Қайран Елім - Ырымдар
Бейсенбі, 23.02.2012
Қайран Елім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Павлодар облыстық филиалының  сайты
Бір ұлт
Бір тіл
Бір мүдде
Сайт мәзірі
Бөлім санаттары
Тіл [29]
Дін [7]
Әлем [19]
Аймақ [7]
Қоғам [30]
Отандас [47]
Руханият [16]
Түркі Әлемі [4]

Сөйлесейік

Пікіртерім
Қандастарымыздың Елге оралуын қалайсыз ба?
Барлық жауаптар саны: 190
Санақ

Қазір онлайн: 3
Қонақтар: 3
Қолданушылар: 0
free counters

Ұл-қызым, саған айтам .....


Үлкенге сәлем бер, жолын кесіп өтпе.......

Жүріп келе жатқан адам отырған адамға, атты адам жаяуға, аз адам көпке сәлем беруге тиіс.

Үлкендер мен ғалым адамдар алдында көп сөйлемеуге тырыс. Мешітке, үйге «ассалаумағаләйкум» деп кіру керек, кешке «кеш жарық» деп кіру керек.

Үлкен кісілерді, ананы, әйелді көлікке қолтықтап демеп мінгізу, не түсіру керек. Әйел алдында әдепті бол, сыпайы сөйле.

Үлкен кісі келсе жайдары қарсы ал, киімін іл, төрге шығар. Көшеде, жолда жатқан шыны, темір болса алып таста.

Үлкендерден бұрын тамаққа қолыңды салма. Адамға күш қолданба.

Сәбилерге өтірік айтпа, алдама, қорқытпа. Оларды жаман әдетке үйретпе.

Тамақ жеп отырып сөйлеме.

Тамақты өз алдыңнан же, кісі алдындағыға қол созба.

Егін ішінде дәретке отырма.

Сұйық тамақты сораптамай іш.

Дастархан үстінде әдемі отыр, әдепті сөйле.

Дініңе сеніммен, құрметпен қара.

Халқыңның тарихын, дәстүрін, салтын, әдет-ғұрпын жадыңа тоқы және оны кейінгілерге үйрет.

Қанша ұлы адам болсаң да халық алдында кіші, әдепті бол.

Біліміңді көпке, пайдалы жерге жұмса.

Жаман дағдыдан аулақ бол.

Жаман адамдардан қашық жүр.

Көршілеріңмен жылы сәлемдес.

Достыққа берік, адал бол.

Біреуді жамандама, өзіңді жамандаған адаммен дауласпа, жауласпа.

Қуанышта, қиындықта, қайғыда, ашуда ұстамды бол.

Шаруашылықтың басы-қасында жүген адамдарға жолыққанда: бақташыға «бағар көбейсін», мал айдап бара жатқандарға «айдар көбейсін», егіншіге «бір дәнің мың дән болсын», түрлі жұмыс үстіндегілерге «іске сәт», жаңа қоныстанушыларға «қоныс құтты болсын» деу керек.

Жолаушыларға, жүргіншіге, сапарға шыққандарға «сапар сәтті болсын» деу керек («қайда барасыз» деуге болмайды).

Үй сыртында тұрып немесе теріс қарап тұрып сөйлеуге болмайды. Аты белгілі адамдарға құрмет көрсет.

Шалбарды отырып кию керек.

Әйелдер, қыздар орындықта аяғын айқастырып отыруға болмайды.

Алыс сапарға, игілікті іске, емделуге аттанар алдында қариялардың батасын ал.

Үйге, мешітке, қасиетті орындарға оң аяқпен кіру керек.

Кемтар адам алдында дене кемістігі туралы әңгімелеме.

Моншада да ұятыңды жаба біл.

Пейіліңді кеңге сал.

Кешірімді, мейірімді, сыпайы бол.

Өркөкірек адамнан қаш, өзің де кеудеңді көтерме.

Байлыққа мақтану ақылдының ісі емес.

Өтірік, өсек айтпа және оны айтушыларды тыңдама.

Кемтарларға, жетімге қамқорлық жаса, жәрдем бер, садақа бер.

Айтта, Наурызда, мереке күндерінде «құтты болсын» айтуды ұмытпа.

Танитын адамдарға қуанышына ортақтасуды немесе қайғысына көңіл айтуды ұмытпа.

Тәңірге, әруаққа, халыққа тіл тигізбе.

Ата-анаңа әдеппен сөйле, құрметпен қара, айтқанын сөзсіз орында және оларды әулие тұт.

Біреудің киімін (жақсы болса да) киюге әуестенбе.

Өнердің қай түрі болса да үйренуден жалықпа.

Туыс-туғандарыңды, нағашы-жиендеріңді тағы басқа ілік, құда, жекжаттармен жиі қатынасып, араласып-құраласып жүр. Оларды өзіңе жақын тұт.

Туған жеріңді ұмытпа. Ол жерге жиі барып тұр. Бір уыс топрағын үйіңде қастерлеп сақта.

Ата-баба қорымдарына соғып оларға дұға оқуды ұмытпа.

Біл, білме жолдағы қорымдарға дұға оқып, бет сипауды есіңнен шығара көрме.

Көп адам жиналған жерге сәлемдеспей өтпе.

Ауру адамның көңілін сұрауды ұмытпа. Бірақ кешке, түнде көңіл сұрауға болмайды. Ауру адамға қайғылы хабарды айтпа.

Лауазымы үлкенге жалпаңдама, лауазымы кішіге кекірейме.

Әр істе де адал бол. Әділ болсаң әлді боласың.

Абай өлеңдерін жатта. Абай өлеңі – білім, ғылым, үлгі, өнеге, тәлім, тәрбие, адалдық кілті.

Өзіңді кім сыйласа, оны сен де сыйла, құрмет көрсет.

Қаруың – білімің мен тілің, сүйенішің, тірегің – ақылың болсын.

Ерлі-зайыптылар бір-біріне жала жабуға және өте ауыр сөз айтуына болмайды.

Балаларының алдында ата-аналар өзін әділ, әдепті ұстауға тиіс.

Ұрлық, күш жұмсау, біреудің мүлкін, үйін өртеу, зорлық өте ауыр күнә.

Күнә мен кінә бірдей емес.

Тақыт пен бақыт бірдей емес.

Қызығу мен қызғану бірдей емес.

Сыйластық пен сыбайластық бірдей емес.

Оқу мен тоқу бірдей емес.

Атақты адам болғың келсе, сондай адамдар туралы оқы да тоқы.

Құрметті адам болғың келсе – көптің сөзін сөйле, халық жағында бол.

Бақытты болғың келсе ізгі істерге бойыңды үйрет, жаман әдеттен қаш.

Әр құралды өз орнына пайдаланатын бол. Мысалы күрекпен шеге қақпайды.

Пайдакүнемдік, айлакерлік, қулық жақсылыққа бастамайды.

Азғындаушының азығы – арақ. Одан өзің де, өзгені де сақтандыр.

Өнер адамдарын үлгі тұт.

Ата-анаңа, ұстазыңа, жетекшіңе ажырайып қарама, қатты сөйлеме.

Жұрт алдында әдепсіз сөз сөйлеме, ерсі қимыл жасама.

Жұдырық жұмсау жігітке абырой емес.

Басқа қызға, басқа біреудің келіншегіне көп қарама.

Қыздар-ау, көп сықылықтамаңдар.

Жұрт жұмылып жатқан істен шет қалма.

Көмек сұрағандарға, апатқа ұшырағандарға қол ұшыңды бер.

Отан, халық алдындағы борыштарыңнан бас тартушы болма.

Өзіңе өзің сын көзіңмен қарап жүр.

Құран, намаз оқылып жатқанда сөйлеме, қозғалма, тұрып кетпе.

Жаназа оқылып жатқан жерден айналып кетпе. Адамды жерлеуге бара жатқандардан озба, жолын кеспе.

Көп алдында ұятқа қалмауды, ағайынға жеккөрінішті болмауды әрқашан ойлап жүр.

Көпке қарсы болма. «Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас» деген мақал бар.

Төсеккөрпенің тұйығын ірге жаққа қаратып төсейді.

Жас адам көлікке, атқа ең соңынан мінуі керек.

Үйде, дастарханда адамдар жасына қарай үлкендер төрде, жастар төмен қарай отырады.

Жас адамдар үлкендер алдында, үлкендер жастар алдында өздерін әдепті ұстағандары жөн.

Біреудің байлығына, дүние-мүлкіне, ақшасына сұқтанба.

Бойыңды да, ойыңды да, арыңды да таза ұста.

Жүзің жарқын, жаның жомарт, мінезің жақсы болсын.

Көп ішінде жаныңдағы адаммен сыбырласып (құпия) сөйлеспе.

Сын сағатта әлсіздік, ұстамсыздық жасаған адамды халық жек көреді.

Қиын сәтте батыр болмасаң да  батыл бол.

Халқым барда қарным ашады деп қамықпа.

«Миым ашиды» дегеннен гөрі «жаным ашиды» деген жөн.

Жақсы және жақсылық туралы айтуды әдеттен.

Халықтың «ақыл-жастан, асыл-тастан» деген керемет сөзіне ой жіберіп қарашы.

Ақ шашты атаны, ақ жаулықты ананы көрсең –ізет көрсет.

Жаман адамға да жақсы көзбен қара.

Аш болсаң да, тоқ болсаң да құдайыңды ұмытпа.

Халыққа, аруаққа  шет болма.

Біреудің намысына тимей сөйле.

Біреудің кемшілігі мен істегі мінін көп алдында айтпа.

Жарлы болсаң да жарамсақ болма.

Ер адамға әйел киімі жараспайтыны сияқты әйелдер мен қыздарға ер киімі де қонымсыз әрі тәңірінің бұйрығында да жоқ нәрсе.

Баланы ойынмен, үлкенді шындықпен жеңесің.

Жазықсыз жәндікті өлтірме, малға зәбір көрсетпе.

Тәрбиеліден – тәлім, ғалымнан – ғибрат,  өнерліден – өнеге ал.

Кіру түрі
Е-майл:
Кілтсөз:
Фотосуреттер

Іздеу
Күнтізбе
«  Ақпан 2012  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829
Мұрағат
Сілтемелер
  • Қазақша Уикипедия
  • Мәдени мұра
  • Тіл порталы  
  • Ертіс дидары
  • Мен қазақпын сайты
  • Қазақтар сайты
  • Мәскеу қазақтары
  • Мәссаған порталы
  • Абай порталы
  • Электронды кітапхана

     
  • Кездесейік  * Сөйлесейік * Бірігейік  ***   Copyright Kayranelim © 2009-2011
    Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
    Форумдағы, чаттағы жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып есептелмейді
     
     Whois.1in.kz - рейтинг лучших сайтов Казнета Рейтинг ресурсов KAZ.KZ Resurs.kz: сайты Казахстана и раскрутка сайта Создать сайт бесплатно Каталог Казахстанских ресурсов TABU Сайты Казахстана, казахстанские сайты, казахские сайты, сайты в Казахстане HotLog