Алам деп алмай кетіп айттрып ап,
ойбай ай мен бейшараны жерге тықты.
айтып едім басында жолама деп,
Махаббат деген еш мүңсіз болама деп.
Ролтон жесем де бақттымын деп,
жылынып едім жүгініп мамама кеп.
Сарбаз:
Көп болды бір өзіңді көрмегелі,
Сәлем салып қолымды бермегелі.
Уақыт болмай жұмысым бастан асып,
Біраз болды Интернетке кірмегелі.
Мұндайда нағыз ару қамықпайды,
Жоқшылық қанша қысса тарықпайды.
Бір-бірін нағыз сүйген ғашық жандар,
Күтуден ешқашанда жалықпайды.
Сен барда басқаларға қарамаймын,
Бар жақсымды өзіңнен аямаймын.
Бес ұл тауып Саражан берсең егер,
Алақанға салып ап аялаймын.
Нара:
Көп болды мүнда рас келмедіңіз,
сағыныштан сарғайды келбетіміз.
айтысып бұл Сарамен күндіз-түні,
ән мен жырдың бесігін тербетіңіз.
Жаным ау, таусылмайтын жырым бе едің?
көп болды көздеріме көрнбедің.
құшақтар айқасып та үлгерген жоқ,
сені аңсап шөлркейді еріндерім.
Егер сен асырасаң бес-алтауды,
онда мен туып беруге ерінбедім.
оларды да ролтон мен асырсаң,
боларсың қайтып ғана теңім менің.
Әйелдің шын бақыты бала емеспе,
акелші бетіңіді күнім менің.
Сарбаз:
"Адамның бар қызығы бала" деген,
Өмір қызық шынымен баламенен,
Ашығып қалады-ау деп қорықпа жаным,
Соғым сойып әкелем ауылдан мен.
Жақында Алматыға жол саламын,
Желтоқсанның басында іссапарым.
Сәтін салса сол жақта жолығайық,
Планын болашақтың қолға алайық.
Сара қыз Құрбан айтың қабыл болсын!
Жортқанда жолбарыстай жолың болсын!
Тілеген тілектерің қабыл болып,
Шын досың өмірдегі Сарбаз болсын,
Енді біз той қамына қамданайық,
Шақырып шартарапқа жар салайық.
Екеуміз екі қапты қолға алып,
Керекуді китайский товарға толтырайық. Хайләйлім, хайлім,хайләйлім-ай!
Нара:
Бірге болсын айтыңыз Сарбазжаным,
көп жігіттің ішінен таңдағаным.
дайын болса сен жақта тойдың қамы,
қарап жүрмей мендеғы қамданайын.
Келем дедің желтоқсан айдың басы,
іріктеген жігітсің сайдың тасы.
ролтон, деп айта бердік айтысымыз,
ролтон болып кеттіме қайрмасы.
Бөлісейік бұл тойды қалың көппен,
қуаншы еді олардың көптен күткен.
Қытайский товар арзан болганымен,
Қытайский қызды арзан деппең?!
Мініп алып шапкандай көкдөненге,
жалғыз атты тарта берме көлденеңге,
қыздың құны 46 байтал деген,
қорада нең бара еді одан өңге?
Сарбаз:
Аллажан қабыл қылғай тілегімді,
Осы сайттан тапқандаймын тірегімді.
46 байталды жеткізу қиын,
Одан да ұстатамын жүрегімді.
Көрмесем жаным сені елеңдеймін,
Жақында Алматыға келем деймін.
46 байталды айдап келіп,
Көшесінен бас қаланың сені іздеймін.
Нара:
Міне жігіт дайын түрған бәріне,
қызы үшін, бойлаған өмір мәніне.
осы сөзің жақты менің жаныма,
қараймын гой мендағы жігіт әліне.
Махаббат үшін, ерлік жасау,мойымау,
ездер үшін тозақтан да қиындау.
бақытты болам деудің бір жолы,
ол-Махаббаттың құдыретін мойындау!
Сарбаз:
Алтайдың ар жағынан келген арман,
Өзіңдей ару қызды қайдан табам.
Ақылды, өр намысты, ақын жанды,
Сұлулар ешқашанда болмайды арзан.
Нара:
Алтынның қадіріне жақсы жетер,
жаманға арман түргой,асыл бекер.
өзіңдей шын жақсыға бір жолықпай,
көміліп қайран көңіл өксіп өтер.
Жан екенсің жағымды өзі сетер,
түла бойды балқытқан сөзі шекер.
жақсыға қосылмасам қослмайын,
дос болсамда жүректің кірі кетер!
Сарбаз:
Аталы сөзді аяққа таптамаймын,
Жаман сөзді ермек қып жаттамаймын.
Саражан өзіңдей ақын, сұлу қызбен,
Айтысудан ешқашан шаршамаймын
Айтысып арманыма қанат қағам,
Лапылдап қазақ десе оттай жанам.
Өзіңдей өр мінезді ару қызбен,
Айтысудан Саражан ләззат алам.
Нара:
Көп Рахмет Жасмин қыр қызына,
жарқыраған қазақтың жүлдызына.
Сарбазжан негып жатсың жүр кетейік,
қанып болсаң канекей қымызыңа.
Сонымен келем дедің ат терлетіп,
қыз алғалы Қытайдан бөктерлетіп.
сөзімді Қытайский товардай жалган деме,
кетпеспін сені ешқашан өкпелетіп.
Жігітім таңдап сүйген екі дұние,
жіберейін атыңды көкке өрлетіп.
Сарбаз:
Ыстық шайды ұрттаймын үрлеп-үрлеп,
Нурижан пейіліңе рахмет.
Бақаны берсеңдағы сүрлеп-сүрлеп,
Жемеймін аш қалсам да жадап-жүдеп.
Қымызға қанып алып масайраймын,
Саражан жаныңа кеп аялдайын.
Көңілің нені қалайд айтшы қалқам
Өзіңнен ештеңемді аямаймын
Нара:
Ой Сарбаз, жібердің ғой зарықтырып,
қойдым ба алде сені жалықтырып?
алайын деппе едің әміріңе,
зарқырып, Сараны арық қылып?
Неше күн сені күттім осы маңда,
жібердің ғой жанымды жарық қылып.
Шай демдеп жатыр еді Нури Құрбы,
сен жоқ тәбетім де құри қойды.
Бақа-шаян беред деп шошымағын,
мен саған мұсылман боп қосыламын.
имандылық көрінер келбетімнен,
сүйейінші жаным ау кел бетіңнен.
Бақа-шян жейтүғын арам жандар,
ас табалмай қалғандай жер бетінен.
құрысншы аулаққа өз бетімен.
тапқандайсың күнім ау күңілімді,
Өзгертем деп серт еттің өмірімді.
шын сүйіп қалған болсаң бір ай бойы,
нағып сұрамайсың номерімді???????
Нара:
Берсін деп тілейікші жолымызды,
тең етіп оң менен солымызды.
шай тасып зыр жүгірген Нури сүлу,
қабыл алдық пейлмен оныңызды.
Айыбы Сарбазжанға қараймын деп,
күйдіріп өлтірдің ғой қолымызды.
Сарбаз:
Жалықпаймын жарқыным жүздесуден,
Қаймықпаймын өзіңмен кездесуден.
Интернет істемей қап қапы қылды,
Амалсыз ада болдым сөйлесуден.
Сұрасам егер қалқа нөміріңді,
Өзге арнаға бұрасың өмірімді.
Бетімді памада ғып былғағанша,
Сүйе бер аямаймын ерінімді.
Нара:
Бақытты не істейін бұйрмаған,
құда тұсем деп биыл маған.
Сарбаз, қолыңнан келмесе егер
бос сөзді айтыңыз неге маған?!
Шын махаббат адамға арман екен,
сондай жандар өмірде барма екен?
сүйем деп айта салу жігіт үшін,
енді ойласам бәріде жалған екен.
өмір үшін нетейін өкінем бе?
өкнем де, бәріне бекінем де.
сүймегеннің сүймеймін өлсемдағы,
ерні түгіл бетінен де.
Сарбаз:
Наражан өзгертіпсің суретіңді,
Қалайша жаулап алдың жүрегімді.
Өзіңнің суретіңді қойсаң егер,
Тамашалап отырар ем келбетіңді.
Нара:
Қой дейсің мұнда акеп суретіңді,
қабыл алдым сарбазжан құрметңіді.
жаныма жақын келіп жатпаған соң,
қәйтесің тамашалап құр бетімді?
Сарбаз:
Саражан биіктерге ұмтыласың,
Жаныңа жақындасам ұтыласың.
Басыңа тілеп алған ауыр жүктен,
Тоғыз айдан кейін ғана құтыласың.
Нара:
Ролтон жеуге асықтың Сарбаз батыр,
сөз соңына шыға алмай шыдап ақыр.
таяғанның барлығын жаман айтпа,
білмей айтақан ойыңда күна жатыр.
Махаббат бар екен деп қу тірлікте,
сеніп жүрген бейғамдау мен бір пақыр.
жарасып кеткен еді жұптарымыз,
мен кетемін ал енді хош болыңыз.
Айтысты бастап бердім біраз жерге,
жалғасын деп басқада достарымыз.
қайда жұрсең аман бол Сарбазжаным,
түсінетін қашанда қыздар жанын.
Мен сені үмтпаймын ешқашанда,
болып қалдың жүректе бір арманым!
Алибек шақырған соң тақырыпқа,
келдім мен айтсуға шақырып та.
Қазақты сүйетүгын ондай ұлды,
таба алмайсың дүнеиеден шарқ ұрыпта.
Оосында Дельфи, Нури,Ronny, Аламан,
күнде бізге қызықтаумен қараған.
Бәріңеде шын тілеймін Құдайдан,
болсыншы деп дін аман. Болмасыншы бастарыңа жамандық,
мың құбылған басыңдағы заманды ұқ.
Алматыға келіп жастаң мені ойла,
Сарбазжаным, ал ендеше амандық!!!!!!!!!!
Сарбаз:
Саражан қайда кеттің мені тастап,
Айтысты жандандырып өзің бастап.
Әзілді түсінетін қызға ұқсайсың,
Жататын ел дәріптеп, жігіт мақтап
Тағдырдың жазғанына амал бар ма?
Жетерсің мұратыңа, ізгі арманға.
Өзіңе сай, жас жігіт жолығады,
Қайтесің қолқа салып ақсақ шалға.
Жақында 65-ке мен толамын,
Ақсақалы ауылдың мен боламын.
Егер де сен қарсылық білдірмесең,
Өзіңді немереме алдырамын. ой дәридай-дәридай. жарай ма!
Нара:
Достарым-ау мені рас қимаған,
Сара деп, дос деп мені силаған.
серт етіп жазбасқа енді өлеңді,
тастаймын деп мен кеше ойлағам.
Кетпеймін мен ешқашанда сендерден,
ақын деген атым бар гой өңгерген.
тірлігімде жазамын деп көп өлең,
жыр мен бірге қара басым сенделген.
Жазбаймын деп ешқашанда енді жыр,
кеше ғана өзіме өзім сөз бергем.
бірақ бәрің айтқан соң да өтініш,
кетпесін деп жүрегімде өкініш.
Қайта келдім бүгін міне ортаға,
жасғаным дүрыс болмас шегініс.
кешір мені кетсем егер ұсақтап,
жыр арнайын күім саған шумақтап.
Қайранелім бетіндегі дсоатрым,
бәріңді де сүйдім рас құшақтап. қалдым онда орнымда мен кетпейін,
сүлу жырды Сарбазға селдетейін.
домбрамды акелші Нури қалқа,
қарлыққанша шырқайын көмекейім!!!!!
Сарбаз:
Сөз тауып орныменен берілмедің,
Қолыңды қияларға сен сермедің.
Саражан тезірек қайт күтудемін,
Әйтпесе оңбай құлап жеңілгенің
Нара:
Жазғанша асықпашы жауабымды,
тартуға мен даярмын танауыңды.
65 те болсаң сен саған тиіп,
алайыншы сен шалдан саубыңды.
Немереңід қайтемін көз көрмеген,
жігіт болып Сараға сөз бермеген.
шал болсаңда тиемін ал қайтесің,
қыз болсамда мен алі ер көрмеген.
Айтып едім сүйем деп әуел баста,
шал едім деп ендіге өзің қашпа.
жаным ау өзің келсең алпыс беске,
мамаң байқүс осы қанша жаста?!!!
Сарбаз:
Ақылды қыз осылай іс бастайды,
Ата сөзін аяққа таптамайды.
Күнім деген соң шалда ес жоқ,
Мылтығын ап патронын қайта оқтайды.
Нара:
Жолықтырмады біздерді бұрын құдай,
осы шалға мен неге ұрндым ай!
жатып алып қаншама сығаласаң,
ата алмайсың қыздарды бұрнғыдай!!!!!!"ла, ла, ла........
Сарбаз:
Тағат таппай күтіп ем жауабыңды,
Орындайын кел қалқа қалауыңды.
Сауабын ақсалдың алғың келсе,
Қолыңды жай берейін мен батамды.
Нара:
Алжыған ба мына шал, шаршаганба?
бата беріп жүрсің сен қанша адамға?
бата сұрап мен саған барамаймын ғой,
күйеуім деп мен сені қарсалам да.
Шалмын деп алдай қойма Сара қызды,
жақындатып қоям деп арамызды.
интернет пен өмірді шатастрман,
көріп тұрған жоқсың ғой бала қызды.
Алибек дүрыс түсін кеше сөзім,
болды деп интернетте жақсы сезім.
ақын жанды адамның барі солай,
толқып жүрген уақтша бұл бір кезім.
Сарбаз:
Айтысудан жан қалқа шаршамаймын,
Керсінше қуат алып шарықтаймын,
Қасымда сендей сұлу ару барда,
Ешқашан естен ауып алжымаймын.
Жаныңа таяу барып жақындайын,
Сәті келсе секіріп тақымдайын.
Жас келді күшім жетпей жатса егер,
Сақалыммен ақ тамақтан қыдықтайын
Сарбаз:
Ел мақтайды әрқашан батыр ұлын,
Тарыққанда еліне созар қолын.
Сара қыз шалсың деп мені кінәлама,
Біткен жоқ әлі де бар патроным.
Нара:
Суреттейсің қағазға жаңа сызған,
ғашық болып қалдымба абайсыздан?
шал екен деп мен сені аяп жұрсем,
дәмең бар екен ғой әлі талай қыздан?!
Жатпайсың ба үйіңде неғып жұрсің?
қыз біткенді иғынан қағып жұрсің.
келгенде алпыс беске үят қайда?
өшіп қалған отыңды жағып жүрсің.
Бітпеді деп патроным мақтан қылма,
ел біткенді дүрлігып аттан қылма.
срогы өткен мылтығың атлмайды,
ал ендеше түйе емес, аттан құла!
Сарбаз:
Мылтығым атылады қорқпа жаным,
Сенбесең қолыңа беріп ұстатамын.
Атамнан мұраға қалған мылтық еді,
Қалайша мусорға қиып лақтырамын.
Жолым ақ жақсылықтан кәделімін,
Талай қызға жас кезде уәде бердім.
Өзіңдей толықсыған ару қыздан,
Алпысбай мен Жетпістен дәмелімін.
Сенбесең Алматыда кездесейік,
Танысып жақынырақ күй кешейік.
Ұмытылмас түндерді бірге өткізіп,
Терлеп-тепшіп көк шайды бірге ішейік.
Нара:
Келем дейсің жуықта Сарбаз батыр,
ортамзда қаншама жолдар жатыр.
көк шай ішіп қусаған бір шалменен,
дейсің бе маған сенімен таңды атыр.
Мен айтайын әнімнің қайрмасын,
сені түсінсем сарбазжан бұйрмасын.
көк шай, көк шай деп зарлай бердің,
қара шайға қандрам шөлің қансын.
Сарбаз:
Қара шайға қандырсаң қуанамын,
Ішкен сайын күш алып жасарамын.
Қара шайды көп берсең Саражан-ау,
Мазаңды ап таң атқанша ұйықтамаймын.
Жылы шай қолыңызды күйдірмейді,
Жас қыздар бетінен де сүйдірмейді.
Сара қыз ешқашанда ұмытпа сен,
Кәрі ат борозданы бүлдірмейді
Сарбаз:
Саражан жасқа тисең даулы болар,
Сақалды шалға тисең жайлы болар.
Не болса да бер ғой нөміріңді,
Гүлге орайын пенсияммен өміріңді.
Нара:
Төн болса жүлдыз көкке жамырайды,
жыр болмаса жүрегім қаңырайды.
енді ғана сұрапсың нөмерімді,
ақсақ қой түстен кейін маңрайды.
Жүрсін сен масаттанып күңілде тоқ,
шын махаббат жаным ау өмір де жоқ.
қанша күннен алмадың хабарымды,
Сара түгіл енді саған нөмерде жоқ.
Сарбаз:
Өзіңе үміт артып бек сенейін,
Қолыңды бер қалқатай жоқ демеймін.
Шын ару екеніңді енді білдім,
Басында деп ойладым тексерейін.
Махаббатсыз адамзат жүре ала ма,
Қаңғырып өледі ғой айдалада.
Қайтесің ренжітіп ақсақалды,
Ақсақ қой деп ақсақ шалды кінәлама. ойбай-ойбай!
Нара:
Талай өткен шыңдалған сынқтардан,
мен жығылмаймын ешқашан құлап қалман.
жігіттің айласына құрық жетпес,
тебесіңдер аямай құлақтардан.
Нара:
Боз бала боп басында келіп едің,
жігіттік намысыңа шын сеніп едім.
қанша кедей болсада сүйейін деп,
уадемді мен ойланбай беріп едім.
Ортасында ақсақал болып алдың,
мың құбылған адамнан сені көрдім.
Нара:
Қайткенің Ако досым, жақындарым,
жырларма жүруші ең жақын бәрің.
ат мінгзіп құрметтеп Қазақ халқы,
силайтүғын тон жауып ақындарын.
Мен қашан өз басымды күйттеп келдім?
келе салып жазуды сүйкекетідің.
тойдан қалған қымзды іш дейсің гой,
қалған асты ішетін иіт деппе едің?
Сарбаз:
Айтысуға өзіңмен бекіп едім,
Әдейі Керекуден келіп едім.
Жұмыртқаны бере бер басқаларға,
Жұмыртқа жемей-ақ та секіремін.
Жас кезімде спортпен айналысып,
Доданы басқаларға бермеп едім.
Қымызды берсең егер тазасынан,
Тоқтамай бір мезетте қағып салам.
Өзіңдей уылжыған аруларды,
Қымыздың қызуымен алып ұрам.
Нара:
Тоқтаңыз, оқыдың ба алдынғы жауабымды,
қымызға төсіп кеттің көтеріп табағыңды.
өткен бетке қалдрма жауап бергін,
сосын кейін жалгагын тамағыңды.
Көп сөзім менің кейде қалыс қалып,
жатқан жоқ па айтыстан алыс қалып.
арбір жолға мұқият жауап берші,
оқымасаң қайтадан таныс барып.
Нара:
Желдіртіп қара өлеңді шұбыртқан да,
отыра-отыра майысты омыртқам да.
Дельфи-ай таси берме жетіп жатыр,
толып кетті алдымыз жұмртқаға.
Сарбаз:
Кешкілік салым түсіп үйге қайтам,
Өзіңмен жолықтырды қандай сайтан.
Үйдегі он бала мен бәйбішеге,
Сен туралы қиналам қалай айтам?
Тоқалдыққа келіссең сенім артып,
Белді бекем буынып тізгін тартып.
Үш бөлмелі пәтер ап орталықтан,
Күнде кешке сағындырмай барып тұрам.
Сарбаз:
Сұрағыңа жауапты мен берейін,
Шындықты айтып азырақ көсілейін.
Бетін түрін көрмеген жұмбақ қызды,
Алжыдым ба қалайша мен сүйейін.
Қарсы алып кей кездері дала таңын,
Өзіңмен айтысудан нәр аламын.
Әшейін әзілдесіп айтысып ем,
Сеніп қалдың сары ауыз балапаным
Нара:
Балапан деп сен мені бағалама,
жалғыз өзің қаласың жағалауда.
отырп ап төбірге қарқылдама,
алжып кеткен тісі жоқ ҚАРА ҚАРҒА!
Менде сені көргем жоқ Сарбаз қалқа,
ұстамашы маған сен айбар балта.
екі сөйлеп екі рет екілендің,
тағатындай айтыстан алтын алқа.
Өтіріктен өмірлік ем табама?
бөспесе егер адамдар дөй далаға.
менше сен шыныменен алжыгансың,
жатқызу керек сені тез емханаға.
Кездерім жоқ ешкімді сүйіп қалған,
сөздеріңе жайым жоқ сынып қалған.
адамдары дүниенің бос сезімді,
іштен жылап, жүзіңе күліп тұрған.
Бақыт бар деп білмеймін бұл заманда,
жырды ғана сүйемін түнып тұрған.
хамелондай құбылып шыга келген,
сендей жігіт ешкімді қызықтрман.
Төрелігін шын айтсын осы достар,
сені иаки дүрс деп мені қостар.
қыз балаға қаратпа қара найза,
жігтсің ғой қызғанда тізгін ұстар.
Айтысты мен бастап, сен қостадың,
төрелігін берсінші бұл достарым.
кім жеңді, кім жеңілді осы жолы,
ортаңызға ой салар сөз тастадым.
Сарбаз:
Қара қарға дегенде қара қарға,
Ақсақалды әкеңдей табалама.
Өзіңдей жаны ашыйтын достар барда,
Ешқашанда қалмаймын жағалауда.
Айтыстан тақпаймын мен алтын алқа,
Екіжүзді еркексің деп ару кінә тақпа.
Бірде жас, бірде шал боп келіп отырм.
Додасын аламанның қыздырмаққа.
Тісімнің жоқ екенін қайдан көрдің,
Қадірін кетірмейік ғажап сөздің.
Тісімнің бар екенін ару қалқа,
Көресің ерініңнен қан аққанда.
Сарбаз:
Өтіріктің өресі өте қысқа,
Жауап берем қалқатай қысқа-нұсқа,
Қалжың ғой қызық үшін айтқан едім
Әйтпесе жем болам ғой итке, құсқа.
Шын екенін сөзімнің дәлелдер ем,
Әнтек шіркін ұсайды жол алысқа.
Өзіңе қара найза көрсеткем жоқ,
Қара найзам сақтаулы қынабында.
Алжыған шал интернетте отырып ап,
Өзіңдей сұлуменен айтыса ма[/font]
Алдымда асулар мен белестер бар,
Аллажан әрқашанда болсыншы жар.
Айтысқа алу үшін келгенім жоқ,
Берейін мен жолымды Сара сен ал.
Өлеңнің қайталайын қайырмасын,
Аллажан шын достардан айырмасын.
Көз алдымда Қиялиға көзді сүзіп,
Жігітті перчаткідей айырбастайсың,
Жолымды бауырыма берем енді,
Жас жігіттен құмарың қанып қалсын.
Нара:
Қашқаның ба, Сарбазым, сасқаның ба?
Сара қызды далаға тастадың ба?
сүйем деп ең өмірлік мені ғана,
бере салдың елге сен қас қағымда.
Ренжімеші бұл қыздың ойламына,
ойнап айткан кешегі байламына.
еркелеген бірнеше сөзім үшін,
кетіп қалма бір жола айға мына.
Өзің жоқта өмірім сүркей болар,
кірісп жатыр едік той қамына.
кетпе деп шын жалнсам қаласың ба?
өкпелегіш жаным ау баласың ба?
Айтыс үшін айтылат талай сөздер,
қызып кеткен ангіме арасында.
Сарбазды іздеп Ертісті жағалймын,
Қазақ жерін түгелмен аралаймын.
Темір етік тозғанша тебен болып,
сені іздеймін, ешкімге қарамаймын.
саулем ау деп жалғыз ақ жымия сал,
бір сөзіңді бақытқа бағалаймын.
Келсеңде қанша жасқа, кім болсаңда,
силап сені қашанда ағалаймын.
Нара:
Жекпе-жекте желдіртіп Сара жүр деп,
көз қырыңды Сараға сала жұр деп.
Қиалиды шақырғам осында мен,
қолың боста біз жаққа бара жұр деп.
Өнер деген жай ғана осал деппең,
жасайтүғын қашанда жарқын леппен.
анау-мынау жан емес бұл қияли,
көрмей жатып ойлама осал еп сен.
Сарбаз:
Сәулешім қашпаймын да, саспаймын да,
Жанымда жан сүйсінтер өзің барда,
Әшейін қолым тимей жатыр қазір,
Дайындалып отыр едім жол қамына.
Өкпем жоқ еш қазақтың баласына,
Болса да торысы мен құласы да.
Жан қалқа жолға шығам сәтін салса,
Тарихи Талдықорған қаласына.
Нара:
Жаратқанның жақсыға силығы көп,
Сарбазга кеп Саражан қиылды көп.
мен сені өзім іздеп барар едім,
жаңа жылдың силаған силығы боп.
Дәл сағат 12 ден нөл кеткенде,
жаңа жылды барлығы кұзеткенде.
2011- менен мен барамын,
есікті аш, қоңырау шыр еткенде.