Дін - Қайран Елім
Бейсенбі, 23.02.2012
Қайран Елім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Павлодар облыстық филиалының  сайты
Бір ұлт
Бір тіл
Бір мүдде
Сайт мәзірі
Бөлім санаттары
Тіл [29]
Дін [7]
Әлем [19]
Аймақ [7]
Қоғам [30]
Отандас [47]
Руханият [16]
Түркі Әлемі [4]

Сөйлесейік

Пікіртерім
Қандастарымыздың Елге оралуын қалайсыз ба?
Барлық жауаптар саны: 190
Санақ

Қазір онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
free counters
Бас бет » Дін
Ел Тәуелсіздігінің 20 және Павлодар қаласындағы Мәшһүр Жүсіп мешітінің 10 жылдығына орай өңір қаламгерлерінің арасында қазан айында «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» атты шығармашылық бәйге жарияланған болатын. Шариғатқа сай қолөнер туындылары, дін, патриоттық тақырыптағы өлеңдер, танымдық, имандылық тақырыбындағы мақалалар номинациясы бойынша өткен шараға алпысқа тарта үміткер қатысты. Соның ішінде Сүлеймен Баязит, Еркін Мұндуинов бастаған белгілі қаламгерлер мен жас өрендер бақ сынаған болатын. Жуықта жазушылар мен ғалымдардан, мұражай қызметкерлері мен мешіт имамдарынан құралған қазылар алқасы аталмыш шығармашылық бәйгенің қортындысын шығарды. Жүлдегерлер мен жеңімпаздарды анықтауда, шығарманың немесе туындының мәні мен маңызы, шариғат заңдылықтарына сәйкестігі ерекше ескерілді. Сонымен «Шеберді шебер дегенше» деп аталған қолөнер шеберлері аталымы бойынша Павлодар қалалық №25 орта мектеп ұстазы Наркез Қайса жетекшілік еткен оқушылардың ұжымдық шығармасы үздік деп танылды. Ал, жазба ақындар арасындағы «Жүректің көзі ашылса...» атты аталымы бойынша өңі... Әрі қарай оқу»
Санаты: Дін | Қараулар саны: 80 | Уақыты: 28.12.2011 | Рейтингі: 5.0/1 | Түсініктер (0)

Ұлық мереке құтты болсын!Құрметті мұсылман бауырлар, отандастар! Міне, барша мұсылман сағына күтетін Құрбан айт мерекесіне де жеттік. Алла қаласа, 6 қарашадан бастап, шамасы келген әр мұсылман Алла разылығы үшін құрбан шалып, дініне, иманына адалдығы мен шынайы ықыласын білдіреді. Сол арқылы Жаратушы иеміздің құзырында өзіне лайық дәрежеге қол жеткізеді. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис шәріптерінің бірінде: «Адам ба­ла­сы құр­бан айт кү­нін­де (құр­бан ша­лып) қан ағы­зу­дан да сүйік­ті ешбір іспен Алла Та­ға­ла­ға жа­қын­да­ған емес» деп бұл құлшылықтың мәнін түсіндірген. Сондай-ақ тағы бір хадисінде: «Кім­де-кім мүм­кін­ші­лі­гі бо­ла тұ­ра құр­бан шал­ма­са, біз­дің на­маз оқи­тын же­рі­міз­ге жа­қын­да­ма­сын!» – деп ескерту жасағаны да бар. Құр­бан ша­лу­дың уақы­ты құр­бан айт­тың бі­рін­ші кү­ні Айт на­ма­зы­нан кейін бас­та&... Әрі қарай оқу»
Санаты: Дін | Қараулар саны: 200 | Уақыты: 02.11.2011 | Рейтингі: 5.0/2 | Түсініктер (3)

Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы және Орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлінің Министрлер мен ведомство жетекшілеріне, облыс, қала, аудан басшыларына, кәсіпкерлерге және жалпы халыққа Қасиетті Рамазан айы ҮНДЕУІ: Құрметті мұсылмандар, отандастар! Биыл - сүйікті Отанымыз үшін ерекше жыл. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы. Дәл осы айтулы кезеңде егемен еліміз Ислам Ынтымақтастық ұйымының тізгінін қолға алып, қазақтың байтақ даласының ұзын сонар тарихы Исламмен біте қайнасып жатқандығын дүйім жұртқа паш етуде. Тәуелсіздігімізді алғаннан бергі аз ғана мерзім ішінде еліміз аяғынан тік тұрып, қарқынды даму жолына түсті. Алла Тағаланың мейірім-рахымы түсіп, Қазақстан жұрты мерейлі 20 жылдығын әлем алдында абыроймен, толағай табыс және береке-бірлік, ынтымақпен қарсы алып отыр. Небәрі жиырма жылда ғасырға татырлық орасан зор істер атқарылды. Халықаралық мәртебелі ұйымдарға төрағалық еттік. Мұның қай-қайсы да елім, жерім, халқым деген әрбір отандасымыздың мақтаныш сезімі мен қуанышын тасытары сөзсіз. Бұл табыст... Әрі қарай оқу»
Санаты: Дін | Қараулар саны: 208 | Уақыты: 08.07.2011 | Рейтингі: 5.0/2 | Түсініктер (3)

2011 жылғы ақпан айының 14-інен 15-іне қараған түні Мәуліт ән-Нәби Пайғамбарымыздың (с.а.с.) туған күні Әдеттегідей биыл да әлемнің көптеген елдері хазреті Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың мәулітін атап өтеді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туылған күнін қасиетті мереке ретінде атап өту үрдісі ислам әлемінде һижри IV-V ғасырлардан басталады. Ислам ғұламалары бұл жайлы көптеген құнды еңбектер жазып, мәуліттің дініміздегі орнын анықтауға тырысқан. Қазіргі таңда бұл мейрамды бір-екі мемлекеттен өзге барлық ислам әлемі ерекше мерекелейді Мәуліт - араб сөзі, қазақ тілінде «туған күн» деген мағына береді. Бұл Алла тағаланың ең сүйікті пендесі, Адам атадан (ғ.с.) басталған пайғамбарлардың соңғысы, әрі сардары хазреті Мұхаммедтің (с.ғ.с.) дүниеге келген айына атау етіп қойылған сөз. Қасиетті Құран Кәрімде Алла тағала «Ахзаб» сүресінің 56-аятында: «Пайғамбарға (с.ғ.с.) Алла рахымын төгіп, періштелер жарылқау тілейді. Ей, мүміндер! Пайғамбарға (с.ғ.с.) сендер де салауат айтып, сәлем жолдаңдар», - деген. Сондықтан да әр жылы ай тізбесінің рабиғул-әууәл айында әз Пайғамбары... Әрі қарай оқу»
Санаты: Дін | Қараулар саны: 309 | Уақыты: 14.02.2011 | Рейтингі: 5.0/1 | Түсініктер (0)

Құрметті мұсылман бауырлар, отандастар! Алланы бір, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарды хақ деп білетін мұсылман баласы үшін Жаратушымыз белгілеп берген екі мейрамның ұлығы Құрбан айт күндеріне де жеттік. Алла тағаланың разылығы үшін мал шалынып, кең дастархан жайылып, еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін шат-шадыман қуанышқа бөленетін бұл ұлық мейрам Қазақстан жұртшылығына да ырыс пен береке әкелсін!Бұл күндердің ұлықтығы сол - мұнда адам баласы өз Жаратушысына барынша жақындай түсуге тамаша мүмкіндік алады. Асылы, «Құрбан» сөзі де араб тілінен аударғанда, «жақын болу», «жақындау» мағынасын білдіреді. Олай болса, құрбандық шалуды тек мал сойып, қан шығару емес, Алланың рахым-мейіріміне қол жеткізудің бір жолы деп түсінген абзал.Құрбан шалу - сонау Ибраһим (ғ.с.) пайғамбардан жалғасып келе жатқан үрдіс. Бұл ғибадат арқылы Алланың ықыласты құлдары өз сеніміне беріктігі мен берілген нығметтерге шүкіршілігін танытады. Қасиетті Құран кәрімде: «Аллаға қүрбанның еттері, қандары, әсте жетпейді. Бі... Әрі қарай оқу»
Санаты: Дін | Қараулар саны: 308 | Уақыты: 13.11.2010 | Рейтингі: 5.0/2 | Түсініктер (3)

Құрметті мұсылман бауырлар, отандастар!Әр күнін ораза ұстап, сансыз құлшылық жасап, дұға-тілекпен өткізген қасиетті Ра ма зан айымен де қимай-қимай қоштаспақпыз. Алла тағаланың рақымы мен мейіріміне, ке шірімі мен шарапатына толы бұл айды әлі талай еске алатынымыз хақ. Десек те, қа сиетті айда іле-шала Айт мерекесі де жетіп, дүние мен ақиреттің ғажап құндылықтарын сездіріп, жүрегімізді ерекше рахат сезіміне бөледі. Бұл мереке бір айлық оразадан кейінгі жалпыхалықтық ауызашар іспетті. Өйткені, дінімізде бұл айт "әл-ъидул-фитр”, яғни "ауызашар айты” деп аталынады.Алла елшісінің (с.ғ.с.) сахих хадистерінде Айт мейрамына тамақ жеп, сусын ішу, Алла ны еске алу, қонақ күту, сырқат мұсылман дар дың көңілін сұрау мен жоқ-жітік, кем ба ғал дарға садақа беру тән екендігі айтылған. Олай болса, айт күндерін ізгі амалдары мыз ды кемітпестен көтеріңкі мерекелік көңіл-күймен және басқа да сауабы мол істермен өткізген мақұл. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Меккеден Меди неге қоныс аударғанда, жергілікті халықтың мейрамдап, көңіл көтеріп жүргенін көріп: "Бұл қандай мереке?” д... Әрі қарай оқу»
Санаты: Дін | Қараулар саны: 459 | Уақыты: 09.09.2010 | Рейтингі: 5.0/2 | Түсініктер (7)

Ораза қабыл болсын! Құрметті мұсылман бауырлар, отандастар! Сағына күтіп, қимай қоштасатын, Құран Кәрімнің асыл аяттары түсе бастаған мұсылман жұртшылығының қасиетті айы Рамазанға да жеттік.
Рамазан – Алла тағаланың мейірім нұры жауатын, шарапаты мол, ізгі ниетті іске сауа­бы көп, жыл он екі айдың ең қадірлісі. Бұл айда Алланың рахымынан үміт ете оты­рып ораза ұстап, құлшылық жасаған адам­ның тәубесі қабыл болып, жапырақтары тө­гілген күзгі ағаштай күнәларынан арылады.
Таңның атысы, кештің батысына дейін нәр татпай ғана қоймай, мұнымен қоса түрлі жамандықтардан бойын аулақ ұстау – нәп­сіні тәрбиелеудің үлкен мектебі екені даусыз. Ал күні бойғы нәпсімен арпалысқан кү­рестің есесіне кешке сізді мол сауап, ерекше ләззатты сәттердің күтіп тұруы өз алдына бір ғанибет.
Ораза ұстау – Құран Кәрімде және Пай­ғам­барымыздың (с.ғ.с.) хадис шәріптерінде нақты бекітілген бес парыздың бірі. Құранда: "Ей, иман келтіргендер! Сендерден бұрынғыларға парыз етілгендей тақуалыққа жетулерің үшін ораза ұстау сендерге де парыз етілді” – делінген ("Бақара” сүресі, 183-аят).
Пайғамбарымыз (салла... Әрі қарай оқу»
Санаты: Дін | Қараулар саны: 1146 | Уақыты: 10.08.2010 | Рейтингі: 5.0/2 | Түсініктер (8)

Кіру түрі
Е-майл:
Кілтсөз:
Фотосуреттер

Іздеу
Күнтізбе
«  Ақпан 2012  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829
Мұрағат
Сілтемелер
  • Қазақша Уикипедия
  • Мәдени мұра
  • Тіл порталы  
  • Ертіс дидары
  • Мен қазақпын сайты
  • Қазақтар сайты
  • Мәскеу қазақтары
  • Мәссаған порталы
  • Абай порталы
  • Электронды кітапхана

     
  • Кездесейік  * Сөйлесейік * Бірігейік  ***   Copyright Kayranelim © 2009-2011
    Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
    Форумдағы, чаттағы жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып есептелмейді
     
     Whois.1in.kz - рейтинг лучших сайтов Казнета Рейтинг ресурсов KAZ.KZ Resurs.kz: сайты Казахстана и раскрутка сайта Создать сайт бесплатно Каталог Казахстанских ресурсов TABU Сайты Казахстана, казахстанские сайты, казахские сайты, сайты в Казахстане HotLog