Отандас - Қайран Елім
Бейсенбі, 23.02.2012
Қайран Елім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Павлодар облыстық филиалының  сайты
Бір ұлт
Бір тіл
Бір мүдде
Сайт мәзірі
Бөлім санаттары
Тіл [29]
Дін [7]
Әлем [19]
Аймақ [7]
Қоғам [30]
Отандас [47]
Руханият [16]
Түркі Әлемі [4]

Сөйлесейік

Пікіртерім
Қандастарымыздың Елге оралуын қалайсыз ба?
Барлық жауаптар саны: 190
Санақ

Қазір онлайн: 3
Қонақтар: 3
Қолданушылар: 0
free counters
Бас бет » Отандас

Отанына оралғандарға үй керек, - дейді Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия. Атажұртына қоныс аударған қандастарымызды Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасымен баспана алуына мүмкіндік беретін жүйе жасалуы тиіс. Көшіп келушілерге төленетін төлемақы мөлшері өңірлік ерекшеліктерге сай белгіленгені жөн. Ал «Нұрлы көш» бағдарламасы шеңберінде баспана салып, бауырларымызды жасанды жолмен шоғырландыруды тоқтату керек. Осы тектес ұсыныстарды Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия жасап отыр. Аталған комиссияның оралмандар мәселесіне баса мән бергені сондай, «Қазақстан Республикасындағы оралмандардың, азаматтығы жоқ адамдардың және босқындардың құқықтарының ахуалы туралы» арнайы баяндама жасап шығыпты. Баяндаманы түзу барысында атамекенге табан іліктіріп жатқан қазақтардың проблемасын комиссия мүшелері жүректерінен өткізген сыңайлы. Өйткені ұсыныстарының көбісінің жаны бар. Бір қызығы, ол ұсыныстардың бірқатары бұған дейін де талай рет көтерілген. Алайда естір құлақ табылмаған-ды. Енді ол мәселелерді Президент жанындағы комиссия ... Әрі қарай оқу»

Санаты: Отандас | Қараулар саны: 36 | Уақыты: 19.02.2012 | Рейтингі: 0.0/0 | Түсініктер (1)

2009 жылы сол кездегi Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Бердiбек Сапарбаевтың бастамасымен өмiрге жолдама алған «Нұрлы көш» бағдарламасының алғашқы кезеңi 2009-2011 жылдарға жоспарланған болатын. Бұл бағдарлама бойынша, осы уақыт аралығында Қазақстанға 300 мыңдай этникалық қазақ қоныс аударуы тиiс болатын. Негiзiнен бұл мақсатқа арналған 200 миллиардтай теңге жұмсалды. Алайда межелеген 60 отбасы «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша тұрғызылған ауылдарға қоныстанып үлгердi ме, жоқ па, ол жағы беймәлiм.Көші-қон мәселелерімен нақты айналысатын мекеменің жоқтығынан «Нұрлы көш» бағдарламасы жайында нақты мәлімет алу қиынға соғып отыр. Былтыр Дүниежүзі қазақтарының ІV Құрылтайының салтанатты мәжілісінде сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы көш» бағдарламасының екінші кезеңін бастау қажетті... Әрі қарай оқу»

Санаты: Отандас | Қараулар саны: 28 | Уақыты: 18.02.2012 | Рейтингі: 5.0/1 | Түсініктер (4)

«Аға мені моңғолда хасых дейді. Мұнда моңғол дейді. Мен сонда кіммін?» Марқұм Бауыржан інімнің сөзі.Орта жасқа келіп қалған мені әлденемен таң қалдыру қиын. Догондар ғана білетін Сириус, Ригведдадағы Сібірдің ақ түні, көзі ойылған Ванга ішегімді тарттырмайды. Бірақ әр кездерде билік маңы, сол жақтағы тұлғалар мен сұлбалар басымды шайқата береді. Бүгін мені таңқалдырып отырған «Егемен Қазақстандағы» «Өз елінде өзі қонақ болғысы келетін оралман ағайындардың ойлағандары не?» атты құлаққа қатаң, естуге ебдейсіз, сезімге суық мақала. Жалпы осы біз кімбіз? Мемлекетпіз бе? Кімнің мемлекетіміз? Сол мемлекетке қазақтың қатысы бар мА? - деген сұрақтар сананы сүргілейді. Тамырды тіліп, жүйкені жұлады.Еріксіз еске Ресейге  әзірше басы  байлаулы Татарстандағы бір оқиға түседі. 2011 жылы 9 маусымда Қазандағы мемлекеттік Кеңесте республикадағы орыстарды  «окуппантар» деген «ТНВ» телеарна журналисі Эльмира Исрофиловаға түк те болған жоқ. Тіпті «Фикер» ұлттық  дискуссиялық  клубында «Татар жастар одағы», «Азатлық» мүше... Әрі қарай оқу»
Санаты: Отандас | Қараулар саны: 70 | Уақыты: 18.02.2012 | Рейтингі: 0.0/0 | Түсініктер (7)

Ыстамбұл.15 қаңтар. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Бүгін Ыстамбұлдағы "Қaзaқ кент" ayылында  Түркиядағы қандастарымыздың көшбасшысы болған, Қытай Республикасы Парламентінің және Тайвань Парламентінің депутаты, Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін Дүниежүзі қазақтары қaуымдaстығы Төрaлқaсының мүшесi болған Дәлелхан Жаңалтай дүниеден озды.2001 жылы Д.Жаңалтайды Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің 10 жылдығы медалімен, 2008 жылы «Парасат» орденімен марапаттады.Дәлелxaн  Жaнымxaнұлы Жaңaлтaй, 1922 жылы 15 мaусымда Aлтaй aудaны (қaзіргі Қытaй Xaлық Республикaсы, Шынжaң-Ұйғыр aвтономиялық өлкесі) Өрмегейтi жaйлaуындa дүниеге келген.  Қaзaқ жоғaрғы мектебiн және дiни медресенi бiтiрген. 1940 жылы Өлкелiк "Қaзaқ-Қырғыз" құрылтaйының Aлтaй aймaғы бөлiмiнде құрылтaй өкiлi болып қызмет iстедi.1945 жылдың бaсындa Шынжaң өлкелiк үкiмет бaстығы У Жу Шидың нұсқaуы бойыншa тыныштық орнaту үшiн комиссия мүшесi болып Aлтaйғa бaрды. Сондaй-aқ, сол жылы солтүстiк-бaтыс әскери-сaяси және әкiмшiлiк мекемесiнiң Шынжaң бөлiмiнде генерaл Жaң Же Жуң ... Әрі қарай оқу»

Санаты: Отандас | Қараулар саны: 152 | Уақыты: 15.01.2012 | Рейтингі: 5.0/1 | Түсініктер (1)

Әлемде мыңдаған ұлттар бар, ал мемлекеттігі тек жүздегендерінде ғана бар. Тәуелсіздік деген біз үшін ол не? Бұл тек қана белгілі бір құжатты қабылдаған күн емес... Тәуелсіздікті аңсамайтын адам, егемендікке ұмытылмаған ел болмайды.. Иә, 20 жыл бұрын 1991 жылдың 16 желтоқсанында «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» заң қабылданды. Бірақ біз үшін Тәуелсіздік – ол Жәнібек пен Керейдің іске асырған арманы, Тәуекел баһадүрдің соңғы деміндегі тілегі, Абылайхан мен батыр қаһармандарымыздың Ел үшін шайқастары, Кенесарының жандауысы мен соңғы жорығы,20-40 жылдары күнәсіз өлтірілген миллиондаған қазақтардың көз жасы, 1986 жылдың аязды желтоқсанында тобыр емес, ұлт екендігін көрсеткен қазақ жастарының ерлігі, Қазақстан Республикасы тәуелсіздік ала салысымен Еліміз бар, жеріміз бар деп үйренген жерлерін тастап, сол жақтағы бабалары жатқан зираттарға Құран оқып, бала-шағасымен алыс жолға шыққан қандастарымыздың сағынышы... «Қайран Елім» - деп, қиындықтарға қарамастан, ата-бабаларының өсиетін орындау мақсатында 90-жылда... Әрі қарай оқу»
Санаты: Отандас | Қараулар саны: 173 | Уақыты: 14.12.2011 | Рейтингі: 5.0/1 | Түсініктер (2)

Биыл шеттегі қандастарымыздың тарихи Отанына қарай ұлы көшті бастағанына 20 жыл толды. Жиырма жылдан бері Қазақстанға 300 мыңнан астам оралман отбасы көшіп келіп, халық санын 1 млн-ға арттырды. Қандастардың атамекендегі жағдайға бейімделіп кетуі үшін Президент Жарлығымен 2007 - 2015 жылдарға арналған Көші-қон саясаты тұжырымдамасы жасалды. Үстіміздегі жылы «Халықтың көші-қоны» туралы заң қабылданды. «Нұрлы көш» бағдарламасы тағы бар. Десек те, оралман ағайынның алдынан шығып отырған мәселелер әлі де терең талқылауды талап етеді. Кеше Парламент Мәжілісінде «Нұр Отан» ХДП фракциясы жанындағы Әлеуметтік кеңестің отырысында соған көз жетті. Бүгін оралман ағайынды ойлантатын мәселе көп. Бірақ сол мәселені шешуге болатынын БҰҰ Даму Бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Екатерина Паниклованың сөзінен ұқтық. Оның айтуынша, БҰҰ ДБ Қазақстан Үкіметінің өтінішімен 2000 жылы Семейде оралмандарды бейімдеу орталығын ашып, 3000 адамға дипломды мойындату, жұмысқа орналасу, азаматтықты алу бойынша кеңестер беріпті. 500 оралман тренингтерден өтіп, компьютер... Әрі қарай оқу»
Санаты: Отандас | Қараулар саны: 158 | Уақыты: 12.10.2011 | Рейтингі: 5.0/2 | Түсініктер (0)

121 жасында Түркиеде тұратын бір үлкен апамыз қайтыс болды деген хабарды естіп отырмыз. Жаны жәннәтта болсын дейміз, жасаған жылдары аз емес екен... Қайшіген әжеміз туралы сайт бетінде материалдар екі рет болған еді...Сол кезде әжеміз де тірі еді, енді міне фаниден бақиға көшті... Бұл адам баласының барлығының өтетін жолы ғой... Ал Қайшиген әжемізге келсек, жасаған жылы көп болуы ме бірге көрген қиындықтары да бастан асады. Кезінде Қытай зұлымдығына шыдамай, бас бостандығын сақтаймыз деп үдере көшкен қазақтардың көшінің ішінде кеткендердің бірі екен. Сонау аласапыран заманда басынан талай-талай қасіретке толы оқиғаларды өткізіп Түркияға жеткен қазақтар арасындағы қазақтың бір қара кемпірі еді. Қазақтың!!! Айтқымыз келіп отырғаны – егер басқа бір ұлттың бір өкілі соншама жыл жасаса, онда сол ел өз азаматын биікке көтеріп жырлап-әңгімелеуден шаршамас еді. Ал біздің елдің үкіметі болсын, басқа да мәдениет орындары Қайшиген әжеміздің 120 жасқа толғанын естіп те жатқан шығар, бірақ Қазақстан телевизиясында, газет пен журнал беттерінде ештеңе соншалықты маңызды жазған жоқ сияқты... Қазағымызды... Әрі қарай оқу»
Санаты: Отандас | Қараулар саны: 218 | Уақыты: 02.10.2011 | Рейтингі: 5.0/2 | Түсініктер (5)

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бері Көші-қон саясатын Еліміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі ретінде қарап, оны үнемі өз бақылауыңызда ұстап келесіз. Әр жылы Үкімет қазынасынан 20 мың отбасыға квота бөліп, соның арқасында 800 мыңдай қандасымыз өзінің тарихи Отанына көшіп келіп, қоныстанды. Осы саланың жұмысын жандандыру мақсатында 1992-жылы тұңғыш «Халықтың Көші-қон» заңын қабылдаттыңыз. Биыл бұл «Көші-қон» заңына тағы да өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, Парламенттің қос палатасының қарауынан өтіп, Сіздің қолыңыз қойылды. Алғашқы кезеңде Көші-қонды реттейтін органды тікелей өзіңізге бағынатын «Көші-қон Агенттігі» етіп құрған болатынсыз. Ол орган екі өзгерісті бастан кешіп, үстіміздегі жылдың басында ІІМ-нің құзырындағы «ІІМ-нің Көші-қон Полицисиясы комитеті» етіліп бекітілді. Қазір Көші-қон жұмысымен осы мекеме айналысады. Көші-қонмен айналысатын биліктің бұл саласының қанша мәрте өзгертіліп құрылуы Сіздің шетте жүрген қандастарымды қайтсем Қара шаңыраққа жеткізем деген ізгі ниет, жақсы көңіліңіздің белгісі екені... Әрі қарай оқу»
Санаты: Отандас | Қараулар саны: 213 | Уақыты: 24.09.2011 | Рейтингі: 5.0/1 | Түсініктер (2)

Құрметті сайт мүшелері мен қонақтары, қымбатты достар, Еліміздің Конституция күні құтты болсын! Тәуелсіз ел болғысы келмейтін ұлт жоқ шығар, себебі кез келген ұлт-ұлыс өзін егемен болып сезінгісі келеді. Тек егемен елде ғана тәуелсіздіңтің нышандары болады, сол нышандардың бірі деп тілді санауға болады. Ал тілдің ереше орыны – Конституцияда бекітілген болады. 30 тамызда Қазақстан Республикасының, яғни біздің Отанымыздың Қонституциясының Күні. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл — қазақ тілі - деп жазылған біздің Атазаңымызда. Бүгінгі күні тіліміздің жағдайына байланысты түрлі пікірлер айтылып жатады, соның ішінде сын да бар, бірақ Конституцияда мемлекеттік тіл болып бекітілген қазақ тілінің жағдайы көңілімізге толмаса – ол Конституцияда заңмен бекітілген статусының орындалмауы, ал оны орындамай жүргендер кім? Мәселе сода. Қазақ тілі мемлекеттік тіл екенін біліп отырып, оны орындамаған бірінші кезекте мемлекеттік қызметтегілер айыпты. Ал тіліміздің орны Конституциямызда белгіленген, сондықтан ендігі кезекте халық болып, ұлт болып, Қазақстан Республикасының тең хұқылы азаматы болып, Конституциямыздың,... Әрі қарай оқу»
Санаты: Отандас | Қараулар саны: 314 | Уақыты: 28.08.2011 | Рейтингі: 5.0/1 | Түсініктер (2)

2010 жылдың қараша айынан бастап Елбасы Жарлығымен халықтың көші-қоны саласындағы барлық функциялары Ішкі Істер Министрлігінің қарамағындағы Көші-қон полициясы комитетіне берілгені белгілі. Үстіміздегі наурыз айында осы Көші-қон полициясы комитетінің жанынан Этникалық көші-қон жөнінде Қоғамдық кеңес құрылған болатын. Кеңес төрағасы болып Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқа төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев, орынбасары болып Бекболат Тілеухан сайланды. Алматы қаласында өткен аптада сол кеңестің алғашқы мәжілісі өтті. Мәжіліске Президент әкімшілігі, Сыртқы істер министрлігі, ІІМ Көші-қон полициясы комитетінің, шетелдердегі қазақ диаспорасының өкілдері, қауымдастықтың облыстық филиал жетекшілері қатысты.
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқа төрағасының бірінші орынбасары, жоғарыда айтылған Қоғамдық кеңес төрағасы Талғат Мамашев мәжілісті өткізді. Қоғамдық кеңестің мәжілісінде сөз алып, ойларын ортаға салған белсенділердің айтуынша соңғы жылдары Елбасы Жарлығымен 20 мың отбасыға белгіленген көшіп келу квотасы жартылай ғана орындалып, сол мақсатқа бөлінген қаражаттар игеріл... Әрі қарай оқу»
Санаты: Отандас | Қараулар саны: 240 | Уақыты: 06.05.2011 | Рейтингі: 5.0/2 | Түсініктер (1)

1 2 3 4 5 »
Кіру түрі
Е-майл:
Кілтсөз:
Фотосуреттер

Іздеу
Күнтізбе
«  Ақпан 2012  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829
Мұрағат
Сілтемелер
  • Қазақша Уикипедия
  • Мәдени мұра
  • Тіл порталы  
  • Ертіс дидары
  • Мен қазақпын сайты
  • Қазақтар сайты
  • Мәскеу қазақтары
  • Мәссаған порталы
  • Абай порталы
  • Электронды кітапхана

     
  • Кездесейік  * Сөйлесейік * Бірігейік  ***   Copyright Kayranelim © 2009-2011
    Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
    Форумдағы, чаттағы жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып есептелмейді