Мақалалар - Қайран Елім
Бейсенбі, 23.02.2012
Қайран Елім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Павлодар облыстық филиалының  сайты
Бір ұлт
Бір тіл
Бір мүдде
Сайт мәзірі
Бөлім санаттары
Мақалалар [33]
Тіл [1]
Рух [1]
Ұлт [1]
Қоғам [1]
Дін [0]

Сөйлесейік

Пікіртерім
Қандастарымыздың Елге оралуын қалайсыз ба?
Барлық жауаптар саны: 190
Санақ

Қазір онлайн: 2
Қонақтар: 2
Қолданушылар: 0
free counters
Бас бет » Мақалалар

Тізімдегі материалдардың саны: 37
Көрсетілген материалдар: 1-10
Better: 1 2 3 4 »


Қазақ халқының ерекше бір көңіл бөлетін ғұрыптарының бірі – өмірге жаңа келген бөпеге ат қою. Әрбір ата-ана өзінің баласына әдемі әрі мағыналы есімді қоюды қалайды. Сондықтан болар ырымшыл халқымыз перзентіне қол бастаған батырлардың, сөз бастаған шешендердің, ел бастаған билердің, жез таңдай, күміс көмей әнші-жыршылардың атын қоюға тырысады.Балаға ат қойған кезде кез келген адамға емес, тағы да сол ырым қылып көпті көрген ел ағаларына, айналасына сыйлы, аузы дуалы кісілерге баласының атын қойғызуды мәртебе санаған. «Қырықтың бірі – қыдыр» деп келіп қалған қонағына да ырымдап ат қойғызған екен. «Бұл баламның атын пәленшекең қойып еді…» деп соны тіпті айтып жүретін болған. Халқымызда азан шақырып, ат қою деген сөз бар. Баланың атын қояр кезде үш қайтара «Аллаһу акбар» деп азан шақырып, содан кейін баланың құлағына қойылған атты үш рет айтады. Бұл баланың есінде сол есім қалады, құлағына сол есім сіңеді деген ырым.
Қоғам | Қараулар саны: 2 | Қосқан: Admin | Уақыты: 20.02.2012 | Рейтингі: 0.0/0 | Түсініктер (0)

Халықтық жыл санау есебінде 12 жыл аты бар болса, олар туралы деректер VIII ғасырдағы "Күлтегін” ескерткіштері мен ХІ ғасырда өмір сүрген Махмұт Қашқаридың еңбектерінде кездеседі. Қазақша жыл санау мен жыл қайыру кестесі бойынша жылдар бірінен соң бірі былай аталады: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз. Жыл басы қазақтарда тышқаннан және Наурыз айының 22-сінен басталып, ол он екі жыл бір айналғанда мүшел жасты құрайды. Алайда, адамның алғашқы мүшелі – 13 жас. Біз енді әр жылдың қысқаша анықтамасына тоқталсақ.Тышқан жылы. Қазақтар тышқан жылын береке, ырыстың, татулық пен тыныштықтың жылы деп санайды. Тышқан жылының мыңдаған жылдық тарихына назар аударсақ, оның көп жылы аштықсыз, жаугершіліксіз, қиындықсыз, молшылықта өткен. Қанжығалы Бөгенбай батыр тышқан жылы (1684) туса, Төле би тышқан жылы (1756) қайтыс болған, алғаш Қазақ ордасы 1456 тышқан жылы құрылған.

Ұлт | Қараулар саны: 2 | Қосқан: Admin | Уақыты: 20.02.2012 | Рейтингі: 0.0/0 | Түсініктер (0)

Атам заманда қолға үйретіліп, адамзат баласының қажетіне жаратқан жылқы түлігі көшпенділердің ең қасиетті, ең қадірлі малы. Көшпенділерді жылқы малынсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан да көшпенділер мен жылқы түлігі егіз ұғымдай қосарланып айтылған. Тіпті көшпенділер қауымын «аттылар әулеті» деп те бекерден бекер айта салмаса керек. Өйткені, ұланғайыр даланың, ұлан байтақ өлкенің ұлы тұрғындарының тыныс-тіршілігі, өмір-салты, өнер-білімі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, салтанаты, бір сөзбен айтқанда бүкіл мәдениеті жылқы түлігімен тығыз байланысып жатады. Осы бір қасиетті түліктің қазақ халқы үшін орны өте-мөте ерекше.

Рух | Қараулар саны: 875 | Қосқан: Alibek | Уақыты: 28.02.2011 | Рейтингі: 5.0/2 | Түсініктер (1)

Жақында «Арыс» баспасынан белгілі емші Сейітқамза Қалиевтің қазақ емінің рецептері мен Тибет медицинасының негіздерін қамтыған «Емдік рецептер энциклопедиясы» жарық көрді. Кітапта қазақ тіліндегі алуан түрлі дәрілік шөптердің аты аталып, емдік қасиеті көрсетіледі. Сондықтан да бұл еңбек халық емшілігі үшін үлкен қазына ғана емес, қазақтың сөздік қорына көптеген құнды атауларды қосатын сөз қоржыны. Төменде аталмыш кітап авторының қазақ тіліндегі өсімдік атаулары туралы мақаласын назарларыңызға ұсынып отырмыз. Ботаник ғалымдарымыздың есептеу­лері бойынша, республикамыздың аумағында алты мыңнан астам өсімдік түрі бар делінеді. Оның 760-ы басқа ешбір жерде өспейтіні де дәлелденген.

Тіл | Қараулар саны: 1139 | Авторы: Сейітқамза ҚАЛИЕВ | Қосқан: Alibek | Уақыты: 17.10.2010 | Рейтингі: 5.0/4 | Түсініктер (0)

Ғалымжан ЕРМЕКБАЙ, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Тілдер кафедрасының меңгерушісі: Тіл: барлық жол ғылымға апарады.
- Ғалымжан Жорабекұлы, биыл тілдерді дамытудың жаңа онжылдық бағдарламасы белгіленетін жыл. Егемендік алғанымызға жиырма жылға жуықтап келеді. Әйтсе де, қазақ тілі мәселесі бастапқы орнынан көп ұзай қоймады. Сол себепті де тіл туралы айтқанда бәрін басынан бастауға тура келеді. Қайта-қайта кері қайтамыз, біз нені ұмыттық?
- Тәуелсіз еліміздегі тіл саясатында мемлекеттік органдар, ұйымдар және басқа да ынталы қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер тарапынан қолға алынып жатқан шаралар күткен нәтижені бермей отырғаны шындық. Басты себебі біреу ғана - бұл шаралар ешқашан ғылыми түрде негізделмеген, яғни дәл осы шаралар дәл осы уақытта және дәл осы ретімен керек дейтін ғылыми зерттеулер жүргізілмеген.

Мақалалар | Қараулар саны: 1164 | Авторы: Р.Алтай | Қосқан: Alibek | Уақыты: 21.06.2010 | Рейтингі: 5.0/1 | Түсініктер (2)

Будущее казахского языка сегодня волнует многих. В том числе и тех, кто не владеет государственным языком. И это, в общем-то, нормально. Казах­станцам небезразлично, какая языковая ситуация сложится в республике в ближайшей перспективе. К чему готовиться, чего ожидать? Об этом мы беседуем с директором Президентского фонда развития государственного языка Азатом ШАУЕЕВЫМ.

Мақалалар | Қараулар саны: 391 | Қосқан: Alibek | Уақыты: 18.06.2010 | Рейтингі: 0.0/0 | Түсініктер (1)

Ресейдегі қазақ тілі орысқа емес, қазаққа керек, сондықтан қандастардың «не істеу керек?» деген сауалдың жауабын іздеуі уақыт талабы. Қалай десек те, Ресей жері кең байтақ. Челябі қаласына қазақтар елдің жиырмадан аса аймағынан жиналды. Олардың бірі сегіз сағат аспанда қалықтап ұшып Саха жерінен, бірі бірер түнін жолда қонып Омбыдан, одан әрі Түменнен, Алтай өлкесінен, Томскіден, Новосібірден, елдің тағы бір шалғай Самара мен Волга бойынан, Орынбор мен Мәскеуден келіп жетті. Жылқымінез қазағым-ай, құлындай шұрқырасып, табысып жатыр. ХХІ ғасыр басынан бәрі өткен қазаққа: «асықпаған арбамен қоян аладыны» бекер-ақ айтқансың-ау» деп тұр.

Мақалалар | Қараулар саны: 678 | Қосқан: Alibek | Уақыты: 18.06.2010 | Рейтингі: 0.0/0 | Түсініктер (1)

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы үшін көші-қон мәселесінің маңызы ай­рық­ша бо­лып отыр. Өйткені, респуб­ликамыздың жер көлемі ұшан-теңіз кең, ал тұр­ғын­дарының саны онымен салыстырғанда өте аз – 15 миллионнан енді ғана асты. Сондықтан да Қа­зақстан халқының санын көбейтіп, де­мо­графиялық жағдайымызды жақсарту бірінші кезекте қолға алынуда. Қазақстан Рес­пуб­ликасының Президенті Н.Назарбаевтың елі­міздің тұрғындарының санын алдағы уақытта 20 миллионға жеткізу керек деп нақты міндет бел­гілеуінің де басты себебі, міне, осыған байланысты.

Мақалалар | Қараулар саны: 788 | Қосқан: Admin | Уақыты: 01.06.2010 | Рейтингі: 4.5/2 | Түсініктер (0)

Казахоязычный контент не завезешь за бесценок по импорту из Китая или России. Мы должны научиться производить его сами. Нельзя сказать, что в Казахстане не умеют это делать. Лет 10 с лишним назад мой сын в 5-6-ти летнем возрасте стал смотреть мультики по домашнему видео. Причем он смотрел не один раз, а четыре – пять, заучивая многие реплики наизусть. Мультики были, конечно, на русском. И вот, глядя на него, я пришел к мысли, что просмотр дублированных на казахский язык популярных фильмов и мультфильмов – стал бы самым простым способом изучения языка, особенно для шала казахов и их детей. Решив проверить эту идею на сыне, я стал искать видеокассеты с мультиками на казахском. Но не нашел.

Мақалалар | Қараулар саны: 865 | Авторы: Мурат Уали | Қосқан: Alibek | Уақыты: 28.05.2010 | Рейтингі: 0.0/0 | Түсініктер (0)

Жеті перзентті өмірге әкелген Захчин Хабданға «Алтын алқа» тапсырылғаны туралы хабар отбасын қуантып тастады. Отағасы Дархан Бадауұлы енді ай сайын мемлекет беретін 60 долларға жуық жәрдемақы өздері үшін қомақты қаржы екенін айтады. Дархан Бадауұлы мен оның зайыбы Захчин Хабдан 2008 жылы Моңғолиядан Қазақстанға қоныс аударған. Ерлі-зайыптылардың екеуінің де жасы 35-те. Шаңырақтағы жеті баланың үлкені қазір 15 жаста, ал Қазақстанға келгенде туған кенжелері бір жастан енді асты.

Мақалалар | Қараулар саны: 572 | Авторы: Есенгүл КӘПҚЫЗЫ | Қосқан: Бора | Уақыты: 20.03.2010 | Рейтингі: 0.0/0 | Түсініктер (0)

Кіру түрі
Е-майл:
Кілтсөз:
Фотосуреттер

Іздеу
Сілтемелер
  • Қазақша Уикипедия
  • Мәдени мұра
  • Тіл порталы  
  • Ертіс дидары
  • Мен қазақпын сайты
  • Қазақтар сайты
  • Мәскеу қазақтары
  • Мәссаған порталы
  • Абай порталы
  • Электронды кітапхана

     
  • Кездесейік  * Сөйлесейік * Бірігейік  ***   Copyright Kayranelim © 2009-2011
    Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
    Форумдағы, чаттағы жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып есептелмейді
     
     Whois.1in.kz - рейтинг лучших сайтов Казнета Рейтинг ресурсов KAZ.KZ Resurs.kz: сайты Казахстана и раскрутка сайта Создать сайт бесплатно Каталог Казахстанских ресурсов TABU Сайты Казахстана, казахстанские сайты, казахские сайты, сайты в Казахстане HotLog