Қайран Елім - Үш...
Бейсенбі, 23.02.2012
Қайран Елім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Павлодар облыстық филиалының  сайты
Бір ұлт
Бір тіл
Бір мүдде
Сайт мәзірі
Бөлім санаттары
Тіл [29]
Дін [7]
Әлем [19]
Аймақ [7]
Қоғам [30]
Отандас [47]
Руханият [16]
Түркі Әлемі [4]

Сөйлесейік

Пікіртерім
Қандастарымыздың Елге оралуын қалайсыз ба?
Барлық жауаптар саны: 190
Санақ

Қазір онлайн: 2
Қонақтар: 2
Қолданушылар: 0
free counters

Үш жұрт

1.  Ағайын жұрт. 2. Нағашы жұрт. 3. Қайын жұрт.

 

Үш байлық

Бірінші байлық – денсаулық.

Екінші байлық – ақжаулық.

Үшінші байлық – қорадағы бес саулық.

 

Үш би

1.  Үйсін Төле би. 2. Арғын Қаздауысты Қазыбек би. 3. Алшын Әйтеке би.

 

Үш дана

1.  Абай. 2. Шоқан. 3. Ыбырай.

 

 

Үш арыс

1.  Сәкен. 2.Бейімбет. 3. Ілияс.

 

Үш қат

1.  Жоғары қат (аспан)

2.  Орта қат (жер үсті)

3.  Төменгі қат (жер асты).

 

Үш қуат

1.  Ақыл қуат. 2. Жүрек қуат. 3. Тіл қуат.

 

Үш ғажап

1.Ажал ғажап. 2.Қонақ ғажап. 3. Несібе ғажап.

 

Үш арсыз

1.Ұйқы арсыз. 2.Тамақ арсыз. 3. Күлкі арсыз.

 

Үш дауасыз

1.  Мінез. 2. Кәрілік. 3. Ажал.

 

Үш қадірлі

1.  Ырыс. 2. Бақ. 3. Дәулет (Жиренше шешен)

 

Үш қадірсіз

1.  Жастық шақ. 2. Денсаулық. 3. Жақсы жар (әйел)

 

Үш жамандық

1.  Нақақ қан төгу. 2. Кісі малын нақақ алу. 3. Ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу.

 

Үш тәтті

1.  Жан тәтті. 2. Мал тәтті. 3. Жар тәтті.

 

Үш ақиқат

1.  Қымбат – шындық. 2. Арзан – өтірік. 3. Дауасыз – кәрілік (Жанқұтты шешен).

 

Үш қуаныш

1.  Алғыс алу. 2. Өзіңді көптің іздеуі. 3. Ісіңнің өшпеуі.

 

Үш биік

1.  Билік. 2. Дәулет. 3. Даналық.

 

Үш асыл

1.  Көз. 2. Тіл. 3. Көңіл.

 

Үш артық

1.  Адалдық. 2. Еңбексүйгіштік. 3. Өнерпаздық.

 

Үш ынтық

1. Еркін өмір. 2. Құрметке бөлену. 3. Пайдалы еңбек ету.

 

Үш тұл

1.  Қайратсыз ашу тұл.

2.  Тұрлаусыз ғашық тұл.

3.  Шәкіртсіз ғалым тұл (Абай).

 

Үш апат

1. Ғалымдар мен қарттарды сыйламау. 2. Өкіметті сыйламау. 3. Асты ысырап ету.

 

Үш кедейлік

1. Кежірлік. 2. Еріншектік. 3. Ұйқы (Төле би).

 

Үш кемдік

1.  Надандық. 2. Еріншектік. 3. Зұлымдық (Абай).

 

Үш бақытсыздық

1.  Жаман ат. 2. Жаман қатын. 3. Жаман көрші.

 

Үш көз

1. Су анасы – бұлақ. 2. Жол анасы – тұяқ. 3. Сөз анасы – құлақ.

 

Үш тоқтам

Ақыл – арқан, ой – өріс, адам – қазық.

 

Үш қасиет

1. Өліде – аруақ. 2. Малда – кие. 3. Аста – кепиет.

 

 

Үш тағылым

1.Мейірімнен – сауап. 2.Жақсылықтан – шарапат. 3.Жамандықтан – кесапат.

Кіру түрі
Е-майл:
Кілтсөз:
Фотосуреттер

Іздеу
Күнтізбе
«  Ақпан 2012  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829
Мұрағат
Сілтемелер
  • Қазақша Уикипедия
  • Мәдени мұра
  • Тіл порталы  
  • Ертіс дидары
  • Мен қазақпын сайты
  • Қазақтар сайты
  • Мәскеу қазақтары
  • Мәссаған порталы
  • Абай порталы
  • Электронды кітапхана

     
  • Кездесейік  * Сөйлесейік * Бірігейік  ***   Copyright Kayranelim © 2009-2011
    Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
    Форумдағы, чаттағы жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып есептелмейді
     
     Whois.1in.kz - рейтинг лучших сайтов Казнета Рейтинг ресурсов KAZ.KZ Resurs.kz: сайты Казахстана и раскрутка сайта Создать сайт бесплатно Каталог Казахстанских ресурсов TABU Сайты Казахстана, казахстанские сайты, казахские сайты, сайты в Казахстане HotLog