|
|
Сөйлесейік |
|
 
|
| Санақ |
Қазір онлайн: 2 Қонақтар: 2 Қолданушылар: 0 |
|
Бас бет » Тіл
 Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті Павлодар облысының әкімдігімен бірлесіп 2011 жылғы 4 қазан күні Қазақстан халқы тілдерінің ХІІІ республикалық фестивалі аясында Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері арасында дәстүрлі «Абай оқулары» республикалық байқауын өткізді. Шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген өзге ұлт өкілдерінің ықыласын арттыру, қазақстандық рухани бірлікті қуаттау, отансүйгіштік сезімді арттыру болып табылады. Байқауға еліміздің барлық облыстары және Астана мен Алматы қалаларынан облыстық, қалалық деңгейде өткізілген байқаулардың жеңімпаздары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Талапкерлердің өнерін Тұрсын Құдагелдіұлы Жұртбай – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Отырар кітапханасы ғылыми орталығының» директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, қазылар алқасының төрағасы, Жақсыбай Тұрсынұлы Сарбалаев – С. ... Әрі қарай оқу»
Санаты: Тіл |
Қараулар саны: 190 |
Уақыты: 05.10.2011
| Рейтингі: 5.0/1
| Түсініктер (1)
|
 2011 жылы шілденің 20-жұлдызында Алматыда (Байтұрсынов к-сі, 113, Сатпаев к-сі қиылысы, «Интеротель Астана» қонақ үйі, «Құрылтай» залы) «Қазақстанның Интернет Ассоциациясы» Заңды тұлғалар бірлестігі «GSM Kazakhstan» ЖШС KCell сауда белгісі, қолдауымен «Интернеттегі қазақ тілін дамыту жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар интернет қоғамын сөзді қойып, іске кірісуге, мемлекеттік тілдегі сапалы контентті дамытатын шынайы құралдар ұсынуға шақырады. Талқылау барысында: интернеттегі қазақ тіліндегі контент үлесін артыру мен дамыту тенденциялары, танымал сайттарды басқару жүйелерін қазақ тіліне аудару, бастауыш веб-мастерлерге және программистерге қазақ тілінде жәрдем құралдарын және веб-терминдердің бірегей сөздігін жасау. Дөңгелек үстелге көптеген қоғамдық бірлестіктер, танымал интернет-ресурстар, байланыс операторлары және Қазақстан Республикасының Мәдениет Министрлігі өкілдері қатысады. Дөңгелек үстел модераторы – қазақ тілін дамыту мәселесін онлайнда ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік ортада көп көтерген ҚР Парламе ... Әрі қарай оқу»
Санаты: Тіл |
Қараулар саны: 413 |
Уақыты: 23.07.2011
| Рейтингі: 5.0/1
| Түсініктер (2)
|
Кеше Алматыда Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қоры Жастардың қазақ тілін насихаттау жөніндегі үздік жобасы байқауының қорытындысын шығарды. Оған студент және оқушы жастардың екі жүзден астам өкілі қатысты. Байқауға «Еларна» телеарнасы ақпараттық қолдау көрсетті. Байқаудың мақсаты еліміздің мәдени кеңістігіне қазақ тілін енгізудің жаңа әдістерін іздеуге жас ұрпақтың қатысуын ынталандыру болып табылды. Ұйымдастырушылар байқауға келіп түскен материалдардың сапасының жоғарылығын қанағат сезімімен атап өтуде. «Қатысушылардың көпшілігі жай ғана идеялар емес, тиімділігі екшеліп, нақты есебі шығарылған және іс-қимыл бағдарламасы іс жүзінде тексерілген жобалар ұсынды» – дейді Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қорының директоры Азат Шәуеев.
Байқаудың қорытындысы бойынша бірінші орын мен ақшалай сыйлыққа Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің 1-ші курс студенті Арайлым Ноянбаева ие болды. Ол шет мемлекеттердегі, оның ішінде бұрынғы кеңестік аумақ елдеріндегі тіл құрылысының тәжірибесін жинақтай отыр... Әрі қарай оқу»
Санаты: Тіл |
Қараулар саны: 391 |
Уақыты: 25.03.2011
| Рейтингі: 4.5/2
| Түсініктер (0)
|
 Ресейдің Новосибирск аймағында тұратын қазақтар үшін ана тілінен ажырап қалмау өзекті проблема болып отыр. Сонымен бірге, олар Қазақстанның өзінде қазақ тілі заңды мәртебесіне сай толыққанды қолданысқа енуі үшін жарты ғасыр керек деп санайды. Ресей Федерациясы Новосибирск облысында тұратын қазақтар ұрпақтарының ана тілінен ажырап бара жатқанына алаңдайды. Байырғы қонысын тастағысы келмейтін қарттар жағы балаларының Қазақстанға барғанын қалайды. Оның бір себебін, Ресейде өзге ұлт өкілдерінің жұмыс бабында өсуіне жасырын кедергілер барымен түсіндіреді.Ғабдумұталап Болатов Новосибирск облысындағы Ярково селосында тұрады. Бұрын мал дәрігері, экономист болып жұмыс істеген, жоғары білімді маман кезінде ет, сүт өнімдерін өндіру ісінде атқарған жұмысы үшін Ресей Федерациясына еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері атағын да иеленіпті. Ал совхоз-колхоздар жойылған соң ол өзінің жеке кәсібін ашып, қазір сонымен айналысып жүр. – Қазақстанда жұмыс болса барар едім. Бірақ ол жақта жұмыс табу оңай емес. Дегенмен немерелеріміздің болашағы үшін сол жаққа баруымыз керек деп ойлаймын. Өйткені, мұнда, әрине, ашы ... Әрі қарай оқу»
Санаты: Тіл |
Қараулар саны: 306 |
Уақыты: 24.12.2010
| Рейтингі: 5.0/2
| Түсініктер (2)
|
 АСТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қазақстан азаматтарынан «сен мемлекеттік тілді білесің бе?» деп сұрайтын уақыт жетті. Бүгін Bnews.kz порталында өткен он-лайн конференция барысында Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед осындай пікір білдірді.Конференцияда Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының өскелең ұрпақ үшін пайдасы зор екендігін айтқан министр: «Біздің ендігі қадамымыз алдағы онжылдықты, яғни 2020 жылдарға дейінгі аралықты қамтитын бағдарлама қабылдау болды. Бұл құжат мемлекеттік тілді елдегі бала-бақшалардан бастап, ересектерге дейін меңгертуді қарастырады. Біз Конституция бойынша қазақ тілі - мемлекеттік тіл деп көрсетілген тәуелсіз Қазақстанда 20 жыл бойы өмір сүріп келген болсақ, еліміздің азаматтарынан «сен мемлекеттік тілді білесің бе?», деп сұрайтын уақыт жеткен болар», - деді.
Оның пікірінше, аталмыш бағдарлама мемлекеттің тілдің дамуы мен оның мемлекет өмірінің барлық саласында қызмет етуіне қажетті жағдайлардың барлығын жасады.
... Әрі қарай оқу»
Санаты: Тіл |
Қараулар саны: 333 |
Уақыты: 10.11.2010
| Рейтингі: 5.0/1
| Түсініктер (6)
|
 Қазақ тілінің тағдыры, болашағы кеудесіндегі жүрегі қазақ деп соққан әрбір азаматты алаңдатары айдан анық. Тарихтың аумалы-төкпелі сан алуан соқпағында «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы қаншама «тар жол тайғақ кешулерді» басынан кешіріп, қиындық көрсе де ешқашан тілінен, дінінен айырылған жоқ. Сонымен қатар қазақ тілімен ауызданбаған, анасының әлдиін естімеген, өз ана тілін білмейтін бауырларымыз да аз емес. Оны ешкім жоққа шығармайды. Себебі олар 150 жылға созылған Ресейдің орыстандыру саясатының құрбандары. Қазіргі уақытта баршаның баласын бауырына басып, бір үзім нанын басқамен бөліскен, бағынан соры басым қазақ халқы не көрмеді?!. 20 ғасырдың басында Ресейден Қазақ жеріне орыстың мужиктері көшіріле бастады. 30 жылдар мен 40 жылдардың соңына дейін бір неше миллион басқа ұлт өкілдеріне, коммунистер алдында сатқындық жасады деген айып тағылып, Қазақстанға көшірілді (Олар репрессияға ұшыраған немістер, шешендер, қалмақтар, поляктар, гректер, қарашайлар, балқарлар т.б.).
Санаты: Тіл |
Қараулар саны: 1548 |
Уақыты: 20.09.2010
| Рейтингі: 5.0/6
| Түсініктер (12)
|
 Құрметті достар, осыдан 3 ай бұрын Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Баспасөз күніне орай ұйымдастырылған "Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары" республикалық конкурсында "Үздік сайт" номинациясы бойынша I орынмен "Қайран Елім" сайтын марапаттағанын қуанышпен хабарлаған едік. Енді міне Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығы қарсаңында Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Тілдерді қолдану мен дамытудың 2009-2010 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспары шеңберінде Павлодар облысындағы бұқаралық ақпарат құралдары арасында "Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары" атты конкурс нәтижесі бойынша 17 қыркүйекте аталмыш конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. "Қазақ тілі" қоғамы облыстық филиалының, облыс әкімі баспасөз қызметі ... Әрі қарай оқу»
Санаты: Тіл |
Қараулар саны: 296 |
Уақыты: 17.09.2010
| Рейтингі: 5.0/3
| Түсініктер (5)
|
 Қазақстан халқы Ассамблеясының 15-сессиясында сөйлеген сөзінде Елбасы мемлекеттік тіл мәселесіне ерекше назар аудара келіп, ел көлемінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын барынша кеңейту жөніндегі басты ұстанымдарды айқындап берді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Елбасымыздың "Алдымен экономика – сосын саясат” деген ұстанымының өміршеңдігін еліміздің бүгінгі саяси-экономикалық жағдайы айқын дәлелдеуде. Еліміздің экономикалық әлеуеті жоғарылап, соның арқасында қоғамдық-әлеуметтік саладағы қордаланған күрделі мәселелерді біртіндеп шешу мүмкіндігіне ие болып отырмыз. Сол күрделі мәселелердің бірі де бірегейі қазақ тілінің қазіргі мүшкіл халі екені баршаға аян. Сондықтан еліміздің бүгінгі қол жеткізген экономикалық күш қуатын ұтымды пайдалана алсақ, ұлтымызды ерекше алаңдатып отырған осы мәселенің түйінін түбегейлі шешуге айқын жол ашылар еді. Жалпы, қазақ тілін "Мемлекеттік тіл” деп жариялап, сол атына заты сай болу қажет деп ұрандағалы 20 жылдың жүзі болса да нәтиже тым мардымсыз екенін көріп отырмыз ... Әрі қарай оқу»
Санаты: Тіл |
Қараулар саны: 388 |
Уақыты: 05.09.2010
| Рейтингі: 5.0/2
| Түсініктер (5)
|
 Жыл сайын бірінші қыркүйек жаңа оқу жылының басы және жаңа үміттер мен мақсаттардың бастау алуы деп айтуға болады.Бүгінгі күні кез келген адамға түсінікті - Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі болашағы мектеп пен мектепке дейінгі оқыту орындарында, сондықтан балабақшалар мен мектептерге бара жатқан балалардың ата-аналары осыны дұрыс түсініп қолдау көрсетулері қажет. Қазіргі таңда Еліміз тәуелсіздік алған күндерден бастап осы күнге дейін оқыту жүйесіндегі жағдай өзгерді мемлекеттік тілді оқыту инфрақұрылымы елеулі түрде кеңіді - қазақ тілінде оқытатын балабақшалар – 940 (2003 мектепке дейінгі мекеменің 260-ы орыс тілінде, 2-уі өзбек тілінде оқытады, 801 балалар оқу орындары – аралас), бұл 2001 жылмен салыстырғанда 68%-ға жоғары, мектептер – 3811 (жалпы білім беретін 7576 мектептің 1598-і орыс тілінде, 62-сі өзбек тілінде, 14-і ұйғыр тілінде, 2-уі тәжік тілінде оқытады, 2089-ы - аралас мектептер), 2001 жылмен салыстырғанда 163-ке өсті.
Бар жетістікті атай білейік! Жоқ дей берсек, түкте істелмеді десек, оған тек қана өзге ұлт өкілдері ... Әрі қарай оқу»
Санаты: Тіл |
Қараулар саны: 369 |
Уақыты: 01.09.2010
| Рейтингі: 5.0/2
| Түсініктер (5)
|
 Кез келген істі қолға алғанда алдын ала жақсылап дайындалу керек, ал егер ол ұзақ мерзімді бір кешенді шаралар болса, онда ел болып, халықпен ақылдасып істеген дұрыс.Мемлекеттік статусын алса да әлі де толыққанды өз тұғырына көтеріле алмай тұрған қазақ тілінің жағдайы бүгінгі күні барлықтарымызды алаңдатады. Сол себептен тілімізге байланысты кез келген іс-шараға қатысуға тырысамыз. Қазақ тіліне байланысты бір үлкен шара өткендігі туралы осы мақаламызда айтып өтетін мақсатымыз бар.
2010 жылғы 13 тамызда Павлодар қаласы Достық Үйінің мәжіліс залында ҚР Мәдениет министрлігінің жауапты хатшысы Ж. Құрманғалиеваның қатысуымен Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның жобасын талқылауға арналған мәжіліс өткізілді.
Бұл шара шілде айында ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовтің төрағалығымен өткен ҚР Мәдениет министрлігі әзірлеген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның жобасын талқылайтын кеңейтілген мәжілістің аймақтардағы жалғасы ... Әрі қарай оқу»
Санаты: Тіл |
Қараулар саны: 486 |
Уақыты: 13.08.2010
| Рейтингі: 4.7/3
| Түсініктер (4)
|
|
|
|
|