Қайран Елім - Железин ауданы
Бейсенбі, 23.02.2012
Қайран Елім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Павлодар облыстық филиалының  сайты
Бір ұлт
Бір тіл
Бір мүдде
Сайт мәзірі
Бөлім санаттары
Тіл [29]
Дін [7]
Әлем [19]
Аймақ [7]
Қоғам [30]
Отандас [47]
Руханият [16]
Түркі Әлемі [4]

Сөйлесейік

Пікіртерім
Қандастарымыздың Елге оралуын қалайсыз ба?
Барлық жауаптар саны: 190
Санақ

Қазір онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
free counters

Қамалдың осылайша аталуы железинка қамалы жөніндегі ескі құрылым-нан бастау алады.
Железинка қамал ретінде 1717 жылы Бірінші Петрдің Жарлығы бойынша құрылып, негізі қаланады. Қамал атауының шығуы көпке дейін белгісіз болып келді. Бірақ, кейіннен зерттеуші және жиһангер Палластың мұрағатында 1717 жылы қамалдың географиялық жазбаларымен қатар оның атауына берілген түсініктер жөніндегі шығармалар табылады.
Паллас: «Қамал жоғары жағалаудағы, доға құрайтын ойлы жерлермен ағылатын және қамал жағалауларын шайып өтетін жерде орналасқан» деп жазады.
Бұдан әрі, Д.Е. Пашковскаяның «Железинка қамалы өз атауын бұлақтан, Қазақ жағынан Ертіске ағатын жағынан алады» деген дерегі түсініксіздеу болып келеді.
Бұл жағдайды түсіндіру үшін Г.И. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайының бас қор сақтаушысы, тарихшы-өлкетанушы Эрнест Соколкиннің 2002 жылғы 02 ақпандағы № 5 «Новое время» газетінде келтіріл-ген деректеріне жүгінген абзал.
… Железинка бұл Ертіс бойындағы тарихи қалыптасқан кент (поселкі) атауы болып табылады.
Оның атауы табиғат және географиялық атауынан шығады, астарында ешқандай идеологиялық және саяси астар жатқан жоқ. 1717 жылы Ертіс бойында бой көтерген қамалмен бірге, Железинка атауына ие болды. Оны алғашқы әскерилер байқап, Ертіс өзеніне құятын тот басқан темір түсті суды көріп таң қалған. Елді-мекенде құрылған қамалдан бұрын болған тот басқан темір түсті су жайында В.Н. Попованың «Ономастика – словарь географических названий Казахстана. Павлодарская область» және А.А. Әбдірахмановтың «Қазақстанның жер-су аттары» - атты ғылыми еңбектерінде сөз етіледі. Железинка қамалының негізі 1717 жылы подполковник И. Ступинмен Теміркөш жерінде қаланды.
Демек мұннан аңғарғанымыздай, Железинка қамалы құрылғанға дейін, мұнда тұрғындар тұрған. Жоғарыда айтылғандай, Ертіс өзеніне құятын тот басқан темір түсті судан шыққандықтан, тұрғындар тұратын атау өз атауына толық сәйкес келеді. 2005 жылғы 5 наурыздағы № 9 «Родные просторы» газетінде Д.Е. Пашковскаяның естелігінен «Железинка далекого прошлого» атты мақаласы жарық көрген болатын. Онда ол: «Қамалдың алғашқы тұрғындары казактар болған. Одан кейін казактардан басқа сібірлік казактардың әскеріне Дон казактары қосылып, сондай-ақ украин, поляк, және орыстың саяси тұтқындары қамал тұрғындарының қатарын толықтырды.Әскери қызметтерін өтеген соң, сібірлік климатқа үйренісіп қалған соң, қамал жанынан тұрақты түрде орын тепті. Онда олар шаруашылықпен, жерді игерумен және мал шаруашылығымен айналысқан. Шаруашылықпен айналысу үшін әйел қолы жетіспегендіктен, сонымен қатар отбасын құруда, басшыларына бірнеше мәрте үндеу тастап, соңында бұл мәселе де өз шешімін тапты. Сібірге жыл өткен сайын жазаларын өтеп шыққан және саяси тұтқындағы әйелдерді жіберіп, біртіндеп олар казактардың әйелдері атанды» – деп жазады.
Железин ауданы Ресей Федерациясы Новосібір және Омбы облыстарымен шектесіп, Павлодар-Ертіс өңірінің оң жағалауын солтүстік-шығысының орманды бөлігін алып жатыр.
Железин ауданындағы алғаш зерттеулер Н. Коншиннен басталып, ол аудан аумағында бірнеше адамдар жерленген қорғандарды белгілеп, 1903 жылы өз хатында орыс географиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімі Семипалатинск бөлімшесіне хабарлайды (Қазақстанның арх. Картасы 1960 ж. 46 бет).
Бұл өлкенің археологиялық ескерткіштері, Павлодар облысындағыдай жалпы алғанда тек қана 20 ғасырдың 50 жылдардың ортасында ғана ғылыми тұрғыдан зерттеле бастады. Бұған дейін тек қызығушылық тудыратындай жаңалық, осы күнге дейін Қазақстан ескерткіштері үшін бірегей болып саналатын 1937 жылы Башмачное селосында бұзылған жерлеулер және 1955 жылы Железинка селосы тұрғындарымен табылған неолиттік зираттар кездейсоқ археологиялық мәліметтер болып табылады. (Е.И. Агеева, А.Г. Максимаова 1959, 35 бет). Осы 1955 жылы облыс аумағында Қазақстан ИИАЭ АН Е.И. Агееваның басшылығымен экспедициялық жұмыстар жүргізіліп, жұмыс қорытындылары бойынша Железин ауданында жиырмадай жерленген адамдар қорғандары бар екені анықталып, бұл мәліметтер 1960 жылы Қазақстан Археологиялық картасының басылымына енеді.
1969 жылы Железин ауданы Новокузьминка селосы маңында ММУ археологиялық кафедрасы Л.А. Чалаяның басшылығымен жергілікті тұрғындармен табылған неолит-энеолит мәдениетіне жататын Пеньки 1,2 жерлері зерттеледі. 1984 жылы Солтүстік-Қазақстан экспедициясының барлау отряды Павлодар облысының солтүстігінде, аудан аумағында 1955 жылы ашылған ескерткіштерге екінші рет зерттеулер жүргізеді. (Зайберт В.Ф. және т.б. 1985, 109 бет).
Железин ауданындағы жаңа ескерткіштерді анықтау бойынша 20 ғасырдың 50-ші жылдары тоқтатылған жұмыстар, 1991 жылы бірлескен Павлодар және Қарағанды мұражайларының бірлескен археолдогиылық экспедициялары отрядымен В.К. Мерц және А.А. Ткачевтың басшылығымен жалғастырылды.
Жоспарлы зерттеулер барысында аудан аумағында тың игеру жылдары жаппай жыртылған жерлерге тап болған 30 аса жерленген адамдар қорғаны анықталды және картографияланды, Береговое селосы жанынан ортағасырлық жерлеулер табылып, зерттелді. (В.К. Мерц, А.А. Ткачев 1992, 30 бет).
Бұл зерттеулерді қайта зерттеу тек 1999 жылы жалғастырылып, қолға алынды. Сонда автор В.И. Мерцтің қатысуымен тағы да адамдар жерленген қорғандар және бұрын-соңды тұрғындармен байқалмаған табылған жері қола дәуіріндегі 20 жаңа ескерткіштер ашылды. Сондай-ақ белгілі ескерткіштер де зерттеліп, зерделеніп жаңа қызықты материалдар шығарылды.
Жалпы алғанда, Павлодар облысы орманды зонасындағы аудан аумағында жүргізілген соңғы жарты ғасырдағы зерттеулер, неолит дәуірінен соңғы ортағасырға дейін Батыс-Сібір археологиялық мәдениетінің оңтүстік бөлігі болып табылады.
Мұны әрі қарай зерттеу нәтижесінде, Павлодар облысы төмен деңгейде зерттелген ауданның Орта Ертіс өңірінің археология бойынша дерек көздерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ қазақстандық және сібірлік археологтарға алдағы уақытта қырлы және орманды Ертіс өңірінің қиын әрі аз зерттелген шаруашылық, мәдени және этникалық байланыстарын шешуге септігін тигізері сөзсіз.

Кіру түрі
Е-майл:
Кілтсөз:
Фотосуреттер

Іздеу
Күнтізбе
«  Ақпан 2012  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829
Мұрағат
Сілтемелер
  • Қазақша Уикипедия
  • Мәдени мұра
  • Тіл порталы  
  • Ертіс дидары
  • Мен қазақпын сайты
  • Қазақтар сайты
  • Мәскеу қазақтары
  • Мәссаған порталы
  • Абай порталы
  • Электронды кітапхана

     
  • Кездесейік  * Сөйлесейік * Бірігейік  ***   Copyright Kayranelim © 2009-2011
    Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
    Форумдағы, чаттағы жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып есептелмейді
     
     Whois.1in.kz - рейтинг лучших сайтов Казнета Рейтинг ресурсов KAZ.KZ Resurs.kz: сайты Казахстана и раскрутка сайта Создать сайт бесплатно Каталог Казахстанских ресурсов TABU Сайты Казахстана, казахстанские сайты, казахские сайты, сайты в Казахстане HotLog