|
|
Сөйлесейік |
|
 
|
| Санақ |
Қазір онлайн: 2 Қонақтар: 2 Қолданушылар: 0 |
|
Бас бет » Қоғам
 Бүгінгі таңда әлемнің тоғыз мемлекетінен қандастарымыз атамекенге оралып, ата-бабамыздың қанымен келген қазақ даласында қам-қайғысыз өмір сүріп жатыр. Ал қазақ елінің солтүстік өңіріндегі Кереку (Павлодар) жерінде шет мемлекеттен келген қазақ бауырларымыз көптеп шоғырланған. Атап айтсақ, 6900-дей отбасында 31500 мыңдай адам тұрып жатыр. Олардың арасында ұстаздық жолды ұстанып, көп жылдар бойы білім беру саласында қызмет атқарып, жас ұрпақтың білім нәрімен сусындауына өз үлестерін қосып жүргендері де жетерлік. Осы орайда өңіріміздің білім саласында нендей өзгерістер орын алып, өрлеу жолында қандай игі істердің атқарылып жатқанын білу мақсатында Павлодар облыстық білім беру басқармасының бастығы Бексейітова Бақыт Мақанқызымен әңгімелескен едік. Осы сұхбатымызды оқырман назарына ұсынамыз.
- Басшылық қызметте қанша жыл жұмыс істеп келесіз?
- Мамандығым – математика пәнінің мұғалімі, 30 жылдан астам уақыттан бері білім беру жүйесінде қызмет атқарып келемін. Еңбек жолымды математика пәнінің ... Әрі қарай оқу»
|
 Екібастұздың Бәйет ауылында Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында оралман ағайындардың атамекенге оралуына 20 жыл толуына арналғана мерекелік той өтеді..» деген хабар жетісімен-ақ, асығыс жолға жиналдық. Жол үстінде келе жатып марқұм Мейрам Балтабай ағамыз еске түсті.
-Нағыз қазақ дегеніңізді мен Моңғолияға барып, ағайындарды елге көшіріп әкелген кезде көрдім,- деген еді. - 1992 жылы Екібастұз қаласының коммуналдық-шаруашылық саласы қызметінде жүрген кезім еді. Бір күні "сізді Даниал Ахметов шақыртып жатыр” деген соң қала әкімдігіне келдім. Ол кезде ол кісі біздің қаланың әкімі. " Қыстың суығына қарамай Моңғолияға барып оралман отбасыларын елге алып келсеңіздер. Еліміздің бүгінгі міндеті шеттегі қазақты жеткізу болып отыр. Ол жақтағы қазақпен сөйлесе алады деп өздеріңіздей жігіттерге сеніп отырмын” деп шұғыл тапсырма берді. Сонымен не керек, қасымда дәрігер Әбиқас Құсайынов, тағы бір-екі жігіт бар 57 мәшине, 20 автобуспен жолға шығып кеттік. Күн дегеніңіз аяз. Еліміз өз тәуелсіздігін алып, ел болдық деп қуанып жүрген кезіміз. Шетте жүрген қазағымызды көшіріп алып келудің өзін үлк ... Әрі қарай оқу»
|
 Үлкен бір мерейтойлар мен белгілі бір оқиғаларға байланысты шаралар алдында соның жетістіктер бар ма, бар болған жағдайда қандай екен деген сұрақтар туып жатады және оларға әр адам өзінше жауап беріп жатады. Қазақстан Республикасы, барлық қазақтардың Отанының тәуелсіздігіне биыл 20 жыл толады. Өткен жылдарда қандай өзгерістер болып, қандай жетістіктеріміз бар? Осы сұраққа жауап алу үшін салыстырғанымыз дұрыс болар, себебі бүгінгі күні жай сөйлей беретін саясатсымақтарымыз көп, олар тек адастырумен айналысуда. Ал кез келген тілдің тағдыры сол тілде сөйлейтін адамдардың санына турадай байланысты екенін барлығымыз білеміз.1991 жылы Қазақстандағы қазақтардың саны өз елінде 35-40 пайыздан аспады, ал кейбір солтүстік (Шығыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, қарағанды облысы) облыстарда 10-15 пайызға жетер жетпес болды. Әрине осындай жағдайда қазақ тілі кең қолданыста болмайтыны айдан анық. Ал бүгінгі күні елімізде қазақтардың саны 60 пайыздан асты, соның ішінде солтүстік облыстарда кем дегенде 30 пайыз шеңберінен асты. ... Әрі қарай оқу»
|
 Құрметті достар, кез келген ел, кез келген ұлт өзінің бас қаласын мақтан етеді, ұлықтайды. Біздер де Қазақ халқының тәуелсіз ел ретіндегі бас қаласы Астанамызбен мақтанайық, туған күнімен бір-бірімізді құттықтайық. Сыншылар әрдайым табылар, жамандаушыларымыз мен көре алмаушыларымызда арамызда бар... бірақ бүгін біз барлықтарыңызды сайт атынан Астана күнімен сонымен қатар Елбасымыз Н.Назарбаевтың туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз!Жалпы, Астана күнін мемлекеттік мереке деп жариялаудың тарихи, танымдық, тәрбиелік тұрғыдан мәні айрықша зор. Бұлай дейтін себебіміз, елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру - бұл қазақтың өз билігі өзінің қолына тигеннен кейін ұлттың болмыс-бітімін сақтап, мемлекеттің келешегін кемелдету мақсатында «он ойланып, тоғыз толғанып» барып қабылданған тарихи шешім болды. Мыңжылдықтар тоғысындағы мұндай батыл шешім қазір қай қырынан алып қарасақ та дұрыс болғанын уақыт дәлелдеді. Танымдық тұрғысын сөз ететін болсақ, елордамызды Алатаудың бөктерінен Арқа төсіне көшіру арқылы біз тәуелсіздігімізді нығайттық, өлгенімізді тірілтіп, өшкенімізді ... Әрі қарай оқу»
|
Құрметті Болат Заутұлы! Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сiздiң Моңғолияда өмір сүріп жатқан қазақ диаспорасымен жан-жақты байланыс орнатуыңыз, мәдени мәселелері бойынша жан-жақты жәрдемдесуіңіз, сонымен қатар, тарихи отанына көшкісі келетін қандастарымызға әлеуметтік қамқорлық жасау шараларын ұйымдастыруыңыз, жеке басыңыздың бiлiктiлiгiңiз, iскерлiк қабiлет-пайымыңыз, ұлтжандылығыңыз, өз ұлтыңызды ардақтай бiлген азаматтық парасат-пайымыңыз, туған елiмiздiң жарқын болашағы үшiн Дүниежүзі өқазақтары қауымдастығының Павлодар облыстық филиалын басқарған кезден бастап - барша жұртшылықты тек тәнтi етiп, үлгi аларлықтай. Тарыдай шашылған ұлтымызды біріктіру, өмір сүріп жатқан жері қаншалықты кең және жақсы болса да, қазақтың Қазақстаннан басқа Отаны жоқ екендігін ұлтжанды жүрегіңізбен сезіп, Қазақстан мен Моңғолия арасында дамыл таппай талай қандастарымызды елімізге келуге септігіңізді тигізудесіз. Бұл ұлы іске, бұл болашақ үшін жасалып жатқан қадамыңызға әлі баға беріледі. Сiздiң шаңырағыңызға құт-береке, б... Әрі қарай оқу»
|
Қымбатты отандастар! Халқымыз ұлы күнге балаған, жыл басы санаған жасампаз Наурыз – бірлік пен береке мейрамы.Баршаңызды осы ұлағатты мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Дастарқанға ақ толатын, елімізге бақ қонатын бүгінгі арайлы шақты халқымыз Ұлыстың ұлы күні деп ұлықтаған.Күн мен түнді теңеген, іргемізді ізгілікке бөлеген Наурыз бүкіл адамзатқа шаттық сыйлайды.Жыл басы Наурызбен бірге ызғарлы қыстың орнын шуақты көктем басып, тіршілік қайта түлейді.Бұл күні адамдар бұлақ көзін ашып, тал еккен, жоқ-жітікке жәрдемдескен.Алыс кеткен ағайын қауышқан, араз жандар татуласып, қайта табысқан.Баршаңыз білесіздер, бабадан жеткен жыл қайыру дәстүрі бойынша, биыл қоян жылы кіреді.Қоянды халқымыз қамба толатын молшылықтың нышаны деп санайды.Қазақ елінің ғасырлар бойы аңсары болған қастерлі Тәуелсіздікке биыл 20 жыл толады.Сондықтан бүгінгі шара Тәуелсіздік сарайы алдында, алтын самұрығы аспандаған «Қазақ елі» алаңында өтуде.
|
Сайтымыздың құрметті мүшелері мен қадірменді қонақтары! Интернет кезіп жүріп, сайтымызға кірген қазақ баласы! Баршаңызды жаңару мен жаңғырудың, ырыс пен берекенің бастауы, ұлыстың ұлы күні НАУРЫЗ мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Халқымыз бағзы замандардан бері осы бір жарқын мерекесін сағына күтіп, оған өзінің асқақ армандары мен үкілі үміттерін ұштастырып отырған. Күн мен түннің теңеліп, жер-дүниенің жасанып, жаңғырар тұсында ағайын өзара өкпе-назын ұмытысып, қайта қауышқан; өткенге салауат, барға береке айтып, келер күннен тек жақсылық күткен.
Қазақтың жыл санауы бойынша келіп жеткен Қоян жылы ұлтымыз үшін, Қазақ Елі үшін ерекше жыл – Қазақстан Республикасы Ұлы Отанымыздың Тәуелсіздік алғанына 20 жыл. Еліміз тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай жасап жатқан қыруар еңбектеріңіз тың серпін, қомақты табыспен айшықталсын. Ләйім еліміздің алға басқан қадамы қашан да құтты болып, әр бір отбасында... Әрі қарай оқу»
|
Ресей орталық банкінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында осы елде жүрген өзбек мигранттары өз отандарына 993 миллион АҚШ доллары көлеміндегі қаражатты аударыпты. Шамамен бір өзбек мигранты үш айда еліне 633 доллар ақшаны аударатын көрінеді. Жылына, орташа есеппен, Ресейде жұмыс істеп жүрген өзбек ағайындар үйлеріне 3 миллиард доллардан астам қаражатты аударатын болып отыр. Бұл тек ресми деректер бойынша!
Ресейден шетелге ақша аудару бойынша бірінші орында алпауыт Қытайдың мигранттары тұрған көрінеді. Қытайлық гастарбайтерлер елдеріне үш айдың ішінде 1,089 миллиард доллар аударыпты (шамамен бір жұмыскер еліне бірден 10 мың доллардай қаражат аударады).
ТМД елдерінің ішінде Ресейден ақша аудару бойынша екінші орында тәжік ағайындар орналасқан. 2010 жылдың үшінші тоқсанында тәжік мигранттары отандарына 756 миллион доллар (бір адамға шаққанда 404 доллар) қаражатты аударыпған екен. Олард... Әрі қарай оқу»
|
 Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевт өзінің көреген саясатымен , жүргізіп отырған барлық игілікті істерімен, қоғам өміріндегі түбірлі өзгерістермен Қазақ елін әлемге танытқан көшбасшы, сындарлы саясаткер, тарихи ірі тұлға екені баршаға аян. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақ елін 2 ел ғана (Ресей,Қытай) білетін еді. Бүгін Қазақ елі, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында іргелі ел болып, күллі әлемге танылды. Оның бір ғана айқын дәлелі кешегі саммит, бүгінгі Астана,Алматыда өтіп жатқан ҮІІ қысқы Азия ойындары бола алады.
Президенттің жақындағы «Болашақтың іргесін бірге қалайық» атты жолдауда әлеуметтік жаңғырту, білім, ғылым саласына, техникалық мүмкіндіктерімізді пайдалану, халықтың өмірін ұзарту, тұрмыс деңгейін жақсартуға аса мән беріліп отырғандықтан осы жолғы жолдау тек бір жылғы емес келесі он жылға бағытталған нақты мақсат міндеттер көрсетілген жолдау болды деп есептеймін. Енді жолдауды жаппай ел болып түсініп, жаңа деңгейге көтеру, насихаттау керек. Сонда жолдау халықымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартуға өз үлесін қосатыны сөзсіз.
... Әрі қарай оқу»
|
 Бірқатар посткеңестік елдер Тәуелсіздіктің 20 жылдығын әрі үлкен тарихи оқиға, әрі ұлттық мереке ретінде атап өту үшін арнайы дайындық шараларын бір жыл бұрын бастап кеткен. Мәселен, Латвияда бір-бірінен ажырамас екі бірдей ұлттық мерекенің орны бөлек: бірі - 1918 жылдың 18 қарашасы, Латвия мемлекетінің «туған күні», яғни алғаш рет тәуелсіздігін жариялаған күн, екіншісі - 1991 жылы қабылданған Тәуелсіздікті қайта қалпына келтіру күні. Шынтуайтында, олар өз тәуелсіздігінің тарихын да арыдан бастайды. Ал Украинада Тәуелсіздіктің 20 жылдығын кең көлемде атап өтуге дайындық өткен жылы-ақ басталған екен. Тиесілі жарлыққа президент Виктор Ющенко қол қойған. Соған қарағанда, кейбір елдер Тәуелсіздік күнінің 20 жылдығын тек тарихи күн ретінде емес, шын мәнінде тарихи жыл ретінде ұғынып отырған сияқты. Ал Қазақстанда Тәуелсіздіктің 20 жылдығын атап өту тек желтоқсан айы тақаған кезде ғана бастала ма? Бұл жылдың тарихи мәні неде? Жалпы, айтулы тарихи дата қалай аталып өтуі керек? Ерлан АТАМБАЙ, «Астана» телеарнасы жаңалықтар қызметі қаза... Әрі қарай оқу»
|
|
|
|
|