Қазақстанның Ресеймен қосылғанына дейін, ауданның жер көлемі Орта Жүзге қарады. ХІХ ғасырда аудан Омбы облысына қарады. 1833 жылынан 1868 жылға дейін Баянауыл аймағына қарады. Павлодар уезі құрылғаннан кейін, ауданның көп жері Павлодар уезіне кірмей Семей уезіне қарады. Ал Белогорье мен Қызыл-құрама ауылдары Павлодардың Ақсу болысына қарады. 1928 – 1929 жылдары болыстардың орнына аймақтар құрылды. Осы жылдары ауданның жер көлемі Семипалатинск аймағына қарап, орталығы Малдар ауылы, Қызылтаң ауданы болып бекіді. 1932 жылы ауданның бір бөлігі Павлодар облысының Бесқарағай ауданына қараса, екінші бөлігі Баянауыл ауданына қарады. 1938 жылдың 15 қаңтарынан бастап Павлодар облысы құрылғандықтан Ертіс өзенінің оң жақ және сол жақ жағалаулары Павлодар облысына қарады. 1939 жылдың 16 қазанында Қазақ ССР Жоғары Президиумы Кеңесінің Жарлығымен Май ауданы құрылды. Май ауданына Баянауыл ауданының 2 ауылкеңесі мен Бесқарағай ауданының 6 ауылкеңесімен қатар Каганович ауданының Жалтыр ауылкеңесі кірді. Май ауданының орталығы, Май ауылы болды. 1963 жылдың 2 қаңтарында Қазақ ССР Жоғары Президиумы Кеңесінің Жарлығымен Май ауданы таратылды. 1964 жылдың 31 желтоқсанында Қазақ ССР Жоғары Президиумы Кеңесінің Жарлығымен Май ауданы қайта құрылды. (1992 жылдан бастап Көктөбе селосы) |