Қайран Елім - Жеті...
Бейсенбі, 23.02.2012
Қайран Елім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Павлодар облыстық филиалының  сайты
Бір ұлт
Бір тіл
Бір мүдде
Сайт мәзірі
Бөлім санаттары
Тіл [29]
Дін [7]
Әлем [19]
Аймақ [7]
Қоғам [30]
Отандас [47]
Руханият [16]
Түркі Әлемі [4]

Сөйлесейік

Пікіртерім
Қандастарымыздың Елге оралуын қалайсыз ба?
Барлық жауаптар саны: 190
Санақ

Қазір онлайн: 3
Қонақтар: 3
Қолданушылар: 0
free counters

Жеті Жарғы

(Әз Тәукенің заңдары)

 1-жарғы. Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын. (Бұл жарғы мемлекеттің бүтіндігі талабынан туды).

2-жарғы. Түркі халқының мүддесін сатып, елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын. (Бұл жарғы халықтың орта мүддесі – елдің бүтіндігін қорғаған біртұтас қоғамдық сананың жемісі).

3-жарғы. Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын. (Бұл жарғы да жабайылықтың төменгі сатысына тән кісі өлтірушілікке тыйым салған және мәдениеттіліктің белгісі ретінде танылуға тиіс өте елеулі жаңалық).

4-жарғы. Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап, ақ некені бұзушыларға өлім жазасы бұйырылсын. (Бұл жарғы да шаңырақтың бірлігін қамтамасыз еткен, неке парызына адалдықты талап еткен маңызы зор жаңалық).

5-жарғы. Өреде тұрған, тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын. (Ол кезде «ер қанаты ат» елдің, мемлекеттің соғыс күші ретінде бағаланады).

6-жарғы. Төбелесте мертігудің түріне қарай төмендегіше мүліктей құн төленсін:

a)  Біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді, ал қызы жоқ болса, қыздың қалыңдығын береді.

b) Төрт мүшесінің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді.

7-жарғы. Ұрлаған жылқы өзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып төлеттірілсін.

 

Жеті жетекші

1.  Адамның басшысы – ақыл.

2.  Жетекшісі – талап.

3.  Жолаушысы – ой.

4.  Жолдасы – кәсіп.

5.  Қорғаны – сабыр.

6.  Қорғаушысы – мінез.

7.  Сынаушысы – халық. (Саққұлақ би)

 

Жеті ғашық

1.  Ләйлі – Мәжнүн. 2. Фархад – Шырын. 3. Таһир – Зуһра. 4. Арзу – Қамбар. 5. Уәлик – Ғарра. 6. Уәки – Күлшаһ. 7. Жүсіп – Зылиқа.

 

Жеті шәріп (Жеті әулие)

1.  Мекке шәріп. 2. Мәдина шәріп. 3. Бұхар шәріп. 4. Шам шәріп. 5. Қатым шәріп. 6. Құддыс (Мысыр) шәріп. 7. Кәләм шәріп (Құран).

 

Жеті қазына

1.  Ержігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ақыл, білім. 4. Жүйрік ат. 5. Қыран бүркіт.               6. Берен мылтық. 7. Жүйрік тазы (ит).

 

Жеті ғалам

1.  Шығыс. 2. Батыс. 3. Оңтүстік. 4. Солтүстік. 5. Аспан (жоғары ғалам).                   6. Жер (орта ғалам). 7. Жер асты (төменгі ғалам).

 

Жеті күн

1.  Бүгін. 2. Ертең. 3. Бүрсігүні. 4. Арғы күн. 5. Ауыр күн 6. Соңғы күн.                   7. Азына.

 

Жеті жұт

1.  Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс.                   6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну).

 

Жеті жоқ

1.  Жерде өлшеуіш жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллада бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ.

 

Жеті ата

1.  Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.

 

Жеті қат көк

1.  Ай. 2. Күн. 3. Шолпан. 4. Есекқырған (Меркурий).  5. Қызылжұлдыз (Марс). 6. Сатурн. 7. Мүштәри (Юпитер).

 

Жеті қат жер

1.  Тұңғиық. 2. Жылан. 3. Су. 4. Қос балық. 5. Қара тас. 6. Көкөгіз. 7. Жер.

 

Жеті амал

1.  Күннің тоқырауы. 2. Қарашаның қайтуы. 3. Үркердің батуы. 4. Мұздың қатуы. 5. Киіктің матауы. 6. Қыс тоқсан. 7. Ай тоғамы.

Кіру түрі
Е-майл:
Кілтсөз:
Фотосуреттер

Іздеу
Күнтізбе
«  Ақпан 2012  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829
Мұрағат
Сілтемелер
  • Қазақша Уикипедия
  • Мәдени мұра
  • Тіл порталы  
  • Ертіс дидары
  • Мен қазақпын сайты
  • Қазақтар сайты
  • Мәскеу қазақтары
  • Мәссаған порталы
  • Абай порталы
  • Электронды кітапхана

     
  • Кездесейік  * Сөйлесейік * Бірігейік  ***   Copyright Kayranelim © 2009-2011
    Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
    Форумдағы, чаттағы жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып есептелмейді
     
     Whois.1in.kz - рейтинг лучших сайтов Казнета Рейтинг ресурсов KAZ.KZ Resurs.kz: сайты Казахстана и раскрутка сайта Создать сайт бесплатно Каталог Казахстанских ресурсов TABU Сайты Казахстана, казахстанские сайты, казахские сайты, сайты в Казахстане HotLog