Руханият - Қайран Елім
Бейсенбі, 23.02.2012
Қайран Елім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Павлодар облыстық филиалының  сайты
Бір ұлт
Бір тіл
Бір мүдде
Сайт мәзірі
Бөлім санаттары
Тіл [29]
Дін [7]
Әлем [19]
Аймақ [7]
Қоғам [30]
Отандас [47]
Руханият [16]
Түркі Әлемі [4]

Сөйлесейік

Пікіртерім
Қандастарымыздың Елге оралуын қалайсыз ба?
Барлық жауаптар саны: 190
Санақ

Қазір онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
free counters
Бас бет » Руханият
Сайтымызға жеткен жақсы бір хабармен арнайы бөліскіміз келіп отыр. Соңғы жылдары кейбір лауазымды адамдар елімізге келіп жатқан  оралмандар білімдері жеткіліксіз деп айтқандары көпшілікке белгілі. Олай емес екендігін талай мақалалар растады - 1991 жылдан бастап елімізге оралған азаматтардың ішінде талай ғылымдардың докторлары мен кандидаттары бар... Бүгінгі күні олар Қазақ Елі үшін еңбектерін аямай істеп жатыр. Сонымен қатар, елімізге келіп, еңбек етіп жүріп, ғылыми дәрежелерін көтеріп жүрген отандастарымыз да аз емес. Солардың бірі - Еркін Жанайхан, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, 1968 жылы Моңғолияның Баян-Өлгей аймағының Өлгей қаласында дүниеге келген. 1984 жылы Болгар мемлекетінің София астанасындағы Музыка академиясына қабылданып, 1993 жылы «Опера әнші» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген. 1990 жылы Германияның Мюнхен қаласында өткен «Опера әншілер» байқауының гран-при иегері. Ж.Еркін оқу бітірген соң Францияға жолдама берілгеніне қарамастан бабаларының кіндік қаны тамған қасиетті атамекенге қоныс аударып, қаймағы бұзыл... Әрі қарай оқу»
Санаты: Руханият | Қараулар саны: 97 | Уақыты: 24.12.2011 | Рейтингі: 5.0/3 | Түсініктер (2)

Интернеттегі қазақ тілінің жағдай өте нашар екені баршамызға мәлім. Мемлекетте біліп отыр, жалпы Интернет кезіп жүрген кез келген қазақ баласы да оны біледі, алайда бүгінгі күнге дейін сол жағдайды жақсарту үшін еш іс-әрекет жасалмады. Енді міне қаны тірі, тілі үшін еңбек еткісі келетін қазақ жастары Интернеттегі қазақ тіліндегі материалдардың санын көбейту мақсатында Википедия – Ашық энциклопедияны толықтыруды қолға алды. Wikipedia – бүгінгі интернеттегі ең маңызды веб сайтардың бірі, себебі оыс сайттан қажетті ақпараттың бәрін тауып алуға болады. Егер басқа тілдерде миллиондап, жүз мыңдап материалдар болса, қазақ тіліндегі материалдар саны бар жоғы 4-5 мың шамасында болған еді. Википедиядағы материалдарды кез келген адам толтыра алады. Осы күнге дейін энциклопедияаны редакциялауға 1 миллион 200 мыңнан астам адам қатысқан. 2010 жылы, барлық тілдердегі тарауларды қоса есептегенде, Википедиаға 11 миллионнан астам толықтыру мен түзету енгізілген.Былтырғы жылдың аяғынан бастап қазақ тіліндегі мақалалардың саны біртіндеп өсе бастады. Қа... Әрі қарай оқу»
Санаты: Руханият | Қараулар саны: 252 | Уақыты: 19.06.2011 | Рейтингі: 5.0/4 | Түсініктер (2)

Қазақ халқының ұлттық билері ықылым замандардан бері халқымызбен бірге жасап, тарих сахынасынан түспей келеді. Бұл біздің сан ғасырлық өнеріміз бен мәдениетіміздің, әдет-ғұрпымыз бен салт-дәстүрлеріміздің баға жетпес құндылығы. Оны көзбен көріп қана қоймай, іштей жүрекпен сезіну қажет. Ұлы қазақ халқы би арқылы өзінің күнделікті тыныс-тіршілігін, қуанышы мен қайғысын, жеңісі мен жеңілісін өрнектеген. Би - ол философиялық толғаныстың жемісі.
Мың бұралған биші қыздарымыз әлемді аузына қаратып, дүйім жұртқа таңдай қаққызып тамсандырып жүр. Шара Жиенқұлова апамыздан бастап бүгінгі күні есімі әлемге әйгілі Шұғыла сынды биші әпкелеріміз солардың бір ғана мысалы. Қазақ биі нағыз әдеміліктің, сұлулықтың, инабаттылықтыі символы. Өзіміздің ұлттық киімдеріміз қандай жарасымды. Кез келген дене тұрпаты онша әдемі емес қыздардың өзін көрікті етіп жібереді.
Қазақтың би өнері туралы ұл... Әрі қарай оқу»
Санаты: Руханият | Қараулар саны: 848 | Уақыты: 31.03.2011 | Рейтингі: 5.0/2 | Түсініктер (10)

Қазақ әдебиеті мен өнері орны толмас ауыр қазаға душар болды. 22 қаң­тарда 76 жасқа толған шағында аса көрнекті қазақ ақыны, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қадыр Мырза Әлі ауыр науқастан дүние салды.
Қадыр Мырза Әлі 1935 жылы 5 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының Жымпиты кентінде туған. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген соң еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған «Балдырған» журналында бастаған. 1962-1965 жыл­дары «Жұлдыз» журналында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1968-1973 жылдары «Жазушы» баспасында поэзия бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі қызметтерін атқарған. 1993 жылдан бастап біраз уақыт «Балауса» баспасының директоры, 1985-1994 жылдар аралығында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің екі дүркін (ХІ, ХІІ шақырылымдарының) депутаты болды.
Қадыр Мырза Әлі біздің дәуіріміздегі әлемдік аренаға шыққан қазақ поэзиясының көкжиегін кеңейтіп, мазмұнын сапаландыруға, көркемдік деңг... Әрі қарай оқу»
Санаты: Руханият | Қараулар саны: 1396 | Уақыты: 25.01.2011 | Рейтингі: 5.0/1 | Түсініктер (3)

Құрметті сайт мүшелері мен қонақтары! Кез келген ұлттың ең басты мерекесі ол Тәуелсіздік мерекесі, сондықтан қазақ халқыда сол қатардан тыс емес. Біз үшін осы мереке – ең Ұлы мереке.Бұл Ұлы күн, себебі оның бастауы мыңжылдық қойнауында. Қазақ қазақ болып жаратылып, Қазақ мемлекетінің туын көтерген күннен бастап Қазақтың тәуелсіздігі басталды... Қазақ хандығы құрылып жатқан кездегі аласапыранда, кескілескен шайқастарда аты бізге беймәлім қазақ жауынгерлері, жоңғар шапқыншылығы кезінде ат үстіне қонып, Қазақ жері үшін қан төккен сарбаздары, орыс империясына тойтарыс береміз деп қолынан қылышын жібермей оқтан ұшқан қазақ жігіттері, 19-20 ғасырларда жүздеген рет орыс патшалығы басқыншылығына қарсы шығып, коммунисттік зұлмат билікке жараланған барыстай күші келмейтінін біле тұра қарсы шыққан бабаларымыз тұр. Бұл Күннің артында 1986 жылы шыдамы шектен шығып, қанға тұншығатынын біле тұра, Алматы көшелеріне лап беріп шыққан қазақ жастарының ерлігі тұр. Сондықтан барлықтарымыз үшін осы Күн ең Ұлы күн! Ең маңызды мерекеміз.... Әрі қарай оқу»
Санаты: Руханият | Қараулар саны: 397 | Уақыты: 13.12.2010 | Рейтингі: 5.0/2 | Түсініктер (6)

Ұлт – адамның өмiр сүруiнiң формасы. Кез-келген адам шата, будан, немесе мәңгүрт болмаса, мiндеттi түрде бiр ұлттың өкiлi болады. Екi анадан туатын адам болмайтыны секілді, адамда екi Отан да болмайды. Біз қазақ ұлтының негiзiнде қалыптасқан Қазақстан Республикасының азаматтары­мыз. Осы мемлекеттiң қуаты – сiз бен бiз. Қазақтың көсегесi көгерiп, көңілі жайланбай, жаны тыныш, малы түгел болмай – мемлекет көркеймек емес.
 
Басқыншы жұрттың тілінде сөйлеу мақтаныш емес

Ұлттық сана мен намысты оятудың бiрден бiр кепiлi – тарихи сананың қалыптасуы. Тарихи сана – өткеннен сабақ алып, ұлттың ұлы тұлғаларын та­нып, бүгінгі өмірді дұрыс бағалаудан ту­ындайды. Әсіресе, тарихи тұлғаларға баға бергенiмiзде – олардың қажыры мен білімін, парасаты мен даналығын таразылай білген көрегендiгiн сараптаймыз. Қарабайыр тiлмен айтқанда, тарих – өткеннiң үлгiсiн келешек­ке сабақ етпекке керек ғылым. Мақтан үшiн емес, білмек-сезбек һәм ғибраттанбақ үшiн. Еуразияның апайтөс даласында атой салып, ... Әрі қарай оқу»
Санаты: Руханият | Қараулар саны: 379 | Уақыты: 07.12.2010 | Рейтингі: 5.0/3 | Түсініктер (6)

2010 жылдың 1-7 қараша аралығында Астана қаласында Тоғызқұмалақтан Тұңғыш Әлем Чемпионаты өткізіледі. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Спорт комитеті, Қазақстан Республикасының Тоғызқұмалақ Қауымдастығы және Астана қаласының туризм, спорт және дене тәрбиесі басқармасының ұйымдастыруымен, Халықаралық Тоғызқұмалақ Қауымдастығының қолдауымен өткізілгелі тұр. Мақсаты – түркі халықтарының зияткерлік ойыны тоғызқұмалақты әлемдік деңгейде насихаттау, ең үздік спортшыларды анықтау, бұқаралық сипатын арттыру болып табылады.
Алғашқы әлем чемпионатына Англия, Әзірбайжан, Германия, Испания, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Латвия, Монғолия, Түркия, Түркменстан, Ресей, Чехия, Швейцария, Украина сияқты елдерден барлығы 50-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Әр елдің құрамасы 3 ер және 3 әйел. Чемпионат ерлер және әйелдер арасында жеке-жеке өткізіледі. Қазақстан Республикасынан команда құрамында мына спортшылар өнер көрсетеді: ерлер арасында хдсш Ғ.Темірбаев (Оңтүстік Қазақстан облысы), хдсш А.Сей... Әрі қарай оқу»
Санаты: Руханият | Қараулар саны: 943 | Уақыты: 14.09.2010 | Рейтингі: 5.0/3 | Түсініктер (4)

2010 жылдың 3-5 тамызында Павлодар облысы әкімдігінің  қолдауымен Баянауылдың Жасыбай көлінің жағасында Қазақ КВН-нің «Жасыбай толқыны» атты жазғы фестивалі өткізілді. Осы жаз мезгілінде республикалық КВН ойындарын табиғаты әсем, тарихы терең, қасиетті Баянауыл баурайында орналасқан Жасыбай көлінің жағасында өткізуді дәстүрге айналдырып, 3 жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді.Шараның басты мақсаты – қазақ жастарының басын біріктіріп, олардың шығармашылығын шыңдап қана қоймай, әзіл өнерін насихаттаудың арқасында мемлекеттік тілдің одан әрі нығая түсуіне ықпал ету сондықтан шара мақсатына жетті деп баға беруге болады..Республиканың түпкір-түпкірінен келген Жоғарғы лигадағы үздік КВН командалары қасиетті де, киелі Жасыбайдың жағасында өңірдің жергілікті тұрғындары мен қонақтарына қазақ тілінде әдемі әзіл мен көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Бұл шараға Астана, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды және Павлодардан келген командалар қатысты, жалпы саны 8 команда шықты сахнаға.
Баршамызға мәлімдей, жалпы КВН қозғалысының маңызды... Әрі қарай оқу»
Санаты: Руханият | Қараулар саны: 366 | Уақыты: 05.08.2010 | Рейтингі: 5.0/3 | Түсініктер (7)

Көктем келіп, тіршілік жаңа бір түрге еніп, табиғат бусанған шақта қыстың қыспағынан шығып, аузы аққа тиген халық осы бір кезеңді ерекше той думанға айналдыратын. Жер көктеп жайлауға шыққан жұртшылық бие байлап, қымыз ашытып, бүкіл ауыл болып тойлайды. Бие сауылып, саба қымызға толған сәтте алғашқы сусыннан барша жұртшылық ауыз тиіп, бұл жиын қымызмұрындық мерекесіне ұласатын. Қымызмұрындық – наурыз, сабантой секілді қазақтың көне мерекелерінің бірі. Алайда кешегі кеңес үкіметі тұсында қымызмұрындық мерекесі түгілі, қазақ өзінің төл сусыны қымызды ұмыта бастаған жоқ па?! Оған тарих беттері куә бола алмақ. Міне, осы өшкенімізді жандырып, ұмыт болған дәстүрімізді қайта жаңғырту мақсатында сенбі күні қаламыздағы орталық бақта «Қымызмұрындық» мерекесі салтанатты түрде тойланды. Тіл үйірер балдай қымызға сусаған, ата-бабамыздың салт-дәстүріне немқұрайлы қарамайтын қала тұрғындары орталық баққа көптеп жиналды.
Аталмыш мерекені халықпен бірге қарсы алып, тіл үйірер қымыздың дәмін тату мақсатында облыс әкімінің орынбасары Әлия Ғалымова да келді. Әлия Қайратқызы: - мерекені жанданыра отырып, тойлау ауқымын кеңейтуіміз қажет ... Әрі қарай оқу»

Санаты: Руханият | Қараулар саны: 705 | Уақыты: 14.06.2010 | Рейтингі: 3.8/4 | Түсініктер (7)

ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін – мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жа­сына суарылған тарихы­мыз­дың шерлі беттерінің бірі бо­лып саналады. Әкімшілік-жа­за­лаушы жүйе еңбектеген сә­би­ді де, еңкейген кәріні де, бол­мысы нәзік әйелді де аяған жоқ. Біздің ендігі жердегі бо­рышымыз – осы қанқұйлы жыл­дардың оқиғасын, оның жа­зықсыз құрбаны болған аза­мат­тардың есімдерін ұмыт­пау, оларды мәңгі есте сақтау. (2007 жылы 31 мамырда "АЛЖИР” мемориалдық мұражай-кешенінің ашылуындағы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың сөйлеген сөзінен)
Әр адамның осы дүниеге келуі мен кетуі бір Жаратқанның қолында .... Әр адамның, әр ұлттың осы әлемде өз орны бар... бірақ 20 ғасыр қазақ халқына орны толмас ауыр нәубет әкелді. 100 мыңнан астам зиялы қауым өкілі жаппай қуғын-сүргінге ұшырады. Ол аздай жиырмасыншы жылдың соңы мен отызыншы жылдардың басында миллиондаған қандасымыз жасанды аштықтан көз жұмды. Тағдырдың ... Әрі қарай оқу»
Санаты: Руханият | Қараулар саны: 424 | Уақыты: 31.05.2010 | Рейтингі: 5.0/2 | Түсініктер (5)

1 2 »
Кіру түрі
Е-майл:
Кілтсөз:
Фотосуреттер

Іздеу
Күнтізбе
«  Ақпан 2012  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829
Мұрағат
Сілтемелер
  • Қазақша Уикипедия
  • Мәдени мұра
  • Тіл порталы  
  • Ертіс дидары
  • Мен қазақпын сайты
  • Қазақтар сайты
  • Мәскеу қазақтары
  • Мәссаған порталы
  • Абай порталы
  • Электронды кітапхана

     
  • Кездесейік  * Сөйлесейік * Бірігейік  ***   Copyright Kayranelim © 2009-2011
    Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
    Форумдағы, чаттағы жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып есептелмейді
     
     Whois.1in.kz - рейтинг лучших сайтов Казнета Рейтинг ресурсов KAZ.KZ Resurs.kz: сайты Казахстана и раскрутка сайта Создать сайт бесплатно Каталог Казахстанских ресурсов TABU Сайты Казахстана, казахстанские сайты, казахские сайты, сайты в Казахстане HotLog