Әлем - Қайран Елім
Бейсенбі, 23.02.2012
Қайран Елім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Павлодар облыстық филиалының  сайты
Бір ұлт
Бір тіл
Бір мүдде
Сайт мәзірі
Бөлім санаттары
Тіл [29]
Дін [7]
Әлем [19]
Аймақ [7]
Қоғам [30]
Отандас [47]
Руханият [16]
Түркі Әлемі [4]

Сөйлесейік

Пікіртерім
Қандастарымыздың Елге оралуын қалайсыз ба?
Барлық жауаптар саны: 190
Санақ

Қазір онлайн: 2
Қонақтар: 2
Қолданушылар: 0
free counters
Бас бет » Әлем
Құрметті достар! Сайтымыздың тұрақты қолданушылары мен қонақтары! Баршаңызды келіп жеткен Жаңа 2012 жылмен құттықтаймыз! Еліміздің барлық жаманшылығы өткен жылмен бірге кетсін, өткен жыл қайғылы оқиғаларға толы болды. Еліміздің тарихында болмаған жағдайлар болды.. Енді халқымызға тек сабыр, ал билікке әділ болуын тілейміз.Алдымыздағы жаңа жылда әрқайсымыздың жанымызды шуаққа бөлеген қуанышты сәттер мен жақсы жаңалықтар көп болсын.Қазағымызды қайғы жемесін, Қазағымыз бөлінбесін! Үш жыл бойы сайтымызбен бірге келе жатсыңдар, сондықтан сендер сайтымыздың ең жақын достарысыңдар! Сендердің орындарың ерекше! Жаңа жыл мерекесін әрбір адамзат баласы асыға тосып, сағына күтеді. Бұл күні әрбір шаңыраққа бақ пен береке, қуаныш пен шаттық, татулық пен сыйластық тілейміз! Жаңа жылда алға қойған арман-тілектеріңіз орындалып, тек қана табыс пен жақсылықтың жылы болғай! 2012 жылы халқымызға жайлы болсын! Қазақ ұлты бірлік арқасында барлық қиындықтарды жеңіп, жаңа жетістіктерге жетсін! Тәуелсіз Еліміздің Көк байрағы мәңгі желбіресін!
 
... Әрі қарай оқу»
Санаты: Әлем | Қараулар саны: 101 | Уақыты: 29.12.2011 | Рейтингі: 0.0/0 | Түсініктер (2)

Құрметті достар, сайт қонақтары! Үстіміздегі жылдың 31 мамырында біздің сайт "AWARD.KZ 2011" (www.award.kz) Ұлттық Интернет сыйлығы» конкурсының іріктеу комиссиясының байқауын өтіп, аталған жарысқа қабылданды. Ендігі кезекте сайтымызды 205 тұрақты қолданушысы сайтымызды қолдау мақсатында дауыс береді және өзі тұратын жерлерде өз жақын достарын да дауыс беруге шақырады деп үміттенеміз. Осы сайтқа кірген барлық қазақ азаматтарын біздің сайтымызға дауыс беріп кетулеріңізді сұраймыз!!! Әр компьютерден бірақ рет бір дауыс қана беріледі. Қолдаңыздар, ағайын! Qurmetti dostar, sayt qonaqtarı! Üstimizdegi jıldıñ 31 mamırında bizdiñ sayt "AWARD.KZ 2011" (www.award.kz) Ulttıq İnternet sıylığı” konkursınıñ iriktew komiyssiyasınıñ bayqawın ötip, atalğan jarısqa qabıldandı. Endigi kezekte saytımızdıñ 205 turaqtı qoldanuwşısı saytımızdı qoldaw maqsatında dawıs beredi jane özi turatın jerlerde öziniñ jaqın dostarın da dawıs berüwge şaqıradı dep ümittenemiz. Osı saytqa kirgen barlıq qazaq azamattarın bizdiñ saytımızğa dawıs berip ketüwlerinizdi suraymız!!! Bir kompüterden biraq ret bir dawıs qana beriledi. Qoldañızdar, ağayın! ... Әрі қарай оқу»
Санаты: Әлем | Қараулар саны: 217 | Уақыты: 01.06.2011 | Рейтингі: 5.0/2 | Түсініктер (3)

Ардақты әлеумет!Төрткүл дүниедегі қазақты туған жердің төсінде қауыштырған осы құрылтайға келіп отырсыздар. Бүкіл еліміз Қазақстан сіздерді құшағын ашып, шын жүректен, қуанышпен қарсы алуда.Осы күні еліміздің ақпарат құралдары, зиялы қауым, жастар, барлығы да сіздердің келгендеріңізден хабардар. Жолдарыңыз ақ болсын, хош келдіңіздер деген қуанышымызды білдіргім келеді.Баршаңызды қасиетті қазақ жерінде қарсы алып отырғаныма мен де зор қуаныштымын.Еуразия төріндегі ұланғайыр атажұртқа сіздер әлемнің 35 елінен келіп отырсыздар.Туған топыраққа сағыныштарыңызды арқалап жеткендеріңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.Қасиетті қазақ жеріне, жерұйық-мекен Астанаға келген «қадамдарыңыз құтты болсын, ағайын!» деп тағы бір рет айтқым келеді.
Қымбатты бауырлар! Құрылтай – тойласу үшін емес, ойласу үшін шақырылатын жиын екенін баршаңыз білесіздер. Бабаларымыз ел тағдыры таразыға түскен тұста, жаңа белеске қадам басар шақта құрылтай шақырып, кеңес құрған. Біз бүгін сол игі дәстүрдің ізімен жиналып отырмыз. Тағдыр талайымен төртк... Әрі қарай оқу»
Санаты: Әлем | Қараулар саны: 619 | Уақыты: 26.05.2011 | Рейтингі: 5.0/4 | Түсініктер (1)

Көптен күткен, бір неше рет шегерілген Құрылтайымыз басталды. Дүниежүзі қазақтарының ІV Құрылтайы 2011 жылдың 25-27 мамырында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен Астана қаласында Дүниежүзі қазақтарының ІҮ Құрылтайы өтеді.Бес жылда бір рет өткізіліп тұратын әлем қазақтарының құрылтайы еліміздің саяси-қоғамдық өміріндегі маңызды оқиға саналады. Қазақстан Президентінің жарлығымен еліміз Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы болып жарияланған 2011 жылы әлем қазақтарының құрылтайы өткізілуі ерекше маңызға ие болып отыр.Бұрынғы үш құрылтайға қарағанда ІҮ Құрылтайға Қазақстандағы және басқа елдердегі жастар мен жастар ұйымдарының, студенттер бірлестіктерінің көшбасшылары көптеп шақырылды. Сондықтан, Құрылтайдың басты ерекшеліктерінің бірі қазақтың мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерін кеңінен танытуға арналған аса қызықты мәдени-көпшілік бағдарламалардың болуы екендігі даусыз заңдылық.
Құрылтайға әлемнің 35 елінен және Қазақстаннан қазақ ұлтының өкілдері жиналды. Қытай елі Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданы үкіметі төрағасы... Әрі қарай оқу»
Санаты: Әлем | Қараулар саны: 667 | Уақыты: 25.05.2011 | Рейтингі: 5.0/1 | Түсініктер (1)

– Амантай, біздер шет елдердегі қазақтарға қазақ елі, жері ауадай қажет дейміз. Олар­дың байырғы отан­да­ры­на, ата-бабалары өмір сүрген елге қайта оралулары керек деп отырмыз. Бүгінгі күні осы үрдіс қалай жүріп жатыр?
– Жиырма жылға жуық жал­ға­сқан көш үрдісі барысында шет елдерде тұратын мыңдаған от­басылар атамекенге келіп қо­ныс­танды. Бірақ, жалпы осы көш үрдісінде оралман ағайындардың арасы қазір екіге бөлініп қалған­дай. Өйткені, осында келген қан­дастар шетте қалған туыс-туған­дарын, көршілерін, ағайын туыс­тарын ойлап алаңдаумен жүр. Өздігінен көшіп келуге мүм­кін­дігі жоқ Моңғолиядағы көп ба­лалы қазақ отбасылары ата­ме­кенге жетсек деген арман-үміт­пен, күтумен өмір сүруде. Осы­дан екі жыл бұрын Прези­денттің «Оралмандардың 2009-2011 жыл­дарға арналған көшіп келу квота­сы туралы» Жарлығы шықты. Осы Жарлықты негізге ала оты­рып, Дүниежүзі қазақтары қауым­дастығының және орал­ман­дардың республикалық «Асар» қоғамдық бірлестігінің жергілікті бөлімшесі ... Әрі қарай оқу»
Санаты: Әлем | Қараулар саны: 252 | Уақыты: 23.05.2011 | Рейтингі: 0.0/0 | Түсініктер (0)

Қымбатты Ұлы Отан соғысының ардагерлері! Құрметті тыл еңбеккерлері! Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын күллі әлемге танытқан қасиетті соғыс болса, Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың сол ұлы ерлігін мәңгілік ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Егер Сіздердің сол сұрапыл соғыстағы жеңістеріңіз болмаса, бүгін жарқын болашаққа батыл қадам жасаған тәуелсіз Қазақстан да болмас еді, сондықтан біздер сол жеңісті жақындатқан барша ардагер ағаларымыз бен аналарымыз алдында бүгінгі ұрпақ атынан басымызды иіп, осы айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз. Біз есімдері тарихтың бетінен мәңгі өшпейтін аға буын алдында өлшеусіз қарыздармыз.Отты жылдары Қазақстанна миллионнан астам жерлесіміз майданға аттанып, жартысынан көбі үйлеріне оралмады. Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында біз Отан соғысының оқ бораған даласында қаза тапқандардың рухтарына бас иіп, тағзым етеміз. Сіздердің ерліктеріңіз– біздің жүрегімізде мәңгі сақталады, фашизмді жеңген батырлардың өшпес даңқы мәңгі шуақ шашатын болады.
Мерекелеріңізбен, ... Әрі қарай оқу»
Санаты: Әлем | Қараулар саны: 289 | Уақыты: 08.05.2011 | Рейтингі: 0.0/0 | Түсініктер (4)

Сүйiспеншiлiк түрлi-түрлi болады десек, соның iшiнде ең қасиеттi де қымбатты сүйiспеншiлiк - ол ұлтын сүю деп бiлемiз. Өйткенi басқадай сүйiспен­шiлiктер барлық жануарларда да бола бередi емес пе. Ұлтын сүю бар да, сол сүйiспеншiлiкпен ұлты үшiн қызмет етiп, елiн сүйiндiру тағы бар. Мұның алдыңғысы әрбiр адамда бар десек, соңғысы екiнiң бiрiнiң қолынан келе бермейдi. Бiрақ Хасан Қалибекұлы Оралтай екiнiң бiрi емес. Ол өзiнiң жаратылысы бөлек, сезiмi терең, тал­ғамы жоғары, ұстанымы мықты, мақсаты айқын азамат екенiн өмiр тәжiрибесi ар­қылы дәлелдеп кеттi. Оның бүкiл ғұмыры шынымен де "Елiм-айлап өткен өмiр" болды деуге тұрады. Хасан Қалибекұлы Қытайдағы қазақтардың жоғары жiк отбасында дүниеге келдi. Оның балалық шағын бақытты өттi деуге келер. Оның ес бiлгеннен естiгенi мен көргенi (әкесi Қалибек Райымбекұлы және оның үзеңгiлес жолдастарынан) қазақ халқының тағдыры мәселесi және ұлттық теңдiк пен азаттық үшiн күрес болды (ХХ ғасырдың 40-жылдары Шығыс-Түркiстанда ұлт азаттық қозғалыстары қайнап жатты, әкесi Қалибек сол қозғалыстың жетекшiлерiнi... Әрі қарай оқу»
Санаты: Әлем | Қараулар саны: 402 | Уақыты: 24.04.2011 | Рейтингі: 5.0/2 | Түсініктер (11)

Қазақ көшiндегi шешiмiн таппаған күрделi мәселенiң бiрi - Қытай қазақтары мәселесi. Қытай қазақтарының алғашқы легi елеулi кедергiлерге қарамастан, кәсiпкерлiкпен, оқумен, туыстар немесе дос-жарандарына қонаққа келу жолымен елге оралған болатын. 1998 жылдан бастап ол жақтан қоныс аударған белсендi зиялы азаматтардың жан-жақты iзденiсiнiң нәтижесiнде, халықаралық пактiлер мен Қытайдың қолданыстағы заңдары негiзiнде, ағайындарымыз осындағы тiке туыстарының көшi-қон шақыртуымен көшiп келе бастады. Осындай орайлы сәттi пайдаланып, қысқа ғана уақытта ол жақтан мыңдаған отбасы елге қоныс аударуға мүмкiндiк алды. Тiке туыстары дегенде ол кезде тек баласы ата-анасын немесе ата-анасы ұл-қыздарын көшi-қон жолымен шақыртуға ғана рұқсат етiлген едi. Ал бiрге туған ағайындылар бөлек отбасы құраса, бiрiн-бiрi көшi-қон жолымен шақыртуға тыйым салынған болатын. Ондай отбасылардың бiразы кәсiпкерлiкпен, оқумен, туыстар немесе дос-жарандарына қонаққа келу жолымен келiп орнығып қала алды. Мұндағы ең үлкен қиыншылық - ешқандай заң тыйым салмаса да, Қытайдың жергiлiктi құзiретт... Әрі қарай оқу»
Санаты: Әлем | Қараулар саны: 366 | Уақыты: 17.04.2011 | Рейтингі: 5.0/3 | Түсініктер (3)

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің аясында Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайы алдымыздағы мамыр айының 25-27 күндері Астана қаласында өтетін болып бекітіліпті. 35 елде тұратын қазақ диаспорасының 360 өкілімен қатар Қазақстаннан 300 кісі қатыспақ. Олардың қатарында Қазақстан Президенті әкімшілігінің, Қазақстан Үкіметінің, Парламент депутаттары, түрлі министрліктердің, барлық облыстар мен  2 қаланың зиялы қауымы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар. Қазақстанның әр облыстарынан 5 адамнан қатысады деп жоспарланып отыр. Осы үлкен шараға дайындық ретінде алдын ала үлкенді кіші шаралар өтіп жатыр, солардың қатарында Ресей, Моңғолия, Қытай, Еуропа, Түркия қазақтарының да құрылтайға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылтай барысындағы  әлемге тарыдай шашыраған қазақтар өздерінің ең өзекті деген мәселелерін қарастырады. Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайына тек сәттілік тілейміз
 
 
Сайт админі
Санаты: Әлем | Қараулар саны: 499 | Уақыты: 11.04.2011 | Рейтингі: 5.0/3 | Түсініктер (2)

Бүгінде «қытайша социализм» жолымен келе жатқанына қарамастан Қытай билігі Кеңес Одағының інісі екенін әлі де ұмыта қойған жоқ. Күні бүгінге дейін Кеңес Одағының саясатын қателіктерді қайталамау шарты астында жетілдірген түрде көшіріп қолданып отыр. Олай дейтініміз, бұрынан бері «аз санды ұлттардың» «тепе-теңдігін» жан таласа «қорғап келген» Қытай жақынғы жылдардан бері «сара жолынан» жалт бұрылып, шын кейпіне көше бастады. Яғни аз ұлттарды қытайластыру пиғылын жайып салды.
Қалтаға қарап бас ию... Осы ғасырдың басынан бермен Қытайдың бұқаралық ақпарат құралдарынан «аз санды ұлттар» дегеннен гөрі «Жұңхуа (қытайдың көне аты осылай болған) ұлттары» дейтін тіркес жиі қолданыла бастады. Әр бір ауыз сөз-сөйлемді қатаң сүзгіден өткізетін цензура астанадағы БАҚ-да бұндай тіркестердің қолданыла бастауы жайдан-жай емес-ті. Саясаттың ызғарлы желі есіп тұратын осы бір ауыз сөздің астарында үлкен мән жатқан еді… Осыдан кейін сен енді өз ұлты... Әрі қарай оқу»
Санаты: Әлем | Қараулар саны: 447 | Уақыты: 30.03.2011 | Рейтингі: 5.0/2 | Түсініктер (3)

1 2 »
Кіру түрі
Е-майл:
Кілтсөз:
Фотосуреттер

Іздеу
Күнтізбе
«  Ақпан 2012  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829
Мұрағат
Сілтемелер
  • Қазақша Уикипедия
  • Мәдени мұра
  • Тіл порталы  
  • Ертіс дидары
  • Мен қазақпын сайты
  • Қазақтар сайты
  • Мәскеу қазақтары
  • Мәссаған порталы
  • Абай порталы
  • Электронды кітапхана

     
  • Кездесейік  * Сөйлесейік * Бірігейік  ***   Copyright Kayranelim © 2009-2011
    Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
    Форумдағы, чаттағы жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып есептелмейді
     
     Whois.1in.kz - рейтинг лучших сайтов Казнета Рейтинг ресурсов KAZ.KZ Resurs.kz: сайты Казахстана и раскрутка сайта Создать сайт бесплатно Каталог Казахстанских ресурсов TABU Сайты Казахстана, казахстанские сайты, казахские сайты, сайты в Казахстане HotLog