|
|
Сөйлесейік |
|
 
|
| Санақ |
Қазір онлайн: 2 Қонақтар: 2 Қолданушылар: 0 |
|
Бас бет » Аймақ
2011 жылғы 19 қазанда Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік тіл саясатын ғаламтор жүйесінде кеңінен насихаттау, қоғам өмірінің барлық саласында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында «Мемлекеттік тілдегі үздік сайт» облыстық конкурсының қорытындысын шығарды. Конкурстың шарттары бойынша облысымыздың қоғамдық өмірінде мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту мен мәртебесін нығайту, қазіргі мемлекеттік тілдің ахуалын ғаламторда жариялау үшін мемлекеттік тілде ашылған сайттар қатысты. Қазылар алқасының шешімімен І орынды Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Павлодар облыстық филиалының «Ертіс дидары» газетінің «ertisdidary.kz» сайты иеленді. ІІ орынға «Дүниежүзі Қазақтарының Қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалының «kayranelim.kz» сайты, ІІІ орынға «www.mektebim.info» сайты ие болды. Осы үздік деп танылған сайттар арнайы жүлделермен мар... Әрі қарай оқу»
|
 Биылғы жыл С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне ерекше жыл, себебі университеттің құрылғанына 50 жыл толып отыр.Осыдан 50 жыл бұрын Павлодар облысында тұңғыш жоғары оқу орыны ретінде құрылған бүгінде халқымызға дәйекті білім беріп, тәрбиелеп, сара жолға салған қара шаңырақ, еліміздегі еңселі де беделді оқу орындарының бірі болып саналады. Елу жылдық тарихы бар білім ордасы бүгінгі күні биік тұғырдан көрініп жүр, мыңдағын түлектері облысымыз, республикамыз, сонымен қатар шетелде жұмыс істеп жүр. Елімізде қазақ білімінің қара шаңырағы деп айтуға лайықты. Өте танымал университет ретінде қалыптасу жолында күрделі және үлкен белестерден өтіп, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (ПМУ) – тек қана Павлодар аумағында емес, сонымен қатар республикада, ғылым мен мәдениеттің білім орталығы, Қазақстанның үлкен университеттерінің бірі болып табылады. Бұл үлкен ғылыми орталық, мұнда ғылыми-зерттеулік жұмыс 8 факультет және 11 ғылыми-практикалық орталықтарда, консалтингтік орталық және студенттік конструкторлық бюро базасы арқылы жүргізіледі.
|
 Қазақстан Республикасы тәуелсіздік тұғырына қол жеткізген сәттен-ақ әлемнің әр түкпірінде тарыдай шашылған қазақ халқы аңсаған атажұртына ат басын бұра бастады. Содан бері арада жиырма жылға жуық уақыт өтсе де, Қытай, Монғолия, Өзбекстан, басқа да шет елдерден бабаларының кіндік қаны тамған қасиетті қазақ жеріне қоныс аударушылар легі әлі күнге дейін толастаған жоқ. Әрине, қаны да жаны да «қазақ» болып жаралған әр азамат өз Отанының ауасымен тыныстап, сонда өмір сүруді армандайды. Алайда, осындай асқақ арман айдынына жете алмай, жырақта жүрген қандастарымыз қаншама?.. Қуантарлығы, шет елдегі мұндай ағайындардың мұң-мұқтажына құлақ салып, олардың болашағына бей-жай қарамайтын ұлтжанды, иманжүзді азаматтардың арамыздан табылып жататыны. Міне, дәл сондай рухы биік жандардың бірі – Павлодар қаласындағы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Ерлан Арын. Оның бұдан басқа да талай жақсы істердің жаршысы болып, ел құрметіне бөленіп жүргені баршамызға мәлім...
|
Маңғыстау облысы Қазақстанның батысындағы ерекше бір аймақ, себебі Каспи теңізінен басқа да таң қалдыратын жәйттер бар... Сонымен қатар теңіз арқылы бір неше шет мемлекеттерімен шектеседі. Маңғыстауда болмаған адамға осы форумдағы суреттер арқылы ғажап әлем ашылады...Шынында да Айдағы пейзаждар мен Әлемнің танымал демалу орындарына ұқсайтын көріністер көп екен. Маңғыстау - 362 әулие орналасқан киелі аймақ. Бұл жерде ежелгі қоныстың орындары, тастан қашалған бейіттер мен құдықтар бар... ... Әрі қарай оқу»
|
Оңтүстік Қазақстан облысы туралы тақырып бірінші болып ашылған еді форумда, және тақырыпты ашқан адам өз туған жерін соншалықты сүйетіндігі көрініп тұрды, себебі алғы сөзінде өз ішкі пікірін алдымызға салған еді. Совет кезінде Қазақстанның кейбір аймақтары орыстандыру саясатына берілмей нағыз қазақылықты сақтап қалуға тырысқандарын білеміз. Солардың арасында Оңтүстік Қазақстаннның орны ерекше. Қазақтың қаймағы бұзылмаған өңір, тек аздап қана өз ағаларымызға ұқсастығы болмаса..
|
Алтай...Қазақтың Алтайы.. Тарихтың әділсіз шешімімен үшке бөлініп, иесі қазаққa бір бөлігі ғана қалған Алтай.Бір бөлігі Қытайда, бір бөлігі Ресейде... Қазақ Елінің күні шығатын аймақ, қазақтың, түрік тектестердің шыққан жері өр Алтай!Көрген адам жұмақты көргендей болады екен... Бармай-ақ осы фотосуреттерден Шығысымызды сағынамыз... қандай керемет табиғаты,таза суы,таулардың көгерге ... Әрі қарай оқу»
|
Қызылорда облысы туралы, киелі Сыр Елі туралы ақпараттарды форумдағы осы тақырыптан ала бастадық. Шынында да көншілік ел аралап жүре алмайды, себебі уақыттың жоғына қоса қаражаттың тапшылығы бар. Бірақ енді Форумдағы тақырыптар арқылы Қазақ Елінің талай жерлерін көретін болдық. Сондықтан сайтымыздың бас бетіне форумдағы осы тақырыпқа байланысты фотосуреттерді қойғанды дұрыс санадық. Осы тақырыпты ашқан Қызылордалық Ләззатқа рaхмет айтамыз!
|
|
|
|
|