем [19]
Аймақ [7]
Қоғам [30]
Отандас [47]
Руханият [16]
Түркі Әлемі [4]

Сөйлесейік

Пікіртерім
Қандастарымыздың Елге оралуын қалайсыз ба?
Барлық жауаптар саны: 190
Санақ

Қазір онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
free counters

Аққу ауылы жердің солтүстік қапталында айдын көл болыпты мыс. Онда аққулар мекендейді екен. Қазақ станицасы өзінің атауын осыдан алыпты.
Бұл-бәлкім шындық. Бірақ бүгінгі ұрпақ үшін аңыз. Шындық дейтініміз, үлкендер айтушы еді, көктемде Ертіс тасығанда аудан орталығы мен Широкое ауылының арасын тұтас су алып кетеді деп. Ол су шілдеде Ертіс екінші рет көтерілгенде одан сайын молайып, кей жылдары ауылдың шығыс қапталында жатқан Ақсор көліне барып құяды деп. Жамбыл ауылынан сәл төменіректе жатқан Баймұрат тоғайын, одан әріде Байжан тоғайын кемерлеп, Шабар құмына құйылып, Шәмші ауылының жарқабағына соғып, айдынданып жатады екен. Бүгіндері болса су қатты көтерілді дегенде екі елді мекен арасындағы терең өзектің табанында ғана жылтырайды. Аққуы ұшып, қазы қонған айдын тартылды, бүлдіргенді, доланалы нуы селдіреді. Бұл адамның өз қолымен жасағаны: Ертістің жоғарғы ағысында су қоймаларының тұрғызылуы салдарынан шабындықтың суға мейірі қанып тойынуы жоқ. Ертеректе, шамада елуінші жылдары, құлама жарға келіп ақ пароход тоқтаушы еді. Айны екі рет Семейден Омбыға, Омбыдан Семейге қатынайтын ақ пароходтың келуі Лебяжі өңірі үшін айтулы оқиға болатын: соғыстан кейінгі ашөзектеу кез- ауылдың тайлы-таяғы қалмай жинаған азын-аулақ құрт-майын айырбасқа салуға пароходқа ұмтылысатын. Ол кездері ел Алматыға негізі Семей арқылы қатынайды. Оқуға, іссапарға шыққан азаматтар артынып-тартынып ақ параходқа мініп жатады. Балаларға пароход жүріп өткен соң Ертістің бұйра толқынына биік жарқабақтан секірудің өзі бір ерлікке пара-пар. Өскеменнен бермен қарай Ертісті «Ақ Ертіс» деп атайды. Осы Ақ Ертісті шілде-тамыз айларында кей тұсынан жаяу дерлік кешіп өтуге болады.
Ел азаматтары бас қосып, осыдан сәл ілгеріде орысша «Лебяжі» аталып келген ауыл атын «Аққу» деп өзгертті. Бірақ, оның ел аузындағы тарихи атауы «Қиық» болатын..
«Лебяжіні қазақтар» «Қиық» деп бекерге атаған жоқ екен. Ертістің биік жарқабағының астына орналасқан бұл станицаның дөңінен қарағанда өзенге қарай созылған көшелері қиғаштай, қиығынан көрінеді». (Сәбит Мұқанов, «Аққан жұлдыз», А. 1976, 226-бет). Академик-жазушының бұл жолдарындағы шындық-қазақтардың «Лебяжіні» ежелден «Қиық» деп атауы. Бірақ, неге солай атағаны таласты нәрсе. Өйткені станицаны Ертістің жарқабағына көтеріліп қараған (тамашалаған) қазақтың болмағаны кәміл. Шындығы мынау болса керек: патша үкіметі өзінің қазақ жерлерін отарлау саясатында қазақ станицалары мен қазақ ауылдарының ара жігін ажыратып ұстауға ұмтылды.
«Кахармандық ғасырының» ақтаңдақтары
Шоқан Уәлиханов «XVIII ғасыр қазақ халқының кахармандық ғасыры болды» деп жазады (Ч.Валиханов. «Избранные произведения». А.1952.
Рас, осы ғасырда қазақ халқы тізе қосып, өз елін жоңғар басқыншылығынан толық азат етті. Сонымен бірге осы ғасыр қазақ халқының ұлт ретінде тарихта қалу-қалмауы таразыға түскен алмағайып қаңды-шерлі оқиғалар ғасыры да болды. «Ақтабан шұбырындыға» түсіп
(1723), сол кездегі оқиғалардың куәсі болған жылнамашылардың деректері бойынша халқының үштен бірінен айырылды. Екі жүз жылдан астам уақытқа созылған әуелі ақ патшаға, одан соң қызыл империяға тәуелдік те осы ғасырдың үлесінде. Қазақ тарихының осы қайғылы беттері Лебяжі ауданының өткенінен де айна-қатесіз көрінеді.
Осы уақыттың тудырған тағы бір аңызы-Ямышев бекінісін патша өмірімен подполковник Бухгольцтің салуы. Бұл қаншалықты әділ. Қолымыздағы құжаттар не дейді?
«1715 жыл-подполковник И.Д.Бухгольцтің әскери экспедициясы Ертіс өзенінің бойында Ямышев бекінісін салды».
«1716 жыл-И.Д.Бухгольцтің экспедициясы Ом өзені бойынд Омск бекінісін салды.
«1716 жыл-подполковник Ф. Метигировтың әскери отряды Ямышев острогын қайта көтерді». «1716 жыл-Ямышев острогына подполковник П.Т Ступиннің басшылығымен жауангерлік саптағы кі полк жіберілді. Шведтің тұтқын офицері Каландердің жобасымен Ямышев бекініске айналдырылды.
Мұнын бәрі ақиқат және халқымыздың ұрпаққа ұран ететін ерлік тарихы. Ал турасында жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес жалпыхалықтық сипат алған жағдайда тарих бетіне есімдері түспей қалған қахарман ата-бабаларымыз қаншама! Ақын Нұрлыбек Қайдаров «Лебяжі ауданының тарихы» атты еңбегінде солардың бірін бәсентиін руынан шыққан Зомбы батырдың есімін атайды. Орыс жылнамаларында «Түркістаннан шыққан қазақтардың алғы көшінде... уақ және бәсентиін рулары болды» («Материалы по киргизскому землепользованию» 1903г.) деп көрсетсе, Ертістің оң қапталына алғашқылардың қатарында елің бастап алып келген, осында түбегейлі қоңыстандырған ардагерлердің бірі осы Зомбы батыр болуы әбден ықтимал. Автор «XVIII ғасырдың басында Сыр бойынан Ақмола арқылы келшен” деп жазады.
"По свидетельству Оренбургского генерал-губернатора Г. Волконского в XVIII веке 2 рода племени аргын в числе 9000 семей зимовали и кочевали по Иртышу” деген жолдарды оқимыз 1928 жылы жарық көрген "Краткий исторический очерк Семипалатинского края до 1917 года” деген еңбектен (Семей облыстық кітапханасының сирек қорында сақтаулы). Ал бәсентиіннің арғын руының бір тарабы екенін ескерсек. Зомбы туралы аңыз ақиқатқа бет бұра бастайды. Бірақ автордың «келген” деген сөзі ақиқат емес. Жоғарыда айтылған Ямышев-Босбос маңындағы сойқанның өзі бұл оралудың жорық көші болғанын көрсетеді. Қазақстар Сырдан Ертіске дейінгі даланы 1723 жылғы "ақтабан-шұбырындыдан” кейінгі 1727-1730 жылдарғы жеңісті шайқастардан соң еңсесін тіктеп, жауды өкшелей отырып, ұрыспен өтті.
Біздің қолымызға түскен тағы бір дерек бойынша бәсентиін руын Түркістаннан Есенгелді би бастап келген. "Түркістан маңынан 200 мың адам жүр көтеріліп, жауды өкшелей отырып, Арқаға бет алған. Оны Есенгелді би бастап отырды. Зомбы Есенгелдінің баласы еді. Асқан батыр болды. Оның ел құрметіне бөленуінің бір дәлелі-дүние салғанда Зомбыны жұрты айрықша құрметтеп, сүйегін Арқадан Түркістанға жеткізіп жерлеген екен. Зомбының немересі Боздақ әрі би, әрі батыр болған. Ертіс бойындағы қоныс үшін орыс колонистерімен 15 жыл ұрысқан. Бұл, тегі бәсентиіндердің әлі оң қапталға өте қоймаған кезі болса керек. Өйткені Ертістің сол қапталында, Май ауданының жерінде екі жер атауы Бозарал және Аяққалған осы адамның есімімен байланысты. Көнекөз қариялардың айтуында туының астына 15 мыңға дейін жігіт жинаған. Ақыры ұрыста қаза болған. Оның баласы Байдалы осы аумақта, орта жүз руларына сөзі жүрген дуалы ауыз билердің соңы болды”,-әкесі Мұхамед-Садықтың ауызынан жазып алған Серік Кәрім”.

Кіру түрі
Е-майл:
Кілтсөз:
Фотосуреттер

Іздеу
Күнтізбе
«  Ақпан 2012  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829
Мұрағат
Сілтемелер
  • Қазақша Уикипедия
  • Мәдени мұра
  • Тіл порталы  
  • Ертіс дидары
  • Мен қазақпын сайты
  • Қазақтар сайты
  • Мәскеу қазақтары
  • Мәссаған порталы
  • Абай порталы
  • Электронды кітапхана

     
  • Кездесейік  * Сөйлесейік * Бірігейік  ***   Copyright Kayranelim © 2009-2011
    Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
    Форумдағы, чаттағы жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып есептелмейді
     
     Whois.1in.kz - рейтинг лучших сайтов Казнета Рейтинг ресурсов KAZ.KZ Resurs.kz: сайты Казахстана и раскрутка сайта Создать сайт бесплатно Каталог Казахстанских ресурсов TABU Сайты Казахстана, казахстанские сайты, казахские сайты, сайты в Казахстане HotLog