Павлодар қаласының тарихы 1720 жылдан бастау алады. Осы уақытта Ертіс өзенінде Коряков форпосты пайда болады, бұл атауға ие болу себебі Коряков өзенінде табылған тұзға байланысты. 1838 жылы ол Коряков елдімекеніне айналады, ал 1861 жылдың сәуір айында Коряковка «Павлодар атты штаттан тыс қала» деген мәртебеге ие болады. 200 жылдан астам кезең ішіндегі қала тарихында көптеген өзгерістер болып өтті. Қазіргі заманға сай, жасыл әрі әсем, ол Қазақстанның ең әдемі қалаларының біріне айналды. Бүгін Павлодар қаласы - Ертіс өзені жағасы жазығында, Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан облыстағы ең үлкен қала болып саналады. Қаланың құрамына Ленин кенті, Мойылды, Павлодар ауылдары, Кенжекөл ауылдық округі сияқты елді мекендері кіреді. Қаланың аумағы 637,8 мың ш.км. құрайды. Қалалық әкімдік пен қалалық мәслихат жергілікті басқару органдары болып табылады. Қаланың қалалық және ауылдық мекендерінде 328,1 мыңнан аса адам тұрады. Ұлттық құрамы бойынша: қазақтар - 36,7 %, орыстар - 47,2 %, өзге ұлттар - 16,1 %. Ағымдағы жылдың қаңтар айында қаладағы демографиялық жағдай халық санының 262 адамға көбеюімен сипатталады, аталған кезең ішінде АХАЖ органдарында 564 туу куәліктері және 173 неке тіркелді. Теміржол мен автомагистральдар тоғысқан қиылыста орналасқан Павлодар қаласы облыстың барлық елді мекендерімен, Қазақстанның облыстық орталықтарымен, таяу және алыс шетел (Ресей Федерациясы, ҚХР, Германия) елдерінің қалаларымен транзиттік мүмкіндікке ие. Қала әуежайынан республика бойынша, сондай-ақ, Ресейге, Германияға, Түркияға, Қытай мен Араб Эмираттарына үздіксіз әуе рейстері ұшып тұрады. Қуатты өнеркәсіптік, экономикасы мен мәдениеті дамыған орталық болып табылатын Павлодар өзінің әлеуеті бойынша республикада жетекші орындардың бірін иеленеді. Павлодарда экспортты бағыты бар болат пен бүтін құбырларды жасап шығаратын металлургиялық кәсіпорындар, сондай-ақ, мұнай өңдеу, электрлік, электрондық және оптикалық жабдықтарды жасап шығаратын, қайта өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары жұмыс істейді. Жалпы экономика саласында тұрақтылық сақталып отыр, қалада 2009 жылғы 1 наурызға 5214 заңды тұлға тіркелді, оның ішінде 408 - мемлекеттік, 4719 – жеке меншік, тіркелген кәсіпорындардың ішінде шетел өкілдерінің қатысуымен бірлескен кәсіпорындардың саны да аз емес. Қаңтар–ақпан ішіндегі өндірілген өнеркәсіптік өнімнің көлемі 34501,5 млн. теңгені (физикалық көлемінің индексі – 101,4 %), негізгі капиталға инвестициялар - 8054,3 млн. теңгені құрады. Шағын кәсіпкерлік саласын сипаттайтын экономикалық көрсеткіштер экономиканың аталған секторында қалыптасып жатқан оң үрдістердің айғағы. 2009 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша қалада шағын кәсіпкерліктің 19 732 субъектісі қызмет етеді. Шағын бизнес саласында жұмыс істейтіндердің саны 34 707 адам немесе Павлодар қаласының экономикалық белсенді халқының жалпы санынан 19,5 % құрайды. Бюджетке түсімдердің көлемі 851,3 млн. теңгені құрады. 2008 жылы «Павлодар қаласында 2008 жылға арналған тұрғын үй құрылысын дамыту» аймақтық бағдарламасына сәйкес жалпы көлемі 36,8 мың ш.м. 5 ипотекалық тұрғын үй іске қосылды, оның ішінде 100 мектеп пен 100 емхана Республикалық бағдарламасы шеңберінде жалпы көлемі 14,8 мың ш. м. - 2 тұрғын үй, жалпы көлемі 10 мың ш.м. - 2 коммуналдық тұрғын үй (126 пәтер) іске қосылды. 2009 жылдың екі айы ішінде барлық көздер есебінен тұрғын үйді іске қосу 5210 ш.м. құрады, барлығы жеке меншік салушылар есебінен жүргізілген. Павлодар қаласының еңбек нарығы халықтың жұмыспен қамту деңгейінің өсуімен және жұмыссыздық деңгейінің азаюымен сипатталады. Тіркелген еңбек нарығындағы жұмыссыздық деңгейі 2009 жылғы 1 қаңтардағы мәліметтермен салыстырғанда 0,2 % ұлғая түсті және 0,8 құрады. Болжам бойынша қала кәсіпорындары 2009 жылы 1570 жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр. Павлодар қаласының білім беру жүйесі түрлі бағыттағы оқу мекемелерінің желісі болып табылады. Оның ішіне мынадай білім беру мекемелері (48 жалпы білім беру мемлекеттік мектептері, 47 мектепке дейінгі ұйым, 27 колледж, 15 кәсіби мектеп пен лицейлер, 11 мектептен тыс ұйымдар және т.б.) кіреді. Білім берудің мемлекеттік және жеке меншік ұйымдарында оқитын балалар мен жасөспірімдер саны 44 800, оның ішінде 11 425 – бала бақшадағы балалар. Балаларды мемлекеттік тілде оқыту мен тәрбиелеу ұйымдарының жүйесі дамуда, қалада мемлекеттік тілде тәрбие беретін 8 бала бақша бар, аралас тілде - 31, олардың ішінде 4 500- ден астам бала мемлекеттік тілде тәрбиеленеді. Қазақ тілінде білім беретін 5 мектеп пен 19 аралас мектептерде мемлекеттік тілде 7 700 оқушы білім алады. Қалада С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар мемлекеттік педогогикалық институты, Еуразия инновациялық университеті, арнаулы оқу мекемелері қызмет етеді. Қалалық денсаулық сақтау жүйесіне емдеу-сауықтыру ұйымдары кіреді - 4 поликлиника, қаланың шеттегі шағынаудандарындағы 5 дербес дәрігерлік амбулатория, ауылдардағы 3 дәрігерлік амбулатория, жедел жәрдем ауруханасы, № 1, 2, қалалық ауруханалар, облыстық диагностикалық орталық, балалар стоматология поликлиникасы, қалалық балаларды сауықтыру орталығы, жедел жәрдем станциясы, сондай–ақ, жеке меншік медициналық мекемелер. Павлодар – спорт орталығы. Салауатты өмір салтын қалаушылар спортпен белсенді шұғылдануда. Қалада 5 стадион, «Астана» мұз сарайы, 8 спорт кешені, 9 жүзу бассейні, 132 спортзал, «Юность» жеңіл атлетикалық манежі және т. б. бар. Павлодар қаласы өзінің атақты спортшы жерлестерін мақтан етеді. Олардың ішінде Нагана қаласында өткен XVIII қысқы Олимпиадасының қола жүлдесінің иегері - Людмила Прокашева; келешегі алда, жас шаңғышылар, Қазақстанның бірнеше мәрте чемпиондары, Турин қаласында (Италия) өткен XX қысқы Олимпиада ойындарының қатысушылары, Республика құрамасының мүшелері - Головко Андрей және Кривушкин Денис; Қазақстан Республикасының жеңіл атлетикадан құрама командасының мүшесі, Қазақстан Республикасының және Азиат (Тайланд) ойындарының чемпионы - Валиев Роман; дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионы, «А» тобындағы Әлем Кубогының қола жүлдегері – Әлмұқашев Саят және т.б. Павлодар қаласының спорттағы мақтанышы, Қазақстанның бес мәрте чемпионы, республиканың премьер-лигасында ойнайтын – «Ертіс» футбол командасы. Театрлар, мұражайлар, кітапханалар, мәдени-демалыс мекемелері павлодарлықтар үшін мәдени қызмет көрсету орталықтары болып табылады. Қалада Ж. Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалық - драма театры және А. П. Чехов атындағы облыстық драма театрлары, 5 мұражай - Г. Н. Потанин атындағы облыстық өлкетану мұражайы, облыстық көркем - сурет мұражайы, Бұқар Жырау атындағы әдебиет пен өнер облыстық мұражайы, П. Васильев атындағы мұражай үйі, Шафер Үйі бар. Достық үйі ашылды. Қала мәдениетін дамытуға Қалалық мәдениет сарайы, «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығы, «Космос» Жастар үйі және басқа мәдениет ошақтары үлкен үлес қосуда. Павлодарда 24 кітапхана және 3 кинотеатр жұмыс істейді. Қазақстан халықтарының Кіші Ассамблеясының 20 ұлттық мәдени орталықтары өз қызметін атқаруда. 300 –ден аса ҮЕҰ белсенді жұмыс істеуде. Қызмет етіп отырған ҮЕҰ санының өсуі әлеуметтік серіктестікті қолдауға бағытталған мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдардың қалыптасқан өзара қызмет ету жүйесі арқылы іске асуда. Бұдан басқа, қалада балаларды мәдениет, спорт және қоғамдық пайдалы еңбек іс-шараларына тартатын 3 балалар-жастар орталықтары бар. Орталықтарда күн сайын аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан шыққан 200 бала мен жасөспірім ақысыз білім алады. Қаланың қазіргі заманғы келбетін дәстүрлі сәулет стилінің элементтері үйлесімді толықтырады, атап айтқанда, соңғы жылдары салынған Мәшһүр Жүсіп атындағы Орталық мешіт пен Благовещенск кафедралық соборы. Бұл зәулім ғимараттар қала тұрғындары үшін діни орталықтар ғана емес, сымбатты сәулет құрылыстары ретінде де қабылданады. Қаланың, әсіресе қала тұрғындарының демалыс орындарын көгалдандыру мәселесіне үлкен назар аударылады. Қала аумағында 32 тынымбақ, 5 бульвар және Ертіс өзенінің көріктендірілген Орталық жағажайы бар. Жыл сайын қаланың жасыл аймағы кеңеюде, өткен жылы 400 ағаш жер кесегімен қоса, 15 000 ағаш көшеттері мен бұталар отырғызылды; ПИК (пәтер иленуші кооперативтері) білім беру мекемелеріне 2940 көшетті отырғызуға берді. Студенттер мен оқушылардан құралған «Жасыл ел» еңбек отрядтары қаланы көгалдандыру іс-шараларына белсенді араласады.
|